Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Белгілі француз дирижері астаналық көрермен алдында тағы да өнер көрсетеді

Белгілі француз дирижері астаналық көрермен алдында тағы да өнер көрсетеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

29 қарашада «Астана Балет» театрының сахнасында Француз маэстросы Кристоф Мангудың жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрі өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кристоф Мангу өзінің жаңашыл тәсілімен, биік талғамымен және классикалық дәстүрді заманауи әуенмен үйлестіре білуімен танымал. Бұл маэстроның «Астана Балет» оркестрімен екінші шығармашылық ынтымақтастығы: былтыр қазан айында өткен алғашқы бірлескен концерт көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, көкейінен шыққан еді.

«Мен Астанаға қайта оралып, осындай тамаша бағдарламаға дирижерлік ететініме шын жүректен қуаныштымын. Концерт шымылдығы Дебюссидің әсем туындысы «Шағын сюитамен» ашылады, содан кейін абсолютті шедевр орындалады: Сибелиустың әйгілі скрипка концерті, мен дирижерлік етіп, ал Қаламқас соло орындайды! Концерт бельгиялық композитор Сезар Франктың керемет симфониясымен аяқталады. Мұнда бүкіл оркестр біртұтас қуатты ағза секілді әсер қалдырады, себебі Франк органист болған және бұл бағдарламалық музыка, яғни, шығарманың циклдік формасы сақталып – бірінші бөлімнің тақырыптары финалда қайта орындалса да – тыңдарман қауым үшін терең, біртұтас көркем идея мен үлгілі музыкалық архитектураның көркін ашады», – деген ойын бөлісті маэстро.

Бұл кеште еуропалық музыканың үш ұлы шебері – Клод Дебюсси, Жан Сибелиус және Сезар Франктың шығармалары орындалады. Дебюссидің нәзік әрі мөлдір «Шағын сюитасы» концерттің прологына айналады: оның бояуы қанық әуезі мен нәзік үндестігі француз импрессионизмінің жеңіл, әсем, поэтикалық атмосферасына бөлейді. Одан кейін академиялық музыка тарихындағы ең мәнерлі әрі драмалық концерттердің бірі – Сибелиустың Скрипкаға арналған ре минор концерті орындалады. Бұл шығарма мұз қатқан солтүстік лирикасын жарып өткен жалын іспетті, ал виртуоздық пассаждар терең, тәубеге келтірер иірімдермен қатар өрілгендей. Солист Қаламқас Жұмабаева осы музыканың күрделі, қуатты сипатын ашып, әрбір әуен үзіндісін эмоционалды көңіл толқынына айналдырады.

Кеш шымылдығы Сезар Франктың Ре минор симфониясымен жабылады.  Шығарма циклдік формаға құралған, яғни, тұғырлы тақырыптары финалда қайта орындалып, ауқымды біртұтас дүние ретінде әсер етеді. Симфония ой толғаныстарынан бастау алып, жарқын әрі шабыт дарытатын нәтижелі күйге жетелегендей сезім тудырып, ал оркестр тембр байлығы мен ішкі қуатқа толы біртұтас тірі ағза іспетті көрінеді.

Классикалық өнердің шекарасын кеңейтуді жалғастыра отырып, Кристоф Мангу әлемдегі жетекші ұжымдармен және артистермен – Britten Sinfonia және Лондон симфониялық оркестрінен бастап, Париждегі Salle Pleyel, Амстердамдағы Concertgebouw, Лондондағы Barbican, Манчестердегі Bridgewater Hall, сондай-ақ  АҚШ, Австралия, Жапония және басқа да көптеген елдердің ірі сахналарында көрсетілген Джефф Миллспен бірлесіп жүзеге асырған бірегей жобаларға дейінгі шығармашылық ынтымақтастығын үзбей келеді. Маэстроны қабылдап, классика, джаз және заманауи музыкалық формаларды біріктіретін шығармашылығын қазақстандық көрерменге таныстыру «Астана Балет» театры үшін зор мәртебе.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 16:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары