Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Украина Польшадан дрондардың орнына жөндеу техникасын алғысы келеді БАҚ

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Украина дрондары Wildberries қоймаларына соққы жасады

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Instagram мен Facebook желілерінде жаппай ақау тіркелді

Иорданияда америкалық әскерилер қаза тапты, АҚШ Иранға жаңа соққылар жасады

20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап көз жұмды

Қарағандыда мерекелік іс шара кезінде робот ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

ФИФА президенті Джанни Инфантино Кабо Верде құрамасына алғыс айтты

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Алакөлде демалып жүрген әйел катерден ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды

2027 жылы жаһандық температура рекордтық деңгейге жетуі мүмкін климатолог

Абай облысында алты айда қол іздерінің көмегімен 92 қылмыс ашылды

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Испания құрамасы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін футбол әлемінің назары осы командаға ауды. Әрине, чемпиондық құрамдағы әр ойыншы алаңдағы шеберлігімен, талантымен және команданың жеңісіне қосқан үлесімен ерекшеленеді. Дегенмен олардың футболдан тыс өмірі, отбасы тарихы, балалық шағы мен қиындықтарды еңсеру жолы да көпшілікке қызық. Бұл шолуда кеше ғана әлемнің үздігі атанған Испания құрамасының бірқатар футболшысы туралы көпшілік біле бермейтін оқиғаларға тоқталамыз.

1. Ламин Ямальдың есімі 

Көпшілік «Ямальды» футболшының тегі деп қабылдайды. Алайда оның толық аты-жөні – Ламин Ямаль Насрауи Эбана. Яғни Ламин мен Ямаль – оның қосарланған есімі, ал Насрауи мен Эбана – әкесі мен анасының тектері.

Cadena SER таратқан мәлімет бойынша, Ламиннің ата-анасы Мунир Насрауи мен Шейла Эбана жас кезінде қаржылық қиындыққа тап болған. Олар Ламин және Ямаль есімді екі адамның үйінде тұрған, бірақ баспана ақысын төлеуге мүмкіндігі болмаған. Сонда Мунир оларға: «Болашақта ұлымыз дүниеге келсе, оған екеуіңнің есімдеріңді қоямыз» деп уәде берген. Кейін сол уәдесін орындап, баласына Ламин Ямаль деген ат қойған. Осылайша қазіргі әлем футболының ең танымал есімдерінің бірі қарапайым адамдарға білдірілген алғыстан пайда болған

2. Сәби Ямаль мен Лионель Месси

2007 жылы испаниялық Sport газеті, «Барселона» қоры және UNICEF қайырымдылық күнтізбесін дайындаған. Жоба аясында «Барселона» футболшылары жергілікті отбасылардың сәбилерімен бірге суретке түсуге тиіс болды. Ямальдың анасы арнайы жеребеге қатысып, оның отбасы кездейсоқ Лионель Мессиге бөлінген.

Фототүсірілім кезінде 20 жастағы Месси бірнеше айлық Ламинді шағын пластик ваннада шомылдырып отырғандай қалыпта суретке түскен. Фотоны фотограф Жоан Монфорт түсірген. Ол кезде Месси әлемнің үздік футболшысы атанып үлгермеген, ал кішкентай сәбидің болашақта «Барселона» мен Испания құрамасының жұлдызына айналатынын ешкім білмеген.

Сурет ұзақ уақыт назардан тыс қалып, 2024 жылы Ямальдың әкесі оны әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін ғана әлемге тарады. Кейін фотограф пен ұйымдастырушылар оның шынайы екенін растады. Бір кадрда футболдың екі дәуірінің өкілі қатар тұрғандықтан, жанкүйерлер оны «екі аңыздың басталуы» деп атады

3. Сахара шөлін кесіп өткен

Мария мен Феликс Уильямс жақсы өмір іздеп, Ганадан Еуропаға аттанған. Сапардың бір бөлігін адам лық толы жүк көлігінде өткізсе, бірнеше күн бойы жаяу жүруге тура келген. Олар Сахара шөлін азық-түліксіз және сусыз кесіп өтіп, жолда қаза болған адамдарды да көрген. Жүкті Мария кейін Испанияның Солтүстік Африкадағы Мелилья қаласын қоршаған дуалдан асып өткен.

Испанияға келген соң ерлі-зайыпты ұсталғанымен, оларға Caritas ұйымымен байланысы бар заңгер көмектескен. Кейін отбасы Памплонаға көшіп, дін қызметкері Иньяки Мардонеспен танысқан. Ол отбасына киім мен баспана табуға көмектесіп, тұңғыш ұлдың кіндік әкесіне айналған. Иньяки Уильямстың есімі де сол адамның құрметіне қойылған.

Нико сегіз жылдан кейін Испанияда дүниеге келген. Әкесі отбасын асырау үшін Лондонға барып, он жылдай түрлі жұмыс істеген кезде, ағасы Иньяки інісіне әкесіндей қамқор болған. Сондықтан ағайынды Уильямстардың қарым-қатынасы бір командада ойнайтын екі бауырдың байланысынан әлдеқайда терең. 

4. Футболмен қатар университетте оқыған

Испания құрамасның капитаны, турнирдің ұздік ойыншысы Родри «Вильярреал» мен «Атлетико» сапында ойнап, кейін «Манчестер Ситиге» ауысқан кезеңде де оқуын тастамаған. Ол Кастельондағы университетте бизнесті басқару мамандығы бойынша білім алып, диплом иеленген.

Футболшы таңертең командамен жаттығып, түстен кейін сабаққа барған. Оның айтуынша, университет кестесі уақытын өз бетінше жоспарлауға мүмкіндік берген. Жоғары деңгейдегі футболдан кейін дәріс тыңдау оған ойын қысымынан уақытша алшақтап, басқа мәселелерге назар аударуға көмектескен.

Родри атақты футболшы болғанына қарамастан, қарапайым студенттер жатақханасында тұрған. Онда шамамен 400 студент өмір сүрген. Дәл сол жатақханада ол медицина мамандығында оқып жүрген Лаурамен танысқан. Родри кейін студенттік кезеңді өміріндегі ең жақсы уақыттардың бірі деп атады

5. Жанкүйерлерінің ортасында өскен

Педридің «Барселонаға» деген ықыласы клубқа ауысқаннан кейін пайда болған жоқ. Оның отбасы Тенерифедегі Тегесте қаласында дәмхана ұстаған. Кейін бұл орын Tasca Fernando атты мейрамханаға айналған.

Педридің атасы осы жерде «Барселонаның» жергілікті жанкүйерлер клубын құрған. Әкесі сол дәстүрді жалғастырып, мейрамханада каталониялық клубтың ойындарын тұрақты көрсетіп отырған. Педри бала кезінде туыстары және ауылдастарымен бірге «Барселонаның» матчтарын сол жерде тамашалаған.

Оның ата-анасы да осы мекемеде жұмыс істеп жүріп танысқан: әкесі сусындар сатылатын бөлікті басқарса, анасы асүйде еңбек еткен. Педри бала кезінде мейрамхананың төменгі қабатында немере бауырларымен доп теуіп, ыдыстар мен шамдарды сындырып алмауға тырысқанын еске алған. Қазір сол жанкүйерлер бұрын экраннан «Барселонаны» көрсе, енді өз ауылынан шыққан Педридің ойынын көру үшін жиналады

6. Психологтың көмегі

Финалда жеңіс голын соққан Ферран Торрес «Барселонаға» ауысқаннан кейін бірден өз мүмкіндігін толық көрсете алмады. Аяқ жарақаты, ойын тәжірибесінің азаюы, жанкүйерлер мен баспасөздің сыны оның өзіне деген сеніміне әсер еткен. 2022 жылы «Барселона» Еуропа лигасында «Айнтрахтқа» жол бергеннен кейін футболшы өзін «түбі жоқ шұңқырға түскендей» сезінгенін айтқан.

Осы кезеңде Торрес кәсіби психологпен жұмыс істей бастаған. Ол маманға аптасына бір, кейде екі рет барып, тек футболды емес, бала кезінен бастап бүкіл өмір жолын талқылаған. Футболшының сөзінше, терапия оған өзіне тәуелді нәрселерге ғана назар аударуды және сәтсіздіктерді жеке басының құлдырауы деп қабылдамауды үйреткен.

Торрес өзін артық сыннан қорғау үшін спорт басылымдарын оқуды және әлеуметтік желідегі пікірлерді қарауды азайтқан. Тіпті кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының парақшаларын бұғаттап тастағанын жасырмай айтқан. Ал оның «Акула» деген лақап аты жаңа психологиялық ұстанымын – үнемі алға ұмтылу, бәсекеге қабілетті болу және сәтсіздіктен кейін қайта оралу ниетін білдіреді

7. Бапкердің суретін денесіне салдыруға уәде берген

2026 жылғы әлем чемпионатының финалы қарсаңында Марк Кукурелья Испания кубокты жеңіп алса, бас бапкер Луис де ла Фуэнтенің бейнесін денесіне татуировка ретінде салдыратынын мәлімдеген.

Испания Аргентинаны 1:0 есебімен жеңгеннен кейін бас бапкер қорғаушының уәдесін бірден есіне салды. Де ла Фуэнте ойыншыларының сөзінде тұратынына сенетінін айтып, өзінің «соншалықты ұсқынсыз емес екенін» әзілмен жеткізді. Ал суретті дененің қай бөлігіне салдырған дұрыс деген сұраққа, оны көпшілікке көрінбейтін жерге орналастыруға болатынын айтты.

Әзірге Кукурельяның татуировканы жасатып үлгергені ресми түрде расталған жоқ. Бірақ чемпиондық той аяқталғаннан кейін жанкүйерлер оның уәдесін орындауын күтіп отыр

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 14:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see131

Украина Польшадан дрондардың орнына жөндеу техникасын алғысы келеді БАҚ

19 Шілде 2026 10:11see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see117

Украина дрондары Wildberries қоймаларына соққы жасады

19 Шілде 2026 12:16see115

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see115

Instagram мен Facebook желілерінде жаппай ақау тіркелді

19 Шілде 2026 15:22see114

Иорданияда америкалық әскерилер қаза тапты, АҚШ Иранға жаңа соққылар жасады

19 Шілде 2026 12:41see114

20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады

19 Шілде 2026 17:55see114

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see113

Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап көз жұмды

19 Шілде 2026 19:12see113

Қарағандыда мерекелік іс шара кезінде робот ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды

19 Шілде 2026 12:28see113

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see111

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see108

ФИФА президенті Джанни Инфантино Кабо Верде құрамасына алғыс айтты

19 Шілде 2026 14:04see108

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see107

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see106

Алакөлде демалып жүрген әйел катерден ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды

19 Шілде 2026 09:27see105

2027 жылы жаһандық температура рекордтық деңгейге жетуі мүмкін климатолог

19 Шілде 2026 17:27see105

Абай облысында алты айда қол іздерінің көмегімен 92 қылмыс ашылды

19 Шілде 2026 13:43see105

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары