Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Босқын миллиардер Балушкиннің бұрынғы зауытының жаңа иесі анықталды

Босқын миллиардер Балушкиннің бұрынғы зауытының жаңа иесі анықталды

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Өскеменде сотталған Анатолий Балушкинге тиесілі болған құрылысы аяқталмаған "Азия Авто – Бипэк Авто" автозауыты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне беріледі, мән-жайды Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Мән-жайы

Бұған дейін электрондық сауда порталында лот пайда болған еді - құрылысы аяқталмаған "Азия Авто Қазақстан" толық циклді көлік зауыты жер учаскелерімен және аумақтағы барлық ғимараттар мен құрылыстармен бірге.

Нысан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің балансында болған.

Бұл ретте порталда зауыт пен жер телімдерінің құны 0 теңге мөлшерінде көрсетілген. Сондай-ақ нысанның кімге берілетіні және болашақта бұл алаңды қалай пайдалану жоспарланып отырғаны нақтыланбаған болатын.

Скриншот: e-qazyna.kz порталынан

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Бүгін 08:10 1

Зауыт әкімдікке беріледі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі құрылысы аяқталмаған зауыттың қазір кімге тиесілі екеніне қатысты мәліметті нақтылады.

"Аяқталмаған зауыттың тәркіленген мүлкін Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті әкімдіктің балансына беру процесі жүріп жатыр", – деп хабарлады әкімшіліктегілер.

Сонымен қатар әкімдік өкілдері аумақты қалай пайдалануды жоспарлап отырғандарын айтты.

"Әкімдік бұл алаңды кәсіпкерліктің барлық түрі мен өнеркәсіпті дамыту үшін пайдалануға мүдделі", – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі әкімдік нысанды тәркіленген мүлікті беру рәсімі аясында конкурстық негізде алғанын атап өтті. Ол әкімдік балансына тегін берілді.

Зауыт аумағында не бар?

Құжаттарға сәйкес, зауыт аумағындағы тауарлар мен материалдар шамамен 124 миллион теңгеге бағаланған.

Фото: e-qazyna.kz порталынан

Онда барлығы 37 мыңнан астам мүлік бірлігі: киіз етік, кулер мен суреттерден бастап, радиаторлар, цистерналар, балғалар мен плинтустарға дейін бар.

Бағалау туралы есепте көрсетілген нысанның қорытынды құны, егер есеп жасалған күннен бастап мәміле жасалған немесе жария оферта жарияланған күнге дейін алты айдан аспаса, мәміле үшін ұсынылатын құн болып есептеледі, делінген құжатта.

Фото: e-qazyna.kz порталынан "Бипэк Авто" ісі

2021 жылдың тамызында сол кезде Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізіміне кірген қазақстандық бизнесмен Анатолий Балушкинге іздеу жарияланған. Ол "Азия Авто" АҚ компаниялар тобының иесі болды.

Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты 190-баптың 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. 2023 жылдың ақпанында Балушкин тергеу амалдарына жария түрде шақырылды. Алайда ол келмеді.

Нәтижесінде 2025 жылы бизнесмен Анатолий Балушкин 9 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Істің екінші фигуранты Ерік Сағымбаев осы айыптар, сондай-ақ салық төлеуден жалтару бабы бойынша 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Екеуі де сырттай сотталды.

Анатолий Балушкин. Фото:facebook.com/bipek.kz

Сот 2013-2020 жылдар аралығында Балушкин мен оның сыбайласы "Азия Авто – БИПЭК Авто" арқылы әрекет етіп, 66 миллиард теңге несие алып, оны жылыстатқанын анықтады.

Активтерді жасыру мақсатында 2019-2020 жылдары жаңа компаниялар құрылып, оларға мүліктер қайта жазылған. Бұдан бөлек, 2020 жылы жетіспеушілікті жабу үшін 3,9 миллиард теңгеге "сыйақылар" ресімделген, бірақ іс жүзінде бұл ақша қызметкерлерге төленбеген.

Сондай-ақ компанияның 2010-2020 жылдар аралығында салықтық жеңілдіктерді пайдаланғаны, бірақ өз міндеттемелерін орындамағаны белгілі болды. Жеңілдіктер жалған құжаттар арқылы ұзартылған, кейін сот бұл келісімдерді жарамсыз деп таныды.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 173 миллиард теңгеге бағаланды.

Бір жыл бұрын Анатолий Балушкин Шешенстан басшысының көмекшісі, "Ахмат" арнайы жасағының командирі Апти Алаудиновтың Telegram-арнасындағы видеода көрінді. Видеода Балушкин "Ахмат" командирінің иелігіне "Пластун" транспортерін тапсырып жатқан болатын.

Қазақстан Балушкинді жазасын өтеу үшін Ресейден қайтаруға әрекеттенді. Алайда Ресей Әділет министрлігі Қазақстанның бұл өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 20:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары