Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

СҚО да жалған антивирус арқылы ақша ұрлау көбейді

Волейбол: Жетісудың Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Телефондарды қуаттап, су қорын жинап қойыңдар : Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына үндеу жасады

Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады

Қарағандыда қайғылы оқиға: жолдан өткен әйелдің үстіне жарық бағаны құлады

Ақша мен банк: күнделікті қолдануға арналған нақты кеңестер

Мөлдір бұлақ экологиялық акциясы: Оңтүстік өңірлердегі 28 бұлақ тазартылды

ҚПЛ: Алтай мен Каспий тең нәтижеге қанағат білдірді

Астрахан облысының Қазақстанмен сауда экономикалық байланысы тұрақты дамып келеді

Білім миграциясы: Күнгейі мен көлеңкесі

Білім миграциясы: Күнгейі мен көлеңкесі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі жылдары жастардың шетелде білім алуға деген ұмтылысы арта түсті. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея, Түркия, Қытай университеттері отандық талапкерлердің басты бағытына айналды. Бұл құбылыс қоғамда «білім миграциясы» деген ұғымды өмірге әкелді. Жат жұрттан білім іздеген көштің нақты мақсаты қандай? Олар кері оралып, елдің дамуы мен өсуіне еңбек ете ме? Басты сұрақ – осы.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Зерделеп көрсек, білім миг­ра­ция­сының өзіндік себеп­тері бар екен. Біріншіден, да­мыған елдердегі универ­ситеттер­дің академиялық беделі мен ғылы­ми инфрақұрылымы. Соның ішінде зертхана, кітапхана, акаде­миялық еркіндік, халықаралық профессор­лар құрамы бар. Мұның бәрі – жас зерт­теушілер мен студенттер үшін маңызды фактор. Екіншіден, бұған ­еңбек нарығындағы болашақ мүм­кін­дік­терді қоса кетіңіз. Көптеген жас шетелдік ­диплом болашақта жо­ғары жалақы ­мен кәсіби өсуге жол аша­тынына сенім­ді. Үшіншіден, ел ішіндегі білім жүйе­сіне қатысты сын мен түсінік. Тара­тып айтсақ, оқу бағ­дарламаларының ­ескіруі, тәжі­рибелік білімнің аздығы, ғылым ­мен өндіріс ара­сындағы алшақтық жас­тарды шетелге қарай жетелейді.

Astana IT университетінің аға оқы­тушысы Әсем Құсманованың айтуынша, дамудың басты қозғаушы күші – әртүрлілік. Егер бір мәдени ортада өскен адам өзге бір мәдени кеңістікте білім мен тәжірибе жинап, өзінің әуелгі азаматтық бірегейлігін сақтай алса, бұл жағдай оның мәдениетіне, біліміне, ой-санасына үлкен әсер етеді. Өйткені мұндай тұлға білім, дағды мен тәжірибенің озық үлгі­сін бойына сіңіреді.

– Шетелдік студенттерге есігін айқара ашатын кез келген ел, әдетте, екі негізгі мүддені көздейді. Біріншісі – экономикалық мүдде. Шетелдік студент – оларға қаржылық қайнар, анықтай айтсақ, оқу ақысын төлеу, тұру, күнделікті тұтыну шығындары. Ал егер білім беру тегін болса, мемлекет көбіне түлекті кейін өз еңбек нарығына интеграциялауға немесе «жұмсақ күш» (soft power) деп аталатын тетікке пайдаланады. Бұл – білім алған елге, оның институттарына деген оң көзқарасты қалыптастыру деген сөз. Екіншіден, білім миграциясы зияткерлік капиталдың сыртқа кетуіне әкеледі. Шетелге оқуға баратындар – белгілі бір деңгейде сауатты, мақсатшыл әрі өмірлік энергиясы мол азаматтар. Экономикасы дамыған елде білім алған адамның сол мемлекетте қалу ықтималдылығы әрдайым жоғары», – дейді Әсем Құсманова.

Білім миграциясының ең үлкен қатері – «brain drain», яғни талант пен еңбек күшінің елден кетуі, сыртқа ағылуы. Мысалы, «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен оқы­ған кей азаматтар шетелде білім ал­ған соң, сол елде тұрақтап қалды. Бұл мемлекет қаржысы мен қоғамның үміті желге ұшқанмен бірдей. Бұл, әсіресе ғылым, медицина, инженерия, IT сияқты стратегиялық салаларда анық сезіледі. Сондай-ақ оның демографиялық, әлеуметтік салдары да бар. Белсенді, білімді жастардың азаюы ел ішіндегі жаңашылдықтың баяулауына, әлеуметтік инерцияға әкелуі мүмкін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті Журналистика факуль­тетінің қауымдастырылған профессоры Қарлыға Мысаеваның айтуынша, қазір көптеген жас білім мен мансап іздеп шетел асып жатыр. Бұл – жаһандану ықпалымен қарқыны күшейіп келе жатқан әлемдік үрдіс. Басқа елден «білім іздеу» үдерісі бұрын да болған. Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыздың тағ­дыр-талайы осының дәлелі. Сол себепті білім миграциясын ұлттық әрі жаһан­дық ықпал етудің көзі деген абзал.

– Ресми статистикаға сүйенсек, жыл сайын мыңдаған адам елден кетеді, оның басым бөлігі – жоғары білімді азамат­­­тар. Кейінгі жылдары жүргізілген әлеумет­­тік сауалнамалар ел тұрғындарының ­шамамен 20 пайызы, әсіресе жастар, шетелге көшу мүмкіндігін қарастыраты­нын көрсетеді. Ондаған мың студент шетел университеттерінде білім алуда, бі­рақ олардың барлығы бірдей елге орал­­майды. Бұған жоғары жалақы, да­мы­ған ғылыми инфрақұрылым және ман­­саптық мүмкіндіктер негізгі се­беп екені ақиқат. Басқаша айт­қан­да, ел­дегі өзгерістердің Әл-Фараби дәуі­рі­нен айырмашылығы, қазіргі ин­тел­лектуалдық көші-қон көбіне бір­жақты сипатқа ие. Яғни бұл «білім айна­лы­мынан» гөрі дамыған елдердің зият­керлік әлеуетінің артуына, дамушы мем­ле­кеттердің білікті мамандарынан қол үзуіне әкеледі, – дейді Қарлыға Нақысбекқызы.

Жаһандану дәуірінде миграция мен білім бір-бірімен тығыз байланыс­та дамып келеді. Әсіресе дамушы елдер үшін білікті кадрлардың шетелге кетуі қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр. Бұл үдеріс елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қауіп төндіре ме, әлде жаңа мүмкіндіктерге жол аша ма? Экономикалық зерттеулер бұл сұраққа біржақты жауап бере алмайды. Зияткерлік көштің салдары жоғары білікті мамандардың эмиграциясы кейбір елдерде өнімділіктің төмендеуіне, медицина, білім, инженерия сияқты маңызды қоғамдық қызметтердің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Әсіресе шағын әрі кедей мемлекеттерге – ауыр соққы.

Мұғалімдер мен дәрігерлердің эмиграциясы кей елдерде маман тап­шылығын күшейтіп, қызмет сапасына кері әсер еткен жағдай да жоқ емес. Мұндайда үкіметтің жоғары білімге деген ұзақмерзімді қолдауы әлсіреуі мүмкін. Шетелдік зерттеушілердің пікірінше, басты мәселе – миграция­ның өзін тоқтатуда емес, оны тиімді бас­қаруда. Үкіметтер білім, денсау­лық сақтау және қауымдық жобаларға бағыттауда белсенді рөл атқара алады.

Әсем Құсманованың айтуынша, шетелде оқу барысында ізденуші білім алған елдің бағыттарымен өмір сүреді: оның саяси, экономикалық үдерістерін бақылайды. Ал соның салдарынан өз еліндегі жағдайдан бейхабар қалуы ықтимал. Бұл азаматтық бірегейліктің әлсіреуіне, сондай-ақ елге оралғаннан кейін жұмысқа орналасу, өз әлеуетін жүзеге асыру барысында қиындық тудырады. Себебі әрбір білім беру жүйесі, ең алдымен, өз елінің еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлайды.

Ал Түркияда алты жылдан бері бі­лім алатын, Анкарадағы «Бірлік» сту­­денттер ұйымының басшысы Құрақ­бай Нұрқанат білім миграция­сы елге қауіп деген пікірмен мүлде келіс­пей­тінін жеткізді. Оның пікірінше, шетелде оқыған жастар сол елдің жоғары жалақысы мен өмір сүру деңгейін кө­ріп, қалып қояды деу – жаңсақ пікір. «Ата-бабадан қалған байлығымыз тек кең байтақ жермен, қазба байлығымен өлшенбейді. Ол – иілмейтін рух, елге деген іңкәрлік, жауапкершілік сезімі. Шетелде жүрген жастар сол рухты жоғалтпай, керісінше, дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесін, басқару мәдениетін, еңбек этикасын бойына сіңіреді. Олар елге тек дипломмен ғана емес, жаңаша оймен, нақты ұсыныспен, үлкен жігермен оралады. Алайда мәселе осы тұстан басталады. Елге оралған жас мамандардың озық бастамасын іске асыруға мүмкіндік беретін алаң жетіспейді. Жастардың әлеуеті бар, бірақ соны толық ашуға жағдай жасалмаған. Егер мемлекет пен қоғам қолдау көрсетіп, шетелде оқып келген жастардың басын қосатын нақты тетіктер – комитеттер, платформалар, жобалар құрылса, нәтижелі болар еді. Осы тұрғыдан алғанда, білім миграциясы дұрыс бағытта пайдаланылса, ол – еліміздің жарқын болашағына ­бастайтын үлкен мүмкіндік. Ең бастысы, жастарға сену, олардың күшіне серпін беру, ел дамуына қосар үлесін бағалай білу», дейді ол.

Кейінгі жылдары шетелде білім алуды таңдаған үндістандық студенттердің саны айтарлықтай артқан. Үндістанның Иммиграция бюросының (Bureau of Immigration) дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қазанына дейін елден 765 мың студент шетелге білім іздеп кеткен. Сараласақ, бұл үрдіс бірнеше факторға байланысты екен. Олардың қатарында жаһандық деңгейдегі білім алуға ұмтылу, мансаптық мүм­кін­діктердің кеңдігі және өзге мәдениет­тердің озық тұсын үйрену. Көптеген үнді студенті шетелде жоғары білім алуды ең алдымен академиялық бағдар­ламалардың жоғары сапасына байланысты таңдайды. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Аустралия, Канада сияқты елдердегі беделді университеттер тәжі­рибеге негізделген, дағды қалып­тас­тыруға бағытталған кешенді оқу бағ­дарламаларын ұсынады.

Бұл елдердің дипломдары мен сертификаттары әлемнің жетекші білім мекемелері тарапынан мойындалып, түлектің кәсіби беделін арттырады. Әрине, шетелде білім алудың артықшылықтарымен қатар белгілі бір қиындығы бар. Туған елді сағыну, мәдени күйзеліс, тілдік кедергілер мен қаржылық ауыртпалық – студенттер жиі кездесетін мәселелер. Дегенмен мұқият дайындық, сенімді қолдау ортасы және позитивті көзқарас арқылы бұл қиындықты еңсеріп, шетелде білім алу жолын өмірдегі аса құнды әрі нәтижелі тәжірибеге айналдыруға болады.

Қарлыға Нақысбекқызының сөзін­ше Әл-Фараби туған жерін физи­ка­­лық тұрғыда тастап кеткені­мен, интел­лек­туалдық тұрғыдан атажұртымен байланысын үзген жоқ. Оның мысалында елден кеткен әрбір білімді азаматты «жоғалған ресурс» деп емес, елдің атын әлемге танытатын мүмкіндік ретінде қарастыруға болатынын көрсетеді. Сол себепті білім миграциясын олқылық ретінде емес, отандық ғалымдар мен мамандардың әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне интеграциялануы арқылы елді дамыту тетігі ретінде бағалау маңызды.

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

22 Наурыз 2026 14:31see112

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

22 Наурыз 2026 16:56see112

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

22 Наурыз 2026 02:48see111

СҚО да жалған антивирус арқылы ақша ұрлау көбейді

22 Наурыз 2026 22:08see111

Волейбол: Жетісудың Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

22 Наурыз 2026 13:13see111

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

22 Наурыз 2026 12:29see110

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

22 Наурыз 2026 17:09see110

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

22 Наурыз 2026 12:16see110

Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

22 Наурыз 2026 07:14see109

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

22 Наурыз 2026 13:14see109

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

22 Наурыз 2026 09:39see109

Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

22 Наурыз 2026 11:56see108

Телефондарды қуаттап, су қорын жинап қойыңдар : Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына үндеу жасады

22 Наурыз 2026 21:43see108

Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

23 Наурыз 2026 11:37see108

Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады

23 Наурыз 2026 10:14see107

Қарағандыда қайғылы оқиға: жолдан өткен әйелдің үстіне жарық бағаны құлады

22 Наурыз 2026 18:17see107

Ақша мен банк: күнделікті қолдануға арналған нақты кеңестер

22 Наурыз 2026 21:26see107

Мөлдір бұлақ экологиялық акциясы: Оңтүстік өңірлердегі 28 бұлақ тазартылды

23 Наурыз 2026 15:25see107

ҚПЛ: Алтай мен Каспий тең нәтижеге қанағат білдірді

22 Наурыз 2026 18:46see107

Астрахан облысының Қазақстанмен сауда экономикалық байланысы тұрақты дамып келеді

23 Наурыз 2026 09:10see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары