Бірыңғай QR арқылы бір аптада 1 миллионға жуық төлем жасалды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: ЖИ
Ұлттық банк 17 шілдеде жаңа қызметтің таныстырылымын өткізді. Жаңа сервис 19 шілдеден бастап барлық екінші деңгейлі банктерде іске қосылды.
Бірыңғай QR кәсіпкерлерге әртүрлі банктердің клиенттерінен бір терминал арқылы QR-төлем қабылдауға жағдай жасайды. Бұл бірнеше POS-терминалды қатар пайдаланудың қажеттілігін азайтып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Ұлттық банк жаңа төлем жүйесінің жұмысын және банктердің тарифтік саясатын тұрақты бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Жүйе арқылы телефон нөмірі бойынша жүзеге асырылатын банкаралық аударымдар үшін Ұлттық төлем корпорациясы банктерден де, олардың клиенттерінен де комиссия алмайды.
Ведоство мәліметінше, 17 шілдеден бері Бірыңғай QR жүйесі арқылы 1 миллионға жуық транзакция жүзеге асқан. Бұл ел тұрғындарының жаңа төлем жүйесіне жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетіп отыр.
Алдағы уақытта жүйе негізінде төлемге сұраныс жіберу, мемлекеттік органдармен есеп айырысу және трансшекаралық төлемдер сияқты жаңа қызметтерді енгізу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, жаңа жүйенің таныстырылымында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 194 трлн теңгеге жеткенін атап өткен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:42
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 19:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















