Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Бозымбаев су тасқынына қарсы жұмыстарды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Вице-премьер су шаруашылығы нысандарының, жолдар мен көпірлердің, жедел ден қою күштері мен құралдарының дайындығын тексеріп, "Talsim" жүйесінің болжамдық деректерімен және "Tasqyn" жүйесіндегі су тасқынын модельдеу нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар қауіп деңгейі жоғары аймақтарға жатқызылған өңірлердің есептері тыңдалды.

"Өңірлерде су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 831 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, топырақ үйінділері тұрғызылды. 1 мың шақырымнан астам дренаж жүйелері, арналар мен арықтар жөнделіп, қайта салынды", - деп жазылған хабарламада.

Автомобиль және теміржол учаскелерінде 934 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында көпірлерге күрделі жөндеу жүргізілді. Су тасқыны қаупі бар өзен учаскелерінде шамамен 166 шақырым арнаны тереңдету, 255 шақырым жағалауды бекіту, 221 шақырым арналарды түзеу және 172 шақырым су арнасы мен өзен арналары тазартылды.

"Қазгидромет" РМК-ның алдын ала гидрологиялық болжамына сәйкес, биылғы көктемде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады. Осыған байланысты өңірлердегі су тасқыны қаупіне алдын ала баға берілді.

Премьер-министрдің орынбасары көктемнің басы жылы әрі жауын-шашынды болатынын атап өтті. Өткен күзде толассыз жауған жаңбыр бірқатар өңірде жер бетінде мұз қыртысының түзілуіне әкелген, бұл су тасқыны жағдайын күрделендіруі мүмкін.

"Түрлі жағдайға дайын болып, қажетті шараларды алдын ала қабылдау маңызды. Бұл, әсіресе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Абай облысының әкімдіктеріне қатысты, өйткені ол өңірлерде бірқатар мәселе бар, ал олардың кейбірі бойынша шешім әлі күнге дейін қабылданбаған", — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер барлық әкімдікке қажет болған жағдайда өзендерде жарылыс жұмыстарын алдын ала жүргізуді, су бұру арналары мен арықтарды, су өткізу құрылыстарын және нөсерлік кәріз жүйелерін тазалауды тапсырды.

Экология министрлігіне ауа райы жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп, жағдай күрделенген кезде мүдделі органдарға дабылды ескертулерді жедел жеткізу тапсырылды.

Су ресурстары министрлігіне су қоймаларын толтыру көлемдерін айқындап, оларды тұрақты бақылауда ұстау, қажет болған жағдайда суды алдын ала әрі қауіпсіз ағызуды ұйымдастыру, сондай-ақ трансшекаралық су айдындары бойынша көршілес мемлекеттермен тұрақты ақпарат алмасуды жолға қою тапсырылды.

Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Tasqyn" жүйесінде өңірлердегі ықтимал жағдайды моделдеу, "Talsim" жүйесінің деректерін интеграциялау және әлеуеті осал елді мекендерді айқындау тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне "Көктем-2026" оқу-жаттығуын алдын ала өткізу, су тасқыны жағдайы күрделенген кездегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіруді және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету жүктелді.

Қосымша инертті материалдар, топырақ толтырылған қаптар қоры және инженерлік техниканың резерві жасалуға тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 20:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары