Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Біз білуіміз керек . Депутат Базарбек жағымсыз құжатты көрсетті

Біз білуіміз керек . Депутат Базарбек жағымсыз құжатты көрсетті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Депутат Бақытжан Базарбек жеке сот орындаушыларының (ЖСО) жұмысындағы ауқымды заңбұзушылықтар туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Бас прокуратураның ұсынысына сәйкес, кейбір ЖСО ақшалай қаражатты, соның ішінде алимент төлеуге арналған қаржыны жымқырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты бұл туралы атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналған заң жобасын талқылау кезінде айтты. Сөз "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жайында болып отыр. Құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Депутат Базарбек талқыланып жатқан түзетулер Бас прокуратураның 2022 жылғы 5 шілдедегі ұсынысына негізделгенін атап өтті.

"Мұны есту өте жағымсыз болады, бірақ біз мұндай заңды не үшін қабылдап жатқанымызды білуіміз керек", - деді депутат.

Базарбектің айтуынша, Бас прокуратураның ұсынысына сәйкес, 88 жеке сот орындаушысы 660 түрлі алаяқтық әрекеттер мен айла-шарғылар жасаған.

Депутат құжатта қадағалау органының мәліметі бойынша заңбұзушылықтарға жол берген жеке сот орындаушыларының тегі көрсетілгенін хабарлады. Базарбек Мәжіліс залында бірқатарын оқып берді.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Бүгін 08:10 1

Мысал ретінде ол Бас прокуратураның ұсынысындағы ЖСО-лардың шоттардан ақша жымқырған, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың алиментіне арналған қаражатты иемденген жағдайларын атады.

"ЖСО алиментке, тәрбиеленушіні асырауға бағытталған ақшаны жымқырып, өз қажетіне жұмсаған. Павлодар облысында ЖСО үш жыл бойы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуге арналған ақшаны иемденіп келген", - деді Базарбек.

Сонымен қатар депутат Алматыда 9 жеке сот орындаушысы ағымдағы шоттан 23 миллион теңгені алғанын, Қарағанды облысында 110 миллион теңгенің заңсыз алынып, жұмсалғанын мәлімдеді. Ақмола облысында үш жеке сот орындаушысы бюджетке аударылуы тиіс сомаларды иемденіп кеткен.

Базарбектің сөзінше, Батыс Қазақстан облысында қаражаттың жеке сот орындаушыларының жұбайлары мен жақын туыстарына аударылу фактілері анықталған. Сондай-ақ депутат 16 ЖСО ақша аудармай, "олардың іс жүзінде жоғалып кеткеніне" қатысты 134 фактіні атап өтті.

Базарбек Бас прокуратураның ұсынысынан кейін неге заңбұзушылардың барлығы бірдей жауапкершілікке тартылмағанына наразылық білдірді.

"88 ЖСО-ның бар болғаны 9-ы ғана... арасында бұл ақшаны іс жүзінде иемденіп алғандар бар, олар жауапкершіліктен босатылған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ, лицензиясынан айыру бойынша іс жүргізу басталмады. Әділет министрлігі бұл лицензиялардан айыру туралы талап арыздарды жолдаған жоқ", - деді депутат.

Оның айтуынша, дәл осы себепті қабылданып жатқан заң жобасы "атқарушылық іс жүргізу саласын жосықсыз жеке сот орындаушыларынан тазартуға" тиіс.

Базарбек түзетулер атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың қорғалуын күшейтетінін атап өтті. Атап айтқанда, борышкерлерді үйден шығару туралы 10 күн бұрын хабардар ету, егер ұсыну мерзімі өтіп кетсе, мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтату, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерден өндіріп алуды 25 пайыздан асырмау ұсынылады.

Сонымен қатар заң жобасында ЖСО жауапкершілігін күшейту ұсынылады: білімін тексеруді қоса алғанда аттестация енгізу, көмекшілер мен стажерларға қойылатын талаптарды қатаңдату, әділет органдарының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ ЖСО-ның шоттары бойынша банктік үзінді көшірмелерді талап ету құқығын беру көзделген.

"Бұл заң жобасымен біз өндіріп алушының емес, қарапайым азаматтың мүддесін бірінші орынға қоямыз. Адамды бірінші орынға қоятын уақыт келді", - деп түйіндеді Базарбек.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 18:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары