Ашық мұхиттағы 41 күн: балықшы үйінен мыңдаған шақырым жерде құтқарылды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Папуа - Жаңа Гвинеяның 18 жастағы тұрғыны Лука Рахан қайығының қозғалтқышы бұзылып, ашық мұхитта 41 күн бойы дрейфте болды. Оны Кирибати балықшылары тауып алып, құтқарған, деп хабарлайды Tengri Travel АВС сайтына сілтеме жасап.
Өткен айда Лука немере ағасымен бірге Бугенвиль аралының солтүстігінен қайықпен балық аулауға шыққан. Теңізде қайық қозғалтқышы істен шығады. Бортта зәкір болмағандықтан, ағыс оны жағадан алысқа алып кеткен.
27 қазанда Кирибати балықшылары Тарава және Майана аралдарының арасынан дрейфте жүрген қайықты байқап қалады. Бұл ағайындылар тұратын жерден шамамен 2000 шақырым қашықтықта орналасқан.
Анықтама: Кирибати Республикасы - Микронезия мен Полинезиядағы (Океания) аралдық мемлекет.
Балықшылардың айтуынша, қайықта тек 18 жастағы Лука ғана болған. Оның ағзасы қатты сусызданған. Кейінірек оның ағасы құтқаруға бір апта қалғанда көз жұмғаны белгілі болды.
Лука Рахан ауруханаға жеткізілді, қазір ол оңалтудан өтіп жатыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Айта кетейік, бұл - бір ай ішінде Кирибатиде Бугенвиль тұрғындарын құтқарудың екінші оқиғасы. Бұған дейін үш балықшыны теңіз ағысы алып кетіп, олар 70 күн бойы дрейфте болған. Олар журналистерге тасбақаның шикі еті мен какао жеп аман қалғандарын айтып берді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 10:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















