Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

БҚО ДАҒЫ АУЫЛНАЙ БАСТАМАСЫ: ӘР БАЛАҒА 200 МЫҢ ТЕҢГЕ

БҚО ДАҒЫ АУЫЛНАЙ БАСТАМАСЫ: ӘР БАЛАҒА 200 МЫҢ ТЕҢГЕ

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өткен жылы БҚО Казталов ауданы орталығында «Ауыл — береке мен бірліктің қайнар көзі» атты І ауылнайлар форумы өткен болатын. Казталов ауданында 47 елі мекен, 16 округ оталығы бар. Округ орталықтарынан бөлек 31 елді-мекенде ауылнайлар белгіленіп жұмыстарын атқарып келеді. Ауылдық округтердегі және елді мекендегі қауымдастықтың жиналыстарының хаттамалары негізде әр ауылдан ауылнайлар ұсынылып, куәлік табысталды, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сатыбалды ауылында игі бастама жүзеге асты. Ауылнай Руслан Сарбаев 2026 жылы дүниеге келген балаға 200 мың теңге қаржылай сыйақы табыс етті. Салтанатты шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысты. 

Ауданымыздың Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды елді мекенінде 253 тұрғын бар. Жыл басынан бері 4 бала дүние есігін ашқан. Салтанатты жиында жас аналар Нұрлы Қайырғалиқызы, Гүлдана Әділбекқызы, Аяжан Русланқызы, Әсел Бейбітқызына сертификат табысталды. Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы жас отбасыларды құттықтап, Руслан Самиғоллаұлына ризашылығын білдірді. 

— Президентіміз «Шын мәнінде «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» пен әділетті қоғам құру жолында өзара ынтымақтастық маңызды рөл атқарады», деген болатын. Ауылнайлар жергілікті әкімдікпен, депутаттармен, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар және ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Оның қызметі ауылдық жерлердің өркендеуіне және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Қазақ халқы ананы әрдайым ерекше құрметтеген. Бүгінгі шара да сол қадірлі аналарға, жас отбасыларға деген шынайы құрмет пен жанашырлықтың жарқын көрінісі деуге болады. Сатыбалды ауылының ауылнайы, ел жанашыры Руслан Самиғоллаұлы Сарбаевтың бастамасымен 2026 жылы дүниеге келген сәбилері бар 4 отбасыға 200 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіліп отыр. Бұл жаңа өмірге келген сәбилерге деген ақ тілектің, аналарға деген құрметтің, ауыл болашағына деген сенімнің белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Табысқа жеткен әрбір кәсіпкер өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосып, қаржы салса, еліміздегі көптеген елді мекен көркейе түсері анық» деп атап өткен болатын. Бүгінгі игі ісі осы сөздің өміршеңдігін дәлелдейтін нақты қадам,  — деді аудан әкімі. 

Биыл Сатыбалды ауылында 10 отбасы сәбилі болады деп күтілуде. Ауылнайдың бұл бастамасын ауыл тұрғындары да жылы қабылдап, жас отбасыларға қолдау көрсеткен азаматтарға алғыстарын білдірді.

— Ауылымыздың жанашыры Руслан ағамыздың бұл бастамасы жас отбасыларға үлкен демеу болды. «Берсең балаға бер» дейді халқымыз. Біз мұны баламыздың несібесі деп білеміз. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында осындай қуанышты сәттің куәсі болу ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар елімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды реформалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде Конституциялық реформаның маңызы зор. Сондықтан алдағы референдумға қатысып, өз таңдауымды жасауға ниеттімін, — деді Нұрлы Қайырғалиқызы елдегі саяси өзгерістер жайында пікірімен бөлісті. 

Айта кетейік, Сатыбалды елді мекеніне «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 1 отбасы, 2025 жылы тағы 1 отбасы көшіп келген. Алдағы уақытта тағы бір отбасының қоныс аударуы жоспарланып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Наурыз 2026 21:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары