Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Бес жылда ₸270 трлн инвестиция тартылады

Бес жылда ₸270 трлн инвестиция тартылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ел экономикасын салық түсімдерінен бөлек, инвестиция арқылы дамытуға басымдық беріліп отыр.

Қазірдің өзінде Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қаржы құюға қолайлы елдердің көшін бастап тұр. 2030 жылға дейін еліміз шетелдік капитал салымдарын 100 млрд долларға дейін жеткізбек. Бұл дегеніміз ел қазынасы үшін қомақты кіріс көзі, жаңа жұмыс орындары. Инвестициялар негізінен қай салаларға тартылмақ?

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға 470 млрд доллардан астам көлемде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның 15 млрд долларға жуығы былтыр 9 ай ішінде көтерме және бөлшек саудаға және өңдеу өнеркәсібіне құйылған. Өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 11 пайызға көп. Қаражаттың дені Қытай, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Оңтүстік Корея және бірқатар Еуропа елдерінен аударылған.

1991-2025 жж. ҚР – $473,9 млрд

2025 ж. қаңтар-қыркүйек - $14,9 млрд

Инвестиция – көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі

2024 ж. салыстырғанда 11%

Қытай, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Швейцария, Бельгия, Франция, Люксембург

Бес жылда ₸270 трлн инвестиция тарту қажет

Ерболат Тасқынбаев, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаментінің бас сарапшысы:

- Тұжырымдамада 2030 жылға дейін негізгі капиталға тартылатын инвестициялар көлемі ЖІӨ қатысты 24 пайызға дейін арттыру және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 25,9 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу межеленген.

Яғни жоспарға сәйкес, алдағы 5 жыл ішінде негізгі капиталға 270 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту қажет. Бұл ретте шикізаттық емес салаларға басымдық беріліп, өңдеу өнеркәсібінің өркендеуіне жағдай жасалмақ. 

Ерболат Тасқынбаев, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаментінің бас сарапшысы:

- Қазіргі таңда ел экономикасының негізгі басым бағыттары ол өңдеу өнеркәсібі және инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жасыл экономиканы дамытуға бағдарланған.

Ал экономист Қажыгелді Шамбылдың айтуынша, тұжырымдама аясында енді мемлекеттік емес, жеке инвестияларды тартуға ден қойған жөн.

Қажыгелді Шамбыл, экономист:

- Соңғы жылдары Ұлттық банктің базалық мөлшерінің бір кері әсері - Қазақстанға шетел инвестицияларының ағыны азайды. Салыстырмалы түрде динамикамен және де белгілі бір инвестициялық ресурстардың көзі ретінде Қазақстанның ішінде несие қарастырылмайды. Өйткені несие алатын болсаңыз, белгілі бір кәсіп ашуға - 25 пайыз, ең төменгі мөлшері - 20-21 пайыз. Егер де сіздің алатын несиеңіз 20 пайыз болса, оны 10 жылға алатын болсаңыз, шамамен 2,5-3 еседей артық төлейсіз. Сондықтан да ешкім мұндай дүниеге бармайды.

Сол үшін бюджеттік шығындарды азайтып, инвесторлардың қаржы құюына барынша тиімді жағдай жасалуы қажет дейді маман. Сондай-ақ инвестицияны негізінен машина жасау, химия және фармацевтика салаларына бағыттаудың тиімділігін де түртіп өтті. Айта кеткен жөн, жаңа инвестициялық саясатқа сәйкес, қаржылық капитал дәл осы салаларға қарқынды түрде құйылмақ.

Мұрат Зәкіриянов, ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Ең алдымен – өңдеуші өнеркәсіп. Оның ішінде: агроөңдеу, тамақ өнеркәсібі, химия және көмірхимия, металлургия, машина жасау, фармацевтика және құрылыс материалдарын өндіру. Дәл осы салаларда инвестициялар импортты алмастырумен қатар, Орталық Азия, ЕАЭС, Таяу Шығыс және Еуропа нарықтарына шығуға бағытталған экспортқа бағдарланған өндірістерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланғаны естеріңізде болар. Сондықтан бұған дейін инвестициялық саясаттан тысқары қалып келген салаға енді дамыған елдерден қыруар қаржы тартылады. Осылайша, озық технологиялар арқылы еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға  күш салынбақ.

Авторлары: Назым Кенжебай, Қанат Махмұтов, Ержан Рахманбердиев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 13:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see169

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see161

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see158

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see157

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see150

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see150

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see140

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see138

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see138

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see134

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see131

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see130

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see128

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see126

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see124

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see115

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see113

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары