АҚШ Иранға қарсы қысқа және қарқынды операцияға дайындалуда БАҚ
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АҚШ Парсы шығанағындағы бірнеше елге 3 қарашада өтетін Конгреске аралық сайлаудан кейін Иранға қарсы "қысқа әрі қарқынды" әскери науқанға дайын болуды ескертті. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы талқылаулармен таныс дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Tengrinews.kz.
АҚШ пен Израиль жаңа соққыларға дайындалып жатыр
Басылымның мәліметінше, ескертулер дипломатиялық және әскери арналар арқылы берілген. Бұл – АҚШ пен Израильдің Иранды әлсіретіп, келіссөздерге итермелеу үшін ауқымды соғыс қимылдарының жаңа кезеңін дайындап жатқанының бір белгісі. Нақты қай елдерге мұндай хабарламалар жіберілгені нақтыланбаған.
Ықтимал нысандардың қатарында Иранның энергетикалық инфрақұрылымы, ядролық нысандары, сондай-ақ зымырандық және ұшқышсыз басқарылатын қару-жарақтары бар. Сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп ауқымды соққыларды қайта бастау туралы түпкілікті шешім қабылдаған жоқ: мәселені дипломатиялық жолмен реттеу нұсқасы әлі де күн тәртібінде тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Иранға қарсы жаңа операцияның болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Америка көшбасшысы АҚШ-тың бұған дейінгі екі операциясын еске салды: ядролық нысандарға шабуыл жасалған "Түн ортасындағы балға" (Midnight Hammer) және Иран аумағына 28 ақпаннан бастап АҚШ пен Израиль бірлесе соққы берген "Эпикалық қаһар" (Epic Fury) операциясы. 5 мамырда әкімшілік бұл операцияның аяқталғанын хабарлаған болатын. Трамптың айтуынша, Тегеран мәмілеге келуі тиіс.
Өз кезегінде Иран Таяу Шығыс елдеріне ультиматум жолдап, Тегеран мен Вашингтон арасындағы соғыс қимылдары қайта басталған жағдайда АҚШ-ты қолдаудан бас тартуды талап етті.
Айта кетейік, АҚШ Конгресіне аралық сайлау 2026 жылдың 3 қарашасына белгіленген. Дауыс беру барысында америкалықтар Өкілдер палатасының толық құрамын (435 мүше) және Сенаттың бір бөлігін қайта сайлайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 09:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















