Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Мерекелік демалыстар экономикаға қалай әсер етеді?

Мерекелік демалыстар экономикаға қалай әсер етеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Наурыз  – мемлекеттік мерекесі көп ай. Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы ел азаматтарын мерекелік көңіл күймен қатар демалыс күндерімен де қуантады. Келесі жылдан бастап күнтізбедегі «қызыл күнге» 15 наурыз қосылмақ, бүл күні еліміз Конституция күнін атап өтеді. Әрине, бір сәт дамылдап, мерекені атап өтіп, көңілді демдеп қойғанның сөкеттігі жоқ. Десе де «демалыстың көп болғаны еңбек өнімділігіне, жалпы ел экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?» деген сауалға жауап іздеп көрдік.

 Өндіруден – тұтынуға

Ұлттық статистика бюросының дерегіне жүгінсек, былтыр қаңтар-ақпан айлары аралығында бөлшек сауда айналымы 2,79 трлн теңгені құрапты. Атап өтерлігі, І тоқсанның нәтижесінде ол 4,58 трлн-ға бір-ақ көтерілген. Бұл отандастарымыздың наурыз айында алдыңғы екі айдың орташа көрсеткішінен 28% артық – 1,79 трлн теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айғақтайды.

Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы Рамазан Есенғазиевтің сөзінше, наурыз айындағы мереке күндері экономикаға әртүрлі бағытта әсер етеді. Бір жағынан, жұмыскерлердің едәуір бөлігі демалысқа шығады. Бұл белгілі деңгейде тауарлар мен қызметтер өндірісінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Әсіресе, мұның кеңсе мен әкімшілік қызметкерлеріне ықпалы көбірек.Сонымен қатар үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс істейтін салалардағы қызметкерлерге бұл жағдайдың әсері аз. Оларға өнеркәсіп, коммуналдық қызмет, кейбір медицина мекемелері мен қауіпсіздік қызметтерін (полиция, қорғаныс, төтенше жағдай) жатқызуға болады.

«Мереке күндері сауда, қоғамдық тамақтану мен ойын-сауық салаларына сұраныс, әдетте, артады. Бұл түрлі жеңілдіктердің ұсынылуына, сондай-ақ кейбір қызметкерлерге мерекелік сыйақылардың берілуіне байланысты. Нәтижесінде, аталған салаларда өндіріс көлемі қысқа мерзімге өсуі мүмкін», дейді Р.Есенғазиев.

Сарапшының айтуынша, наурыз айындағы мерекелердің экономикаға әсері айтарлықтай үлкен емес әрі қысқа мерзімді сипатқа ие. Себебі стандартты демалыс күндерін қоспағанда, қосымша демалыс күндерінің саны небәрі 4 күн. Дегенмен де сарапшы мереке күндері тұтынушылық сұраныстағы секторлар ұтыста болатынын жоққа шығармайды.

«Өндіріс көлемінің төмендеуі қызметкерлердің көп бөлігі демалатын салаларда байқалады. Бұлар: білім беру, жылжымайтын мүлік операциялары, кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ қаржы мен сақтандыру саласы. Алайда бұл жердегі сөз жүйелі шығындар туралы емес, іскерлік белсенділіктің қысқа мерзімге төмендеуі туралы болып отыр», дейді сарапшы.

Ал экономист Руслан Сұлтановтың пікірінше, ұзақ мереке күндерінің экономикаға әсерін бір айдың аясында емес, барынша кеңінен бағалау маңызды.

«Мереке кезінде баяулау сезіледі, мәселен, іскерлік белсенділік төмендейді. Бірақ бұл жалпы алғанда экономиканың құлдырауын білдірмейді. Мұнда белсенділік нақты бір уақыт аралығында ығысады. Экономика бір сәтке өндірістік режімнен тұтынушылық режімге ауысады. Сондықтан орта есеппен ай немесе тоқсан тұрғысынан алғанда қосымша сыртқы факторлар болмаса, әсер бейтарап күйде болады», дейді экономист.

Еңбек өнімділігі азая ма?

Биыл наурыз айында мереке күндері мен қалыпты демалыс күндерін қоса есептесек, 5/2 жұмыс кестесіндегілер – 13 күн, 6/1 – 9 күн тынығады екен. Руслан Сұлтановтың айтуынша, статистикаға тура қарағанда, өнімділік формалды түрде азаяды.

«Жұмыс күні аз болса – өнім шығару да төмен. Бұл есептеу тетігі. Алайда ұзақ демалыстан кейін белсенділік қайта жанданып, көбіне компенсациялық әсер байқалады», дейді ол.

Ал Рамазан Есенғазиев бұл күндер еңбек өнімділігін төмендетпейтінін жеткізді.

«Еңбек өнімділігі дегеніміз – бір жұмысшының белгілі бір уақыт бірлігінде (сағат не күн ішінде) қанша өнім немесе қызмет өндіре алатынын айғақтайтын көрсеткіш. Сәйкесінше, мерекелерге байланысты жұмыс күндерінің азаюы еңбек өнімділігіне әсер етпейді. Ол жалпы өндіріс көлемінің қысқаруына әкелуі мүмкін, бірақ еңбек өнімділігін төмендетпейді», дейді Р.Есенғазиев.

Сарапшының пайымдауынша, бұл кезеңдегі тұтынушылық сұраныс іскерлік белсенділіктің төмендеуін белгілі бір деңгейде өтейді. Алайда оны толық жаба алмайды. Себебі көптеген жұмысшылар мереке кезінде жұмысын уақытша тоқтатады.

«Бұдан бөлек адамдар болашақта жұмсайтын қаражатын мереке күндері жаратады. Сондықтан тұтынушылық сұраныс мерекеден кейін төмендеуі ықтимал. Осыны ескерсек, жекелеген салалардағы өсімге қарамастан, жалпы іскерлік белсенділіктің төмендеуі толық өтелмейді. Десек те, оның жылдық ІЖӨ-ге әсері өте аз әрі қысқа мерзімді (шамамен 0,1-0,2 пайыздық тармақ). Ол жыл ішінде өндірістік жүктемені арттыру арқылы оңай теңгеріледі», дейді сарапшы.

Руслан Сұлтанов та осыған ұқсас пікірін білдірді. Алайд ол тұжырым шығармас бұрын бір сәт пен ортамерзімді ажырата білу маңызды екенін айтады.

«Мереке сәтінде, иә, тұтыну деңгейі артады. Адамдар тамақтануға, демалуға, сапарларға көбірек ақша жұмсайды. Біз қонақжай халықпыз ғой. Бұл қызмет көрсету салаларына серпін береді. Бірақ орта мерзімді тұрғыдан қарағанда, шығындардың өскенін емес, олардың қайта бөлінгенін білдіреді. Мерекеде жұмсалған қаржының белгілі бөлігі басқа кезеңдерде жаратылатын еді. Сол себепті толық өтейді деуге келмейді. Тек сұраныс құрылымының өзгеруі арқылы экономикалық қарқын біршама теңеседі», дейді Р.Сұлтанов.

Қорыта айтқанда, наурыздағы мерекелер экономикаға қысқа мерзімді әсер етеді. Бір жағынан белсенділік бәсеңдесе, екінші жағынан тұтыну артады. Бұл құлдырау емес, экономикалық белсенділіктің уақытша қайта бөлінуі ғана. Сарапшылардың пайымынан мерекенің жылдық көрсеткіштерге әсері мардымсыз екенін аңғардық.

Соңғы жаңалықтар

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Президент • Бүгін, 11:40

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 11:34

Ынтымақ күні: Қазақстанда Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні тойланып жатыр

Мереке • Бүгін, 11:23

Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді

Елорда • Бүгін, 11:05

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 10:33

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Бұқараны біріктіретін мейрам

Мереке • Бүгін, 09:50

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 18:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары