Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды

Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ru.freepik.com

Жиында құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов, сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін, ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтижеге қол жеткізу басты мақсат болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл міндетті іске асыруға құрылыс секторы тың серпін беретіні анық. Өткен жылы салада 16% деңгейінде өсім сақталды. 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 185 мың отбасы баспана жағдайын жақсартты. Биыл да құрылыс қарқынын сақтай отырып, тұрғын үйді қолжетімді ету бағытында жұмысты жалғастыру керек», деді Олжас Бектенов.

Биыл елімізде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Үкімет азаматтар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын алуды оңайлатуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдады. Атап айтқанда, тұрғын үй саясатында негізгі рөл атқаратын «Отбасы банк» ұлттық даму институты мәртебесіне ие болды. Тізімдерді цифрлық форматқа көшіру адам факторын барынша азайтып, тұрғын үйді есепке алу мен бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттырды.

Сондай-ақ «Наурыз» және «Наурыз – жұмыскер» бағдарламалары бойынша жалпы көлемі 233 млрд теңгеге 8,5 мыңнан астам несие берілді.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың назарын тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларын орындауды, қалаларда қолайлы, жайлы ортаны қалыптастыруға көңіл бөлу және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын озық қарқынмен жүргізуді тапсырды.

Ірі қалаларда, әсіресе Астана мен Алматыда құрылыс жұмыстарының көлемі өсіп келеді. Сонымен қатар моноқалалар мен ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысын дамытуға да көңіл бөлу мәселесіне назар аударылды.

Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Бәйтерек» холдингіне әкімдіктермен бірлесіп, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруды жандандыруы тиіс.

Сондай-ақ отырыс барысында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылды.

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында құрылыс қарқыны қауіпсіздік пен сапаға кесірін тигізбеуі керек екенін атап өтті. Өткен жылы құрылыстың сапасына қатысты ресми түрде 63 мыңнан астам шағым келіп түскен. Жаңа Құрылыс кодексі осындай олқылықтардың алдын алуға бағытталып отыр. Ол ескірген нормалардан халықаралық стандарттарға, цифрлық және автоматтандырылған технологияларға көшу арқылы бүкіл саланы жүйелі түрде жаңартуды қамтамасыз етеді», деді Олжас Бектенов.

Құрылыс кодексі аясында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Тексеруші органдарға жаңа құралдар, оның ішінде цифрлық технологиялардың кең ауқымы ұсынылды. Нысандарды қабылдап алу кезінде құрылысты бақылау органдары мен төтенше жағдайлар қызметтерінің міндетті түрде қатысу тетігі енгізілді. Бұл апаттар мен өрт қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Үлестік құрылыс саласында талаптар қатаңдатылды.

Мемлекеттің тиісті рұқсаты мен кепілдігі болмаса, құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын тарта алмайды, ал банктер ипотека бермейді. Құжатта сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге баса назар аударылған. Сондай-ақ ретсіз және заңсыз құрылыстардың алдын алу, сондай-ақ мектептер мен ауруханалардың тапшылығы сияқты жағдайларды болдырмау үшін түбегейлі жоспарлау жобаларын түзетуге бақылау барынша күшейтілді.

Сонымен қатар құрылыс саласын цифрландыру ісіне ерекше көңіл бөлінді. Бірыңғай құрылыс порталы саладағы ашықтықты арттырып, әртүрлі жүйелерді «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіруге және артық бюрократия мен мерзімдерді қысқартуға мүмкіндік береді.

Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс, Жасанды интеллект министрліктеріне биылғы шілде айының соңына дейін жобаларды сараптау бойынша жасанды интеллект модульдерінің пилоттық режимдегі жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Абай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан өңірлерінің әкімдіктеріне 1 маусымға дейін бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарларды Қала құрылысы кадастрына көшіруді жалғастырып, саланы цифрландыру бойынша барлық жоспарды жеделдету тапсырылды.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

Екінші деңгейлі банктердің коммерциялық ипотекасын жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер әзірлеу

Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуі тиіс.

Сонымен қатар «Отбасы банк» халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі қажет.

Құрылыс кодексі аясында нормативтік актілерді уақтылы жаңарту

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1 шілдеге дейін нормативтік актілерді жаңартып, қабылдауды, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде үздіксіз бақылап отыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Құрылыс саласында 38 жаңа жобаны уақтылы іске қосу

Құрылыс көлемінің жыл сайын өсуіне байланысты құрылыс материалдарына да сұраныс артып келеді. Сондықтан тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Биыл елімізде осындай 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, олардың уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Соңғы жаңалықтар

Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 14:32

Министрлік: Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр

Медицина • Бүгін, 14:25

Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды

Үкімет • Бүгін, 14:02

Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді

Қоғам • Бүгін, 13:48

Ұландықтар «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті

Әскер • Бүгін, 13:30

Елімізде 58 мыңнан астам әйел дәрігер еңбек етеді

Мереке • Бүгін, 13:23

«Kazkat» зауытының қызметкерлері конституциялық реформаны қолдады

Референдум • Бүгін, 13:15

1 шілдеден бастап электросамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:02

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

Референдум • Бүгін, 12:57

Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі

Үкімет • Бүгін, 12:52

Таяу Шығыс елдерінен қанша азамат елге қайтарылды?

Саясат • Бүгін, 12:22

Ақтүтек боран: Полиция жүргізушілерге алыс жолға шықпауды ескертті

Ауа райы • Бүгін, 12:17

Астанада құрылыс барысын жасанды интеллект бақылайды

Жасанды интеллект • Бүгін, 12:10

Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды

Оқиға • Бүгін, 12:01

Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 40% акциясын сатып алмақшы

Экономика • Бүгін, 11:58

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары