Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Big Data: цифрлық технология демографияға қалай әсер етеді

Big Data: цифрлық технология демографияға қалай әсер етеді

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан демографиялық дағдарыс алдында тұр ма?

Бұл сауалға сарапшылар әрқилы жауап айтады, алайда статистика нақты мәселенің барын көрсетіп отыр. Мысал үшін кейінгі төрт жылдағы деректі салыстырайық. 2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында 216 мың сәби дүниеге келген болса, биылғы жартыжылдықта небәрі 161,2 мың шарана дүние есігін ашқан. Демек, осы аралықта туу деңгейі жобамен 25%-ға төмендеді деуге болады.

Әрине, халық санының тұрақты өсімін қамтамасыз ету көбіне әлеуметтік секторға жүктелетіні шындық. Алайда демографиялық үрдістерді зерттеудің өз көмегі бар. Ішкі көші-қон көрсеткішін тұрақты таразылау, еңбек нарығындағы өзгерісті қадағалау, урбанизация деңгейін сараптау мәселені анағұрлым жеңілдете алады. Оған қоса азаматтардың жайлы өмір сүруіне керекті жобаларды әзірлеуге атсалысатыны тағы бар. Себебі демография – тек халық санының кестесі емес, бүтін әлеуметтік сипаттың картасы.

Инфографика: Kazinform

Осы есеппен алсақ, Үкімет алдағы уақытта ұзақ жылға арналған шешімдерді демографиялық ізденістер арқылы қабылдауға талпынып отыр. Өйткені кейінгі жылдары маңызды саланы ескермеудің салдарынан біршама жоба аяқсыз қалды, кейбірі тиімділігін көрсете алмады. Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда жасырмады.

– Мәліметтерді тиісті деңгейде есепке алып, талдау жасау жолға қойылмаған. Бұл жағдай еңбек нарығының сұранысын болжау, инфрақұрылымды дамыту жұмысын жоспарлау және басқа да міндеттерді орындау жолында қиындық туғызады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілген Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығын құру керек, - деді Президент.

Демография: теориялық пәннен практикалық құралға дейін

Әзірге болашақ Демографиялық үрдістерді талдау және болжау орталығының механизмі пысықталып жатыр. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі әлеуметтік сала департаментінің директоры Рамиль Тохтиевтің сөзінше, орталық әлеуметтік-экономикалық салаларды басқару тәсілдерін түбегейлі өзгертуге қабілетті.

– Орталық құрылса, мемлекет реактивті шаралардың орнына алдын ала әрекет ету мүмкіндігіне ие болады. Ал Big Data мен жасанды интеллектіні қолданудың арқасында орталық белгілі бір өңірде туу көрсеткіштерінің өсуін алдын ала болжау, болашақта денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені есептеу және көші-қон үрдісін бағалауға қатысты нақты болжам жасай алады. Бұл мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын алдын ала жоспарлауға, бюджет шығындарын оңтайландыруға және тиімсіз шешімдердің алдын алуға жол ашады, – деді департамент басшысы.

Фото: Рамиль Тохтиевтің жеке мұрағатынан

Рамиль Тохтиев орталықтың қысқамерзімді және ұзақмерзімді перспективаларына тоқталды. Алғашқысынан бастасақ, маңызды өзгерістің бірі ведомствоаралық үйлесімділік болмақ. Орталық мемлекеттік басқару органдарына деректер мен ұсыныстар беретін бірыңғай талдамалық платформа ретінде жұмыс істейді. Мәселен, Оқу-ағарту министрлігі демографиялық болжамдарды ескеріп, оқу орындарындағы орын санын жоспарлай алады. Еңбек министрлігі халық құрылымы өзгеріп жатқан өңірде кадрларды қайта даярлау бағдарламасын әзірлеуге үлгереді. Мұндай тәсіл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады деген сөз.

– Ұзақ мерзімді перспектива да маңызды. Орталық экономиканы стратегиялық жоспарлаудың, әсіресе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізіне айналады. Жекелеген өңірлерде халық санының азаюы, халықтың қартаюы немесе реттелмеген көші-қон секілді демографиялық қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, демографияны теориялық пәннен елді дамытуға арналған практикалық құралға айналдырады, – деді маман.

Қазір департамент деректерді жинау, талдау алгоритмдерін әзірлеп жатыр. Бұған Германия, Франция, Жапония мемлекеттеріндегі ұқсас институттардың халықаралық тәжірибесі пайдаланылмақ. Содан кейін орталық командасын қалыптастыру кезеңіне көшеді. Рамиль Тохтиев бұл жұмысқа кәсіби демографтар, әлеуметтанушылар, экономистер, деректер ғылымы мамандары мен статистиктер тартылады деп отыр.

Университеттерде демография мамандығы жоқ

Қазақстан демографтар қауымдастығының төрайымы, ұлттық сарапшы-демограф Аяулым Сағынбаеваның айтуынша, жаңа орталық маман тапшылығына тап келуі мүмкін. Өйткені елдегі ЖОО-ларда демограф мамандары даярланбайды. Шетелде демография мамандығы бойынша білім алып, магистратураны аяқтағандар санаулы: Чехиядағы Карлов университетін – 35, Ресейдегі Жоғары экономика мектебін – 3 маман бітірген.

– Қазақстанның мамандықтар классификаторында демограф мамандығы жоқ. Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің демографиялық зерттеу орталығы бар. Ал маман ретінде даярлайтын университет жоқ. Елдегі барлық кәсіби демогаф – «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған мамандар, – деді Аяулым Сағынбаева.

Фото: Аяулым Сағынбаеваның жеке мұрағатынан

Қазақстанда демография ғылымының дамуы кенжелеп тұрғаны рас. Қоғам салаға ғылым ретінде де, мамандық ретінде де қызықпайды. ЖОО-лардың басым дені мұндай мамандықты әлеуметтанудың бір бөлігі деп қабылдауға құмар. Сондықтан сарапшы маман тапшылығын жою үшін экономика, мемлекеттік басқару, әлеуметтану, география, саясаттану мамандықтарына демография негіздері пәнін оқыту керек деген пікірде. Оған қоса үкіметтік емес ұйымдардың салаға атсалысуы ауадай қажет. Қазір Қазақстан демографтар қауымдастығын дамыту керек.

Big Data мен ЖИ:

Болашақ орталықтың негізі ауқымды деректер базасы мен жасанды интеллектіге негізделетінін айттық. Соңғы уақытта сәнді сөзге айналған қос ұғым шын мәнінде қандай нәтиже береді? Мекемені цифрландыру қаншалықты қауіпсіз қадам?

IT саласының сарапшысы Мейіржан Әуелханұлы ауқымды деректер базасының үш тиімді тетігін атады.

– Нейрондық желілер мен машиналық оқыту модельдері бүгінгі трендтерді ғана емес, әртүрлі ықтимал сценарийді көрсетеді. Мәселен, егер мемлекет әлеуметтік қолдауды күшейтсе немесе көші-қон саясатын өзгертсе, халық санының динамикасы қалай өзгеруі мүмкін – осының бәрін есептеп шығаруға болады.

Мұндай тәсілдің басты артықшылықтары айқын: жеделдік – деректерді тез өңдеу; дәлдік – миллиондаған параметрді қатар қарастырып, адами қателікті азайту; сценарийлік талдау – болашақтың бірнеше нұсқасын қатар ұсыну, – дейді IT-маман.

Инфографика: Kazinform

Сарапшының сөзінше, Big data арқылы халық санағынсыз-ақ азаматтардың жалпы санын қадағалауға болады.

– Бұрын халық санағы бірнеше жылда бір рет өткізіліп, деректер ескіріп үлгеретін. Ал қазір Big Data көздері – мобильді операторлардан бастап әлеуметтік желілерге, мемлекеттік тіркеулер мен миграциялық статистикаға дейін – халық саны мен құрылымын дерлік нақты уақыт режимінде бақылауға жол ашады, – деді ол.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі әлеуметтік сала департаментінің директоры Рамиль Тохтиевтың айтуына қарағанда, орталықты қалыптастыру кезінде машиналық оқыту мен жасанды интеллект алгоритмдері ескеріледі.

– Арнайы бағдарламалық кешен әзірленеді. Бұл жүйелер нақты міндеттерді шешуге арналмақ: демографиялық үрдістер мен әлеуметтік-экономикалық факторлардың арасындағы жасырын байланыстарды анықтау, анағұрлым дәл әрі егжей-тегжейлі болжамдық модельдер құру, сондай-ақ симуляциялар жүргізу үшін пайдаланылады, – деді Рамиль Тохтиев.

Ал Аяулым Сағынбаева Big Data демографияның салааралық зерттеулерін дамытады деген ойда.

– Демографияның классикалық түрінен аралас бағытына өтуіміз ықтимал. Қарапайым тілмен айтсақ, ауқымды деректер демография мен өзге салаларды ұштастыра сараптауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда демографиялық үрдістерді болжау тақырыптық компонент арқылы жүзеге асады. Ал Big Data мен ЖИ енгізілсе, демографияның салааралық зерттеулері дамиды, – деді Қазақстан демографтар қауымдастығының төрайымы.

Демек, жаңа орталық Big Data мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалана алса, демографиялық саясат ғылыми негізге ойысатын күн жақын. Бұл еңбек нарығынан бастап білім беру мен урбанистикаға дейінгі стратегиялық шешімдердің сапасын арттырары анық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 10:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары