Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

Алматыда құрылыс компаниялары жаппай лицензиясынан айырылып жатыр

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосатыны белгілі болды

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

Бірінші Түркология құрылтайы: 100 жылдан соң..

Бірінші Түркология құрылтайы: 100 жылдан соң..

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бір ғасыр бұрын дәл осы уақытта Баку қаласында тұңғыш рет бауырлас елдердің түрколог ғалымдары бас қосып, ортақ әліпби, терминдерді біріздендіру, оқу-әдістемелік мәселелері, түбі бір туыс халықтар арасындағы әдеби-тілдік байланыстарды нығайту, түркі тілдерінің теориялық зерделенуі қатарлы қазірге дейін өзекті тақырыптарды талқылады. 1926 жылғы 26 ақпанда басталған 17 секциядан тұратын, 131 делегат қатысқан аса ауқымды жиын 5 наурызда мәресіне жеткен еді.

Түбі бір түркі жұрты өкілдерін түгел жинаған

Осыдан тура жүз жыл бұрын Бакудегі әйгілі Исмаил сарайында (1945 жылдан бері Әзербайжан Ұлттық Ғылым ака­де­миясының ғимараты) өз жұмысын бастаған Бірінші Түркология құрылтайы күллі түр­кі дүниесінің тарихында айрықша орын алатын айтулы оқиға болды.

Әрине, сол кезеңнің тарихи жағдайы, құрылтайды өткізудің себептері мен саяси астары, оның ішінде кеңестік билік пен большевиктік партияның белгілі бір мақсаттары бұл оқиғаны түрлі қырынан бағалауға мүмкіндік береді.

Алайда бір ақиқат даусыз: Құрылтай қорытындылары түркі халықтарының ғы­лыми және мәдени дамуына серпін беріп, білім мен сауаттылықтың кеңінен тара­луына жол ашқан бетбұрыс кезеңге айналды. Осы тұрғыдан алғанда, Бірінші Түркология құрылтайы ХХ ғасырдағы мәдени тарихымызда ерекше рөл атқарды.

Құрылтай түркі халықтарының тари­хында бірнеше себепке байланысты айрық­ша маңызға ие. Оның құжаттарын мұқият зерделесек, ұйымдастырушылары большевиктік идеология аясында әрекет еткеніне қарамастан, құрылтайдың тарихи миссиясын ғылыми әрі саяси тұрғыдан дәл бағамдай білгенін көреміз. Бұл 1920-жыл­дардың ортасында Кеңес Одағында салыстырмалы түрде ой және сөз еркіндігі сақталған кезеңде мүмкін болды.

Құрылтайдың тарихи маңызын Ұйым­дастыру комитетінің төрағасы, Әзербайжан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Самед аға Ағамалыоғлы ашылу сөзінде былай деп атап өтті: «Тарихта тұңғыш рет барлық түркі-татар халықтарының өкілдері бауырластық құрылтайда бас қосып, өз мәдениетіне қатысты ең маңызды әрі өзекті мәселелерді талқылап, шешу мүмкіндігіне ие болды. Бұған дейін түркі-татар халықтарының бүкіл тарихында мұн­дай ауқымды оқиға болмаған».

Расында да, 1926 жылы алғаш рет барлық түркі халықтарының өкілдері – зиялы қауым, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Бакуде жиналып, ортақ тарих, мәдениет, этнография, түркі тілдері мен әліпби мәселелерін бірлесіп талқылап, маңызды шешімдер қабылдады.

Тарихи басқосуға Қазақстан тарапынан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен мем­лекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов бастап, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеев және Әзиз Бай-Сейдули қатысты. Айта кету керек, жиын барысында А.Бай­тұрсынұлының еміле туралы айт­қандары кең талқыланып, көптің назарын аударғаны белгілі. Бұл қазіргі күні де өзектілігін жоймаған маңызды ұсыныстар әрі толық ғылыми дәйектелген тұжырымдар еді. Құрылтайдағы қорытынды сөзінде ол: «Жолдастар, осы Құрылтайда біз түркі халықтарының шынайы оянуын көрдік. Мұнда түркі халықтарының өкілдерінің қатысуымен ғылыми және тұрмыстық мәселелер кеңінен талқыланды» деген еді. Бұдан әрі Ахаң барша мәдени жетіс­тіктерді аз ғана топтың емес, барша адам­заттың игілігіне айналдыруға үндеді: «Ғылым мен білімнің мақсаты – адамзат­тың азабын жеңілдету, өмір игіліктері мен тұрмыс жағдайын арттыру... Алайда бұл жетістіктер бүкіл адамзаттың күш-жігерінің жемісі болғанымен, олар бүкіл адамзатқа бірдей қызмет ете қойған жоқ. Себебі бұл мәдени жетістіктерді империа­листер, капиталистер және отарлаушылар иеленіп алды», деп атап өтті.

Құрылтайда түркі тілдеріндегі диалект туралы баяндама жасаған көрнекті ғалым Бекир Чобанзаденің, әйгілі түркологтар В.Бартольд, А.Миллер, А.Самойлович, Н.Поппе секілді ғалымдардың ұсыныстары басқосудың қабылданған құжаттарында көрініс тауып, алғашқыда үлкен ынтамен қолға алына бастады. Алайда артынша кең­естік саясат тоқтау салып, қатысушы­ларды әртүрлі айыптармен қырына алғаны белгілі...

Татар делегациясын басқарып келген жазушы, білікті тілші-ғалым Галимджан Ибрагимов латын әліпбиіне көшудің кері ықпалдары туралы айтса, қырғыз халқының жас та болса басы саналатын өкілі Қасым Тыныстанов оның тиімді жақтарын зер­делеп берді. Осындай шынайы пікірталас нәтижесінде туындаған ортақ әліпби тура­лы аса құнды ойлар басқосу стено­граммасына қатталып, біздің қолымызға жазалау саясатынан аман жетті. 

Арада ғасырға жуық уақыт өткен соң Түркі академиясының бастамасымен құрылған Ортақ әліпби жөніндегі мем­ле­кетаралық комиссия өз жұмысы бары­сында сол пікірлерді де ескерусіз қалдырған жоқ.

Ақиқат ашық айтылды

Құрылтайдың тағы бір маңызды қыры – түркі халықтарының мәдени және экономикалық тұрғыдан түбегейлі ілгерілеу қажеттігін түсінуі болды.  Күн тәр­тібіне сауаттылық пен мәдени даму дең­гейіндегі арт­та қалушылықты жою мін­деті шықты. Бұл мәселеге қатысты Әзербайжан Ре­волюциялық комитеті төрағасының орынбасары Мирза Давуд Гусейнов өз сөзінде тарихи себептерге тоқталды: 

«Түркі халықтары сан жағынан КСРО халықтарының қатарында алдыңғы орын­дардың бірін алады. Олар Алтай тау­ларынан бастап ұлы Еділ аңғарларына дейін, биік Кавказ тауларынан әсем Қырымға дейін кең аумақтарды мекендейді. 

Сәл бұрын ғана, шамамен он жыл ертерек, бұл халықтар патша билігінің ауыр езгісінде болды. Патшалық билік тек орыс жұмысшылары мен шаруаларын ғана емес, барлық басқа халықтарды да басып жаншыды. Әсіресе, бұл езгі ұлттық азшылықтар үшін, яғни көпшілік емес халықтар үшін өте ауыр әрі қатаң болды.

Сонымен қатар патша үкіметі орыс емес халықтарға орыстандыру саясатын жүргізді. Оның мақсаты – орыс емес халық­тарды жою және орыстандыру бол­ды. Әйтпесе, патша үкіметінің Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Қазақстан аумақтарын басып алуын және оларға қосуын, сондай-ақ «түрік» деген сөзді заңсыз деп жариялап тыйым салуын түсіндіру мүмкін болмас еді», – деді ол сөз сөзінде.

Мұндай тарихи шындықты Ресейдің мемлекеттік және ғылыми қайраткерлері қатысқан халықаралық маңызды кездесуде ашық айту сөзсіз батылдықты қажет етті. Осыны ескерсек, 1930-жылдардың соңын­да тек Құрылтайға қатысқан ғалымдар ғана емес, оны ұйымдастырған Кеңес мем­­лекеті мен большевиктік партия өкіл­дері де қатаң репрессияға ұшырағаны таңғалдырмайды. Солармен қатар осындай көзқарастарды ашық білдіргендер де, жай ғана тыңдағандар да, 1930-жылдары жаңа саясаттың жауы деп жарияланып, жазалауға ұшырады.

Білім мен ғылымға үндеген

Түркология құрылтайының тарихи мәнінің тағы бір қыры – түркі тілдеріндегі әліпби, емле және терминология мәселелерінің қаралуы. Сонымен қатар халықтың сауатын ашу, білім деңгейін көтеру және әсіресе ана тілінде білім беруді дамытуға бағытталған нақты шараларды қабылдау қажеттігі айтылды.

Сол Құрылтайдағы сөзінде Мирза Давуд Гусейнов тағы бір айтқаны ойға оралады: «Біздің халықтар, әсіресе, түр­кілер, мәдениет пен сауаттылық саласында ауыр қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Алдыңғы қатардағы Әзербайжан мен Түрікменстан сияқты республикаларды алғанның өзінде, олардың сауаттылық деңгейі тек 10-15 пайызды ғана құрайды. Біз әлдеқайда алға жылжи алар едік, тә­жірибеміз көрсеткендей, ең бастысы – сауаттылық. Бұл жолдағы басты кедергі – біздің әліпбиіміз, яғни араб жазуы. Бар­лығы мойындайды, қазіргі күйінде бұл әліпби біз үшін елеулі тосқауыл болып отыр».

Осы мәселеге қатысты өзінің кіріспе сөзінде Күнгей Кавказ Социалистік Фед­ерациялық Кеңестік Республикасы үкіметінің төрағасы Газанфер Мусабеков:

«Түркология құрылтайының алдында практикалық маңызы бар бірқатар міндет тұр. Бұл тек тіл мен терминологияны дамыту, сауатсыздықты жою сияқты ірі мәселе ғана емес, сонымен қатар орта және жоғары оқу орындарында ана тілінде білім беру, оқулықтарды ұлттық тілдерге аудару сияқты жұмыстарды да қамтиды. Алайда бұл маңызды іс-шаралар көбіне тіл мен терминологияның толық дамы­мағанынан кедергіге ұшырайды. Осы күрделі мәселелерді шешуде біз Түркология құрылтайынан үлкен үміт күтеміз», – деді.

Осылайша, Бірінші Түркология құрылтайы түркі халықтарының ғылыми және мәдени өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталып, әсіресе түркі халық­тарының латын әліпбиіне көшуі сияқты тарихи маңызы зор міндетті табысты жүзеге асырды.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған Құрыл­тай табысты болды. Көптеген маңызды шешімдер қабылданды. 

Атап айтқанда, жаңа түркі (латын) әліпбиінің араб және реформаланған араб әліпбиіне қарағанда артықшылықтары мен техникалық тұрғыдан басымдығы, сондай-ақ араб жазуымен салыстырғандағы оның мәдени-тарихи әрі прогрессивтік маңызы көрсетіліп, жаңа әліпбиді енгізу ұсынылды.

Түркі тілдерінің жан-жақты зерттелуі, салыстырмалы-тарихи грамматикалары, салыстырмалы этимологиялық сөздіктерін әзірлеу жұмыстарын қолға алу қажеттігі пайымдалды.

Түркі халықтарының ана тілін тиімді оқыту үшін мұғалімдерді сапалы даяр­лаудың маңызы, сауат ашуда, түркі тілдерін оқытуда негізгі материал ретінде халық ауыз әдебиеті үлгілері алынуға тиіс екендігі, ал әдебиетті оқытуда басқа түркі халық­тарының әдебиеттерімен де қысқаша таныс­тыру керек екендігі келісілді.

Түркі халықтарының тарихын зерттеуде археологиялық қазба жұмыстарының, әсіре­се, керуен жолдарына археологиялық зерттеу жүргізудің маңыздылығына тоқ­та­лып, маңызды тарихи дереккөздерді түркі тілдеріне аудару мәселесі мен соңғы жыл­дардағы экономикалық әрі әлеуметтік тарихи зерттеулердің қажеттілігі атап өтілді.

Түркі тілдерінің емлесінде фонетикалық қағидатты ұстанудың қажеттілігі мен араб әліпбиінің жаңа емлеге негіз бола алмай­тындығы баса айтылды.

Сонымен қатар термин сөздерді түркі тілдерінің сөздік қорынан алудың тиім­ділігіне баса назар аударылды.

Ортақ әліпби – орындалған аманат

1937-1939 жылдардағы саяси қуғын-сүргін бұл жетістіктерге тоқтау салғанымен, Құрылтайдың тарихи маңызы ұмытылған жоқ. Сол себепті де 1991 жылы көптеген түркі халықтары мемлекеттілігін қалпына келтіріп, тәуелсіздігін жариялағаннан кейін латын әліпбиіне көшу мәселесі қайтадан күн тәртібіне енді.

2023 жылы Халықаралық Түркі академиясының үйлестіруімен және Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының қолдауымен мемлекетаралық Ортақ түркі әліпбиі комиссиясы құрылғанын мақтан­ыш­пен атап өте аламын. Академия бұл үдерісте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің тіл білімі институттарымен, Түрік тілі құрымымен және жетекші тіл мамандарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, 2024 жылғы 11 қыркүйекте Бакуде өткен комиссияның үшінші отырысында латын графикасына негізделген 34 әріптен тұратын Ортақ түр­кі әліпбиі қабылданды.

Осылайша, Түркі академиясы мен серіктес ұйымдар халық ағарту ісі мен ұлттық мәдениеттің дамуына өмірін ар­на­ған 1926 жылғы құрылтай қатысушылары мен ұлы тұлғалардың алдындағы парызы­ның бір бөлігін орындады. 

Академия ортақ әліпби үлгісін қабыл­даумен тоқтап қалмай, Абайдың «Қара сөздері» мен Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повесін алғаш рет тәжірибе жүзінде аталған қаріптермен басып шығарды. Оқырман қауым жылы қабылдап, аз ғана уақытта түгелдей таратылып кетті. Оларды бүгінде екінші басылымға әзірлеудеміз. Сондай-ақ, бұдан бөлек бірнеше танымал туындыны осы дәстүрмен оқырман наза­ры­на ұсыну биылғы жоспарымызға ен­гізілген. Осылайша, бір ғасыр бұрын, Бакудегі Бірінші түркология құрылтайында көтерілген бастама жүзеге асып, қолданыс­қа енгізіле бастады деуге негіз бар. 

Шахин МҰСТАФАЕВ,

Халықаралық Түркі академиясының

президенті, академик

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 06:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Баку Тбилиси Карс теміржолы ашылды

03 Маусым 2026 10:49see116

Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

03 Маусым 2026 10:59see115

Алматыдағы такси сапары боевик сюжетіне айналды

03 Маусым 2026 17:41see115

Депутат мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысын сынға алды

03 Маусым 2026 12:45see113

Алматыда құрылыс компаниялары жаппай лицензиясынан айырылып жатыр

03 Маусым 2026 10:35see113

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see113

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see113

Жүк көліктеріне қала ішінде жүруге тыйым салына ма?

03 Маусым 2026 13:25see113

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see112

Қазақстанда 400 ден астам кипрлік компания жұмыс істейді

03 Маусым 2026 19:04see112

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see111

Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

03 Маусым 2026 10:48see111

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see111

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see110

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосатыны белгілі болды

03 Маусым 2026 18:55see110

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see110

Еңбек өтілі 30 жыл, бірақ зейнетақы аз Парламентте қазақстандықтарға төленетін төлемдер мәселесі көтерілді

03 Маусым 2026 14:23see108

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

03 Маусым 2026 10:39see108

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

04 Маусым 2026 17:44see106

Сәтбаевтағы стадионда жас вандалдар ойран салды іс қозғалды

03 Маусым 2026 20:10see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары