Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Ақмола облысында көлік өртенді

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

“Солай қабылданған“ енді жұмыс істемей ме? Неліктен зумерлер жүздеген қонақ шақырылатын тойлардан бас тартуда

“Солай қабылданған“ енді жұмыс істемей ме? Неліктен зумерлер жүздеген қонақ шақырылатын тойлардан бас тартуда

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еденге жететін ақ көйлек, лимузиндер тізбегі, 200 адамдық той, асаба және ағайын-туыстың ұзын-сонар тізімі - осыдан біраз уақыт бұрын бұл көрініс Қазақстандағы жас жұбайлар үшін міндетті сценарий сияқты көрінетін. Бүгінде кейбір жұптар басқа жолды таңдап жатыр: тек некесін қидырып, ақшаны екеуара саяхатқа немесе баспана алуға жұмсауды жөн көреді. Tengri Life психолог пен әлеуметтанушының көмегімен той дәстүрлеріне деген көзқарастың қалай өзгеріп жатқанын және қазіргі жастар неге дүркіретін той жасаудан бас тартып жатқанын анықтап көрді.

"Бір кештен гөрі пәтер алған тиімді"

Сұлтан мен Мәдина (есімдері өзгертілген) басында барлық жоралғы сақталған дәстүрлі қазақ тойын жасауды жоспарлаған. Алайда алдағы шығындарды есептей келе, үлкен той жасау идеясы онша тартымды көрінбей қалған.

"Біз мейрамхана, асаба, декор, киімдер мен фотосессияның бюджетін есептедік. Шамамен 12 миллион теңге шықты. Біз өзімізге: "Осы ақшаны көзді ашып-жұмғанша өте шығатын бір кешке жұмсағымыз келе ме, әлде пәтер ипотекасының бір бөлігін жапқан дұрыс па?" деген сұрақ қойдық. Таңдауымыз бірден белгілі болды", - дейді Мәдина.

Дегенмен, дүркіретін тойдан бас тарту шешімі тек ұйымдастыру мәселелеріне байланысты оңай болған жоқ. Туыстарының бәрі бірдей жастардың бұл таңдауын бірден қабылдай қоймаған.

"Мен Шымкенттенмін. Ол жақта той - тек екі жастың мерекесі емес, бүкіл ру үшін маңызды оқиға, салт-дәстүрге құрмет және зор ауқымдағы шара. Ата-ана үшін де оның маңызы зор: жақындардың басын қосып, қуанышпен бөлісіп, дәстүрді сақтағысы келеді. Бірақ біз өз мерекемізде тек "декорация" болғымыз келмеді", - дейді Сұлтан.

Нәтижесінде Сұлтан мен Мәдина тек "солай қалыптасқан" деген түсінік үшін той жасамауға шешім қабылдады. Олар отбасылық өмірді артық стресссіз және қаржылық жүктемесіз бастағысы келді.

Үлкен банкеттің орнына ерлі-зайыпты ақшаны Астанадағы пәтердің алғашқы жарнасына аударды. Жеке баспана олар үшін бір күндік мерекелік кештен гөрі маңыздырақ мақсат болып шықты.

"Ел не дейдіден" "біз не қалаймызға" дейін

Дәуір мен Айнұр (есімдері өзгертілген) бірнеше жүз адам қатысатын тойды ешқашан армандаған емес. Олар өміріндегі маңызды күнді ауқымды банкетсіз, қатаң сценарийсіз және шексіз қарбалассыз, әдемі атап өткісі келді.

Қиындықтар тіпті қонақтар тізімін жасау кезеңінде-ақ басталды.

"Қонақтар тізімін жасай бастағанда тек ең жақын адамдарды ғана шақыру мүмкін еместігін түсінесің. Бірден "неге мына туысты шақырдық та, анасын шақырмадық", "кім ренжіп қалады", "кім риза болмайды" деген сұрақтар туындайды. Соңында той өзгенің үмітін ақтауға тырысатын шексіз келіссөздерге айналып кетеді", - дейді жас жұбайлар.

Уақыт өте келе ерлі-зайыпты айналадағылардың талғамына сай келуі тиіс мерекеге күш жұмсағысы келмейтінін түсінген. Олар үшін бұл күнді қалай өткізуді және қуанышты кіммен бөлісуді өздері шешкені маңыздырақ болған.

"Кейбіреулер үшін армандаған той - бұл зәулім зал, музыка және жүздеген қонақ. Біз үшін - бірге бастаған өмірімізді еш алаңсыз атап өту және біреудің көңілі толмай қалады-ау деп уайымдамау. Біз некемізді қидырып, келесі күні бал айына ұшып кетуді ұйғардық. Бұл ең дұрыс шешім болды", - деп бөлісті Айнұр.

