Бетон қоршауға соғылған : Алматыдағы жол апаты видеокамераға түсіп қалды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Алматыда жүк көлігі апатқа ұшырады. Жол апаты болған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды қалалық полиция.
Жол апаты Әуезов ауданындағы Сайын көшесінде, Абай даңғылының жолайырығы астында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша солтүстік бағытта келе жатқан "Shacman" жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік кабинасы едәуір зақымданған", - деп жазылған хабарламада.
Абырой болғанда, жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік материал рәсімдеді.
Полиция жүргізушілерге көлік басқару кезінде жылдамдықты қатаң сақтап, жолдағы жағдайды ескеру қажеттігін тағы да еске салды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 17:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















