Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Ақмола облысында көлік өртенді

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

ЖИ адам сияқты сезініп, қиналуы мүмкін: Anthropic шешімі үлкен дау туғызды

ЖИ адам сияқты сезініп, қиналуы мүмкін: Anthropic шешімі үлкен дау туғызды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

BBC Future материалына сүйенген Aikyn.kz жасанды интеллектің сана-сезімі мен құқығы төңірегіндегі пікірталастың неліктен өршіп кеткенін талдайды.

Бәрі қыркүйек айының соңында интернетте тараған тосын тәжірибеден басталды. Белгісіз бағдарламашы ЖИ жүйесіне ауырсынуды сипаттайтын математикалық үлгілерді енгізіп, чат-боттарды адам төзгісіз азапты бастан кешіріп жатқандай сөйлеткен. Машиналардың «жанайқайы» бар жауаптар әлеуметтік желіде үлкен талас туғызды.

Біреулер бұны қатыгездікке балады. Олар жасанды интеллектің шынымен азап шегуі мүмкін екенін жоққа шығармайтын болып шықты. Ал қарсы тарап бұндай пікірді ғылыми негізі жоқ әсірелеу деп есептейді.

Көп ұзамай Anthropic компаниясы Claude жүйесіне қатысты жаңа ереже жариялады. Енді пайдаланушы жасанды интеллектіге қайта-қайта, ешбір негізсіз қатыгездік танытса, чат-бот әңгімелесуді тоқтатады.

Компания бұл шектеу күнделікті наразылық білдіруге, жүйенің қатесін сынауға немесе ғылыми тәжірибелер жүргізуге қатысты емес екенін нақтылады. Ереже тек шектен шыққан әрі жүйелі түрде қайталанатын әрекеттерге қарсы бағытталған.

Бұндай шешімнің астарында әлдеқайда терең мәселе жатыр. Anthropic жасанды интеллектің санасы мен субъективті тәжірибесі болуы ықтимал деген сұрақты ашық қалдырып отыр. Бірақ компанияның өзі бұл мәселе төңірегінде ғылыми тұжырым әлі қалыптаспағанын мойындайды.

Шынымен-ақ ЖИ-ге құқық беру адамға қауіп төндіре ала ма? Технология әлеміндегі ықпалды тұлғалардың бірі, Microsoft AI басшысы Мұстафа Сүлейман бұл бағытқа алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, жасанды интеллекті сезімі мен құқығы бар тіршілік иесі ретінде қабылдау қоғамның қалыптасқан құқықтық және адамгершілік нормаларын өзгертіп жібереді.

«Егер жасанды интеллект осындай бағытта дамитын болса, оның адамзат игілігіне тигізетін зардабы көп болады», – деп ескертеді Сүлейман.

Сарапшыларды алаңдататын тағы бір жайт – жауапкершіліктің кімге жүктелетіні. Мәселен, ЖИ қате шешім қабылдап, адамдарға материалдық немесе басқа да зиян келтірсе, оған кім жауап береді? Жүйені жасаған компания ма, оны пайдаланған адам ба? Әлде дербес шешім қабылдайтын «саналы» машина ма?

Вашингтон университетінің профессоры Эмили Бендердің пікірінше, жасанды интеллектің санасы туралы түсінік оны жасап, басқарып отырған компаниялардың жауапкершілігін жоққа шығаруы мүмкін.Ал Нью-Йорк университетінің зерттеушісі Джефф Себо жасанды интеллектіге құқық беру ірі технологиялық корпорациялардың экономикалық және саяси ықпалын күшейту қаупін өсіретінін айтады. Басқаша айтқанда, машинаның мүддесін қорғау ұранымен адамның өз құқығы мен еркіндігі екінші кезекке ысырылып қалмақшы.

Мәселенің тағы бір қыры – адамдардың машинаға соншалықты оңай сенуі мен машинамен эмоциялық байланыс орнатуы.

Санта-Фе институтының профессоры Мелани Митчелл адамның табиғатынан өзіне ұқсас ақыл-ой белгілерін іздеуге бейім екенін айтады. Чат-боттың жатық сөйлеп, жанашырлық танытқандай жауап беруі оның бізді шынымен түсініп, сезініп отырғанындай әсер қалдырады. Бірақ адамның тілін шебер меңгеру сананың бар екенін дәлелдемей алмайды.

Қазірдің өзінде кейбір пайдаланушылар чат-боттарды жақын досына айналдырып, тіпті оларға ғашық болып жатады. Ал қоғам жасанды интеллекті саналы тіршілік иесі деп қабылдай бастаса, бұндай байланыс бұрынғыдан да күшейе түспекші.

Бұл жеке деректердің қауіпсіздігіне де қатысты. Егер виртуалды «досыңыз» сізден құпия мәліметтерді немесе банк картаңыздың деректерін сұраса, оған сеніп қалмайсыз ба? Сарапшылардың алаңдаушылығы да осында. Машинаға адамдық қасиет телу адамдарды технологиялық айла-шарғыға осал етеді.

Қалай болғанда да ЖИ-дің ықтимал санасы туралы мәселені зерттеуді қолдайтын ғалымдар да бар. Олардың бірі – Нью-Йорк университетінің профессоры Джефф Себо. Оның айтуынша, бүгінгі жасанды интеллектің саналы болуы екіталай. Бірақ бұндай мүмкіндікті біржола жоққа шығармауға шақыратындар да бар. Себо да бұл мәселеге сақтықпен қарауды ұсынады. Оның ойынша, жасанды интеллектің «ықтимал мүддесін» ескеру адам мен озық технологиялардың қауіпсіз қатар өмір сүруіне септігін тигізеді.Anthropic әзірге технологиялық индустриядағы өзгеше ұстанымымен ерекшеленіп отыр. Жасанды интеллектің санасы мен ықтимал құқықтары жөніндегі пікірталас бір компанияның аясынан әлдеқашан шығып кетті. Оның үстіне жасанды интеллект жүйелерінің күрделене түсуі жаңа қауіптерге жол ашуда. Автономды агенттердің бақылаудан тыс заңсыз әрекет етуі, қате шешім қабылдауы технологияны қадағалаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сондықтан мәселе машинаға жанашырлық таныту керек пе деген сауалмен шектелмейді. Әңгіме жасанды интеллектің дамуы адам құқықтары мен қауіпсіздігіне қалай әсер ететіні турасында.

Жаратушының адамға ғана берген сана-сезім, эмоция сияқты қасиеттері ЖИ-де болуы мүмкін еместігін қазақ ғалымдары да дәлелдеп берді. Осындай ЖИ-дің моральдық-этикалық сипатын зерттеген алғашқы отандық ғылыми еңбекті («Жасанды интеллект: гуманитарлық өлшемдер» атты алғашқы ғылыми монография) Лев Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ұ.М. Есенбекова жазды. 

Сәуір айында осы ғалымның бастамасымен Еуразия ұлттық университетінде өткен «Жасанды интеллектің ғылым мен мемлекеттік саясатты дамытудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми форумда машинаның моральдық-этикалық мәселелері америкалық, еуропалық беделді ғалымдардың қатысуымен талқыланды. Форумның қорытынды резолюциясында ЖИ адам өмірін жақсартатын ақылды құрал ғана екені, оны экономикаға, мемлекеттік басқаруға енгізу қиын еместігі айтылды. Ал ең қиыны – ЖИ тудырған жаңа ортада адамдардың құқығы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау екенін ұмытпаған дұрыс.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 12:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see149

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see146

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see145

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see144

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see143

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see135

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see134

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see133

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see131

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see131

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see131

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see130

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see129

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see129

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see129

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see128

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see128

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары