Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 19 мың доллардан асады Тоқаев болжам жасады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдауында Халықаралық валюта қорының Қазақстан экономикасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Tenegirnews.kz тілшісі.
"Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларға жуықтайды. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың доллардан асады", - деді Президент.
Экономика көлемі бойынша Қазақстан әлемде 47-орынға көтеріледі.
"Бұл халқының саны бізден әлдеқайда көп бірқатар елдің көрсеткішінен жоғары деңгей деген сөз", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 14 пайыздан асқанын, ал алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 130 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді.
"Енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет. Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев бұған дейін ауқымды инфрақұрылым құрылысын елдің басты міндеттерінің бірі деп атап, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру қажет екенін айтқан болатын. Президент әлеуметтік нысандар салу үшін Ұлттық қор қаражатын пайдалануға дайын екенін де мәлімдеген еді.
Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 12:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















