Тоқаев кейбір мамандардың жалақысын 40% ға арттыруды тапсырды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев учаскелік дәрігерлердің жалақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі Жолдауда президент жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту қажеттігін жеткізді.
"Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар бүгін президент елдегі ең төменгі жалақы көлемін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 12:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















