Кәсіпкерлердің және инвесторлардың алаңсыз жұмысы үшін Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды
Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мемлекет басшысы құқық жүйесінің инновацияларды енгізу мен экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, өткен ғасырдың 90-жылдарында қабылданған қолданыстағы Азаматтық кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарды. Құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашып, меншікті қорғау қағидатын бекітті және азаматтық қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырды.
"Дегенмен қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленді. Сол кезде озық технологиялардың заты түгіл, аты да жоқ болатын. Әрине, соңғы 30 жыл ішінде бүкіл әлем, соның ішінде қоғамымыз түбегейлі өзгерді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы осы өзгерістерді ескере отырып, жаңа құжат қабылдау қажет екенін жеткізді.
"Осының бәрін ескере отырып, болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет деп санаймын", – деді президент.
Оның айтуынша, жаңа кодекс кәсіпкерлердің, инвесторлардың және азаматтардың алаңсыз жұмыс жүргізуі үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесе отырып, осы маңызды құжатты әзірлеуге тез арада кіріскені жөн. Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды
28 Қазан 2026 12:48
Мемлекет басшысы өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды
25 Желтоқсан 2025 02:34
Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды
27 Қаңтар 2026 12:11
Конституциялық реформа және азаматтық белсенділіктің жаңа кезеңі
01 Сәуір 2026 11:21
Президент Астанада жаңа әуежай құрылысын кешіктірмеуді тапсырды
30 Маусым 2026 15:40
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 12:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