Дәуір мен Айнұр бұл таңдау отбасылық дәстүрлерден бас тарту немесе ата-ананы сыйламау дегенді білдірмейтінін баса айтады. Олардың пайымынша, жақындарға деген құрмет қонақтардың санымен және банкеттің ауқымымен өлшенбеуі керек.

Бірақ тойды отбасылық өмірдегі ең маңызды оқиға деп санайтын ата-аналарға мұндай таңдауды қалай түсіндіруге болады?

"Ата-ананы құрметтеу - барлығымен келісу деген сөз емес": психолог тойдағы қақтығыстар туралы

Психолог, КПТ-терапевт және отбасылық терапевт Раушан Әшір ауқымды тойлардан бас тарту тек қаржылық себептерге байланысты емес деп есептейді. Сонымен қатар қалыптасқан әлеуметтік ұстанымдарға деген көзқарас та өзгеріп келеді.

Бұрын көптеген жұп "шынымен де осындай салтанатты тойды қалаймыз ба?" деген сұрақ қоймастан, дәстүрлі сценариймен жүре беретін. Шешім қабылдауға "солай істеу керек" деген түсінік пен туыстар немесе айналадағылар не айтады деген қорқыныш әсер ететін.

"Когнитивті-мінез-құлық терапиясы тұрғысынан алғанда, мұнда когнитивті бұрмалауларды - жалпылау мен міндеттеуді қайта қарау туралы айтуға болады. Жалпылау "бәрі солай істейді" деген сияқты сенімдерде байқалса, міндеттеу - "біз міндетті түрде дүркіретіп той жасауымыз керек, өйткені солай қабылданған" деген ұстанымдардан көрінеді.

Раушан Әшір

Психолог

Раушан Әшір - психолог, КПТ-терапевт, отбасылық және жұптық терапевт. Мазасыздық, депрессия, эмоционалдық сарқылу және қарым-қатынастағы мәселелермен жұмыс істеуге маманданған. Мәскеу психоанализ институтын бітірген, Қазақстандық когнитивті-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының мүшесі. Жеке тұлғалармен және жұптармен жұмыс істейді, психологиялық және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда пікір білдіреді.

Бүгінде адамдар өздері үшін не маңызды екенін жиі ойланады: үлкен мереке ме, жеке баспана ма, әлде саяхат па? Психологтың пікірінше, бұл жеке қалауларды қоғамның күткенінен ажыратуға көмектеседі.

Дүркіреген тойдан қалай бас тартып, ата-анамен ренжіспеуге болады?

Раушан Әшірдің айтуынша, жұптар үшін өз қалауын ашық айтып, агрессиясыз және кінәлі сезінбестен жеке шекараларын қорғау маңызды. Сонымен қатар ата-аналар үшін үйлену тойының ерекше эмоционалды құндылығы болуы мүмкін екенін де есте сақтаған жөн.

Маман үзілді-кесілді талап қоюдың орнына, жас жұбайлардың неге басқа форматты таңдап отырғанын түсіндіруге кеңес береді.

"Біз той жасағымыз келмейді, көніңіздер" деген кесіп айтылған сөздің орнына, жұп үшін қазір неге, мысалы, баспанаға ақша жинау немесе қаражатты бірлескен саяхатқа жұмсау маңыздырақ екенін түсіндіруге болады. Бұл ретте, жастар басқаша қараса да, ата-аналар үшін тойдың ерекше эмоционалды маңызы бар екенін мойындау маңызды", - деп атап өтті маман.

Талқылау барысындағы шиеленісті азайтуға болады. Мысалы, Раушан Әшір әлеуметтік желілерде танымал болып жатқан ата-аналарға арналған презентация форматын мысалға келтіреді: жас жұбайлар жеңіл, ойын түрінде өз шешімдері туралы айтып, той бюджетін қалай жұмсауды жоспарлап отырғандарын түсіндіреді.

Мұндай тәсіл әңгімені кімдікі дұрыс деген айтыстан әр тарап үшін не маңызды екенін талқылауға көшіруге көмектеседі.

Бұл ретте маман ата-ананың сезіміне құрметпен қарау жас жұбайлар олардың барлық үміттерін орындауға міндетті дегенді білдірмейтінін баса айтады.

"Мақсат - қандай да бір жолмен мақұлдау алу емес, өз құндылықтарыңа адал бола отырып, қарым-қатынасты сақтап қалу", - деп түйіндеді Раушан Әшір.

Қазақстандықтардың тойға деген көзқарасы қалай өзгеріп жатыр?

Қазақстандағы дүркіреген той ұзақ уақыт бойы тек отбасылық мереке емес, сонымен қатар дәулет пен мәртебені көрсетудің тәсілі болды. Алайда бүгінде бұл түсініктер біртіндеп өзгеріп келеді.

Нархоз университеті жанындағы Social Dynamics Research Center директоры Айман Жүсіпова жастардың бір бөлігі үшін табыс енді оны көпшілікке паш етумен байланысты емес екенін атап өтті.

"Жастардың бір бөлігі үшін табыс міндетті түрде оны көпшілікке көрсетумен байланысты емес. Қаржылық тәуелсіздік, өмір сүру сапасы және таңдау еркіндігі маңыздырақ бола бастады".

Айман Жүсіпова

Нархоз университеті жанындағы Social Dynamics Research Center директоры

Сондықтан үлкен банкеттен бас тарту әрқашан жұптың тойға ақшасы жоқ дегенді білдірмейді. Кейде жас жұбайлар қаражатты басқа мақсаттарға - мысалы, баспана сатып алуға немесе саяхаттауға жұмсауды жөн көреді.

Сонымен қатар Қазақстанда үйлену тойы дәстүрлі түрде тек қалыңдық пен күйеу жігітті емес, екі әулетті біріктіреді. Ол туыстық байланыстарды нығайтуға, жақындардың басын қосуға және отбасылық салт-дәстүрлерді жалғастыруға көмектеседі. Сондықтан мереке форматы туралы шешім көбінесе туыстардың мүдделері мен үміттеріне әсер етеді.

Алайда, Жүсіпованың пікірінше, отбасылық құндылықтар міндетті түрде көп адам жиналған банкетті талап етпейді.

"Үлкен той - туыстардың басын қосудың бір жолы, бірақ жалғыз жолы емес. Дәстүрлерді қайта қарау олардың құндылықтарынан бас тарту дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл отбасы мен қоғам үшін шын мәнінде маңызды нәрсені уақыт өте келе ресми міндеттемеге айналған дүниелерден ажыратуға мүмкіндік береді", - деді социолог.

Жастар дәстүрден бас тартып жатыр ма?

Айман Жүсіпованың айтуынша, Қазақстанда дүркіреген тойлар танымалдылығын жоғалтып жатыр деп айтуға әлі ерте. Алайда балама форматтардың талқылануының өзі дәстүрге деген көзқарастың өзгеріп жатқанын көрсетеді.

Жастар "тек солай қабылданғандықтан ғана үйреншікті сценариймен жүру міндетті ме?" деген сұрақты жиі қоя бастады.

"Мен бұл процесті дәстүрдің әлсіреуі деп атамас едім. Керісінше, оларға деген көзқарастың өзгеруі туралы айтуға болады. Дәстүр тек міндетті нұсқау ретінде қабылданбай, саналы таңдау нысанына айналып жатыр", - деп түсіндірді Жүсіпова.

Оның пікірінше, жаңа буын дәстүрлерді мұра етіп қана қоймай, оларды өз тәжірибесі мен өмірлік түсініктеріне қарай өзгертеді. Мәдениеттің сабақтастығы тек үйреншікті формаларды сақтауда емес, сонымен бірге олардың мән-мағынасын келесі ұрпаққа жеткізе білуде.

Дүркіреген той немесе мерекеден мүлдем бас тарту - әр форматтың өз жақтастары бар. Бірақ басты өзгеріс сандар мен чектерде емес, таңдау құқығында. Қазіргі жұптар махаббат мерекесіне қарсы емес - олар өздеріне қуаныш сыйламайтын ресмиліктерге қарсы.

"Ел қатарлы жасау керек", "туыстар ақша аяды деп ойламасын", "тойдан кейін бәрін конвертпен қайтарып аламыз" - мұндай ойлар кейде бір күндік мерекені көпжылдық қаржылық мәселеге айналдырады. Бұған дейін біз Tengrinews.kz оқырмандарынан отбасы үшін "керемет той" ұйымдастырудың арты немен аяқталғанын анықтаған едік.

Тағы оқыңыз: Алдымен мансап, үйлену содан кейін: қазақстандықтар алғаш рет қанша жаста некеге тұрады?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:50
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 10:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see147

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see144

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see143

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see142

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see141

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see133

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see132

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see131

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see130

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see129

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see129

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see129

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see128

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see127

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see127

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see127

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see126

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see126

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары