Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке инфляция бойынша тапсырма берді
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін инфляцияны бірлесіп тежеуді және төмендетуді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы "Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері" атты Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент инфляцияны азаматтарымыздың әл-ауқатын күн санап төмендететін "үнсіз жауға" теңеді. Мемлекет басшысының айтуынша, бағаның өсу қарқыны біршама баяулағанымен, инфляция әлі де жоғары.
"Сондықтан, ең алдымен, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Бұл – аса маңызды міндет", - деді Тоқаев.
Тоқаев Үкіметке салмақты бюджет және салық саясатын жүргізуді, экономиканың өндірістік әлеуетін нығайтуды және бизнестің өнімділігін арттыруға жағдай жасауды тапсырды.
Сондай-ақ, Президент Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын айтты: банк активтері 75 триллион теңгеден асты, депозиттер көлемі 52 триллион теңгеге жетті. Салымдардың 78 пайызы ұлттық валютада сақталған.
"Ендігі маңызды міндет - жинақталған қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторын дамытуға пайдалану", - деді Тоқаев.
Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстандағы жылдық инфляция қыркүйекте 9,3 пайыз болды, бұл көрсеткіш қатарынан 12 ай бойы төмендеп келеді. Сонымен қатар, Ұлттық банк баға өсімінің жеделдеу қаупі сақталатынын ескертті.
Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 12:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















