Жүк көлігі тиегішке соғылды бір адам зардап шекті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Республикалық жолда жүк көлігі тиегішке соғылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сағат 10:30 шамасында "Астана – Көкшетау (айналма жолы) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Қайрақ ӨП)" республикалық жолында жол апаты болды. "Volvo" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, қарды тазалап жатқан "КАЖсервис" ЖШС-нің тиегішіне соғылып, аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан тиегіш жүргізушісі зардап шегіп, жедел жәрдем қызметі арқылы ауруханаға жеткізілді", - дейді компания мамандары.
Жол қызметкерлері күн сайын қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге тырысады. Ондайда жол апатының қаупі жоқ емес. Мәселен, 2025 жылы бес жол апаты болған. Соның салдарынан 2 жол қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған. Негізі себептер - жылдамдықты арттыру, арақашықтықты сақтамау және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелердегі ескерту белгілерін елемеу.
Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге жақындағанда барынша мұқият болуға, жылдамдықты алдын ала төмендетуге және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 20:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















