Бомба қойдым : Алматыда 56 жастағы ер адам полицияға хабарлама қалдырған
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 15 тамыз - Sputnik. Алматыда полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетіп, ғимарат пен оған іргелес аумақты мұқият тексерді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар, құрылғылар, оқ-дәрілер өзге де заттар анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында басқарма қызметкерлері аталған хабарламаны жасаған адамды анықтады. Ол 56 жастағы ер адам болып шықты. Ер адам іс жүзінде ешқандай жарылғыш зат қоймағанын және ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны қасақана жасағанын мойындаған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:108
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 21:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















