Астанада Тең мүмкіндіктер балалар спорт фестивалі өтті
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Елордада 25–28 қазан аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар спорт фестивалі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Фестиваль аясында бүлдіршіндер бочча, «Көңілді старттар» және жеңіл атлетикадан бақ сынады. Сайыстар балалардың спорттық қабілеттерін көрсетуге, командалық жұмыс пен өзара қолдауды дамытуға мүмкіндік берді.
Фестивальге Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Сондай-ақ балаларды қолдап бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев келді. Жарыс соңында қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Фестивальдің басты мақсаты – балалардың спортқа қызығушылығын арттыру, өзіне деген сенімін нығайту және достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Сонымен қатар шара әр баланың спортпен айналысуына тең мүмкіндік жасауға және инклюзивті спортты дамытуға бағытталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 08:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















