Өскеменде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бір адам зардап шекті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Өскеменде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 27 қазанда таңертең Әуезов даңғылы мен Жеңіс даңғылының реттелетін қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамастан қозғалып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының жол бергеніне көз жеткізбеген. Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 13:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















