Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

“Бұл алдау емес пе?“ Қазақстандық студенттер мен ата аналар АҚШ қа бару мәселесі бойынша ЖОО мен дауласуда

“Бұл алдау емес пе?“ Қазақстандық студенттер мен ата аналар АҚШ қа бару мәселесі бойынша ЖОО мен дауласуда

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Петропавлда Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің қос дипломды бағдарламасына қатысты дау туындады. Студенттер мен олардың ата-аналары бағдарлама аясында АҚШ-та білім аламыз деп күткендерін, алайда іріктеу қорытындысы бойынша 120 адамның тек 30-ы ғана бару мүмкіндігіне ие болғанын айтты, деп хабарлайды Tengri Education тілшісі.

Студенттердің ата-аналары 2023 жылы балалары Солтүстік Қазақстан университетінің Аризона университетімен бірлескен серіктестік бағдарламасына оқуға түскен кезде, оларға семестрлердің бірін Америка Құрама Штаттарында оқитындарына кепілдік берілгенін айтады.

"Көпшілігі үшін бұл біздің университетті таңдауға негізгі себеп болды. Кейбіреулер елордалық жоғары оқу орындарына немесе тіпті шетелдік ЖОО-ларға түскісі келген еді, бірақ үйде де, шетелде де бір мезгілде оқу мүмкіндігі бар екен, ендеше соны пайдалану керек деп шешті. Бізге балаларымыз жетінші семестрде Америкаға ұшады деп уәде берген. Ал енді 120 студенттің тек 30-ы ғана баратыны белгілі болып отыр. Бұл алдау емес пе?!" – дейді Америка тек арман болып қалған студенттердің ата-аналары.

Америкаға іріктеу

Жоғары оқу орны өкілдері қос дипломды бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері студенттерге Аризонада оқу – бұл әр қатысушыға берілетін кепілді кезең емес, тек қосымша мүмкіндік екені хабарланғанын мәлімдеді.

ЖОО мәліметінше, серіктес университеттер академиялық мәселелерді, соның ішінде Аризонада бір семестр бойы білім алу мәселесін бірлесіп шешеді. Ал 2026 жылдың күзіне арналған Study Arizona семестрлік бағдарламасына іріктеуден өту үшін көп сатылы іріктеуден өту қажет болған.

"Іріктеу ашықтық, академиялық адалдық және квоталарды әділ бөлудің қатаң қағидаттарына негізделді. Бағалауды екі тарап бірлесіп және мүлдем тәуелсіз түрде жүргізді. Әр тарап өз академиялық контексі аясында баға қойды, ал әрбір академиялық емес критерий бойынша қорытынды балл екі жоғары оқу орны комиссияларының ұпайларының қосындысы ретінде есептелді.

Іріктеудің іргелі қағидаты – кешенділік. Қорытынды шешім тек үлгерімге ғана байланысты болған жоқ, ол кандидаттың төрт индикатор бойынша жан-жақты профилін ескерді: GPA (30 балл); мотивациялық эссе (30 балл); портфолио (20 балл); оқытушылардың бағасы/ұсынысы (20 балл)", - делінген Солтүстік Қазақстан университетінің сайтында жарияланған ақпаратта.

Алайда студенттердің өздері Tengrinews.kz тілшісіне Америкаға бару үшін іріктеу болатынын тек осы жылдың мамыр айында ғана білгендерін, сол кезде үш жылдық оқу мерзімінде жиналған портфолионы шұғыл түрде өткізу қажет болғанын айтып берді.

"Егер бізді сендіргісі келгендей, бару үшін іріктеу басынан бастап жоспарланған болса, онда неге бұл іріктеу саясаты тек осы жылдың 24 сәуірінде ғана әзірленді? Неліктен бізге бірінші курстан бастап конкурс болатынын айтпады, біз дайындалып, портфолиомызды жинап жүрер едік қой?! Ең бастысы – неге өткен жылы студенттерге бұл талап қойылмады? Өткен жылы Америкаға бірінші лек барды және бәрі ешқандай конкурссыз әрі тестілеусіз ұшты", - деді студенттер.

Олардың айтуынша, іріктеуден өту қажеттілігі туралы оларға тек 19 мамырда ғана хабарланған.

"Бес күн ішінде балалар шұғыл түрде құжаттар мен портфолио жинап, тестілеуден өтіп, Аризонаға неліктен оқуға барғысы келетіні туралы эссе жазды. Сонымен қатар біз оқытушылардың өздері таңдаған студенттеріне құжаттарды жинап, дайындалу керектігін ақпан айында-ақ алдын ала айтып қойғанын естідік", - деп мәлімдейді студенттердің ата-аналары.

Олардың әрқайсысының өз тарихы бар, бірақ бәріне ортақ нәрсе – үзілген үміт пен орындалмаған арман.

"Менің балам ҰБТ-дан 116 балл жинап, Қазақстанның кез келген жоғары оқу орнына түсе алар еді. Бірақ біз оны Аризонаға оқуға барады деген үмітпен үйде қалдырдық. Құжат тапсырған кезде де, бүкіл оқу барысында да оларға жетінші семестрде Америкаға баратындары айтылды. Балам дайындалып жүр еді, ал мынау үлкен соққы болды", - дейді студенттердің бірінің анасы Ақжарқын.

Студенттердің ата-аналары іріктеу нәтижелерін әділетсіз деп санайды. Олардың айтуынша, конкурстан өтпей қалғандардың көбі де өте жақсы оқиды, жоғарылатылған шәкіртақы алады және академиялық қарыздары жоқ. Ата-аналардың айтуынша, іріктеудің негізгі критерийлерінің бірі мотивациялық эссе болғаны және оны дайындау қажеттілігі туралы студенттерге конкурсқа аз уақыт қалғанда ғана хабарланғаны наразылық тудырған.

ЖОО пікірі: бастысы – екі диплом алады

Солтүстік Қазақстан университеті жағдайға қатысты түсініктеме беріп, Kozybayev University стратегиялық серіктесі – Аризона университетімен бірлесіп, 2026 жылы Study Arizona семестрлік оқуына қатысу үшін қос дипломды бағдарлама студенттерін іріктеу нәтижелерін жариялағанын хабарлады.

ЖОО ата-аналардың бір бөлігі алдағы оқу семестрін ұйымдастыру форматына қатысты алаңдаушылық білдіргенін, содан кейін университет басшылығы бастамашыл топпен ашық кездесу өткізгенін атап өтті.

"Біз ата-аналардың өз балаларының болашағы үшін алаңдауына түсіністікпен қараймыз, алайда жағдайды түсіндіруді маңызды деп санаймыз және тек фактілерге сүйенуге шақырамыз. Іріктеуге академиялық мәртебесі жақсы барлық студенттер қатыса алды. Бағалауды екі жоғары оқу орнының тәуелсіз комиссиялары GPA, уәждемелік эссе және портфолионы ескере отырып жүргізді. Конкурс шарттары мен нәтижелері университеттің ресми сайтында ашық жарияланған", - делінген жоғары оқу орнының ресми жауабында.

Сондай-ақ онда ең бастысы - бағдарламаның барлық түлегі қос диплом алатыны және сапардың болмауы бұған әсер етпейтіні атап өтілді.

"Іріктеуден өтпеген студенттер Аризона университетінің бағдарламасы бойынша оқуын онлайн форматта жалғастырады. Университет өзіне алған барлық міндеттемелерді толық көлемде орындайды және оқыту сапасына кепілдік береді", - деп түйіндеді СҚУ.

Алайда мұндай жауап студенттер мен олардың ата-аналарын қанағаттандырмады. Олар бірнеше жыл бойы бағдарлама қатысушыларында Аризонада міндетті түрде білім алу туралы айтылғанын, ал ықтимал шектеулер немесе конкурстық іріктеу туралы ақпарат, олардың пікірінше, тиісті деңгейде жеткізілмегенін мәлімдеді. Ата-аналар ашық дереккөздерде Аризона университетіндегі семестр оқу бағдарламасының элементтерінің бірі ретінде көрсетілгенін де атап өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Маусым 2026 12:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары