Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

“Бұл бала мен отбасының мәселесі емес“ Саясат Нұрбек Алматыдағы жатақхана мәселесі қашан шешілетінін айтты

“Бұл бала мен отбасының мәселесі емес“ Саясат Нұрбек Алматыдағы жатақхана мәселесі қашан шешілетінін айтты

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда студенттік жатақханаларда 82,5 мың орын жетіспейтін еді. Қазір Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Саясат Нұрбектің айтуынша, Алматыдан басқа барлық өңірде бұл мәселе шешілген. Ол журналист Тамара Ваальға берген сұхбатында жатақхана тапшылығының неліктен ондаған жыл бойы қордаланғанын және мәселені қалай шешу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Tengri Education.

«Жинақталған тапшылық әсері»

Қазір Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы қызметінде. Бұл 28 тамыздағы Қазақстан Үкіметінің отставкаға кетуімен байланысты. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Үкімет отставкадан кейін жаңа құрам бекітілгенше жұмысын жалғастыра береді. Бұл Премьер-министр Олжас Бектеновке, оның орынбасарлары мен министрлерге қатысты. Олар жаңа үкімет тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады. Бұл ретте қазіргі министрлердің бір бөлігі өз қызметтерін сақтап қалуы мүмкін - мұндай жағдайда олар қайта тағайындалады.

Саясат Нұрбектің айтуынша, жатақхана тапшылығы бір күнде немесе бір жылда пайда болған мәселе емес.

"Бұл жерде "жинақталған тапшылық әсері" деген ұғым бар", - деді министрдің міндетін атқарушы.

Ол мұның бір себебі ретінде 1990-жылдардағы жекешелендіру науқанын атады. Нұрбектің сөзінше, сол кезеңде көптеген жатақхана мен басқа да нысандар жеке меншікке өтіп кеткен.

Мысал ретінде ол Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін келтірді. Оның айтуынша, кезінде университеттің тоғыз жатақханасы болған, кейін оның үшеуі ғана қалған. Кейін тағы бір жаңа жатақхана салынған.

"Міне, біз біреуін салып бітірдік те, "Жаңа жатақхана салдық" деп айтып жатырмыз, ал бұрын тоғыз болатын", – деді Нұрбек.

Министрдің міндетін атқарушының айтуынша, жекешелендіру университеттердің өзге де инфрақұрылымына әсер еткен. Кампус аумағындағы жекелеген нысандар жеке меншікке өтіп, бұл кейіннен жоғары оқу орындарының дамуына кедергі келтірген.

Тапшылық азайды, бірақ Алматы басты мәселе болып қала береді

Саясат Нұрбектің мәліметінше, 2018–2019 жылдары Қазақстанда студенттер үшін 82,5 мың жатын орын жетіспеген. Қазір бұл көрсеткіш 5 мыңнан сәл асады және тапшылық тек Алматыда сақталып отыр.

"Барлық өңір бойынша мәселені жаптық. Өте үлкен жұмыс атқардық. Қазір бар күшімізді Алматыға жұмсап жатырмыз", – деді Нұрбек.

Ол Алматыдағы жатақхана тапшылығы алдағы екі-үш жылда толық шешілуі мүмкін деп болжап отыр.

Ал кейбір өңірлерде, керісінше, жатақханаларда бос орындар бар. Мәселен, Петропавлда 1 200 орындық жатақхана салынғанымен, ол әлі толық толмаған. Еуразия ұлттық университеті үшін пайдалануға берілген 2 656 орындық жатақханада да бос орындар бар.

"Алматының аты – Алматы", – деді Нұрбек еліміздің ірі білім беру орталығындағы жағдайдың ерекшелігіне тоқталып.

Оның айтуынша, жастар Алматыға тек білім алу үшін ғана емес, жұмыс істеу және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді пайдалану үшін де келеді.

"Алматы – университеттер қаласы, Алматы – үлкен еңбек нарығы. Яғни олар ол жаққа тек білім алу үшін емес, жұмысқа орналасу үшін де барады", – деді министрдің міндетін атқарушы.

Алматыда жаңа ірі жатақханалар салынып жатыр

Қазір қалада бірнеше ірі студенттік жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Нұрбектің сөзінше, Satbayev University студенттері үшін 2 мыңға жуық орындық жатақхана салынуда. Ал ҚазБСҚА студенттеріне арналған тағы бір ірі нысан шамамен 4 мың орынға есептелген.

Министрдің міндетін атқарушы бұл жобалар Алматыдағы қазіргі тапшылықты айтарлықтай азайтады деп есептейді.

"Менің ойымша, алдағы екі-үш жылда Алматыда да тапшылық жойылады", – деді ол.

Университеттерге қойылатын талаптар қатаңдатылды

Саясат Нұрбек студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орындарына қойылатын талаптардың да қайта қаралғанын айтты.

Бұған дейін университеттер студенттердің белгілі бір бөлігін жатақханамен қамтуға міндетті болатын. Өткен жылы жаңа ережелер қабылданып, бұл талаптар күшейтілді.

Нұрбектің айтуынша, егер университет студенттерді орналастыруға қажетті орындардың бар екенін құжат жүзінде растай алмаса, министрлік қатаң шара қолдануы мүмкін.

"Егер университет бұл алаңдардың бар екенін құжатпен растамаса, біз тіпті лицензиясын қайтарып алуға дейінгі өте қатаң жаза қолдана аламыз", – деді ол.

Саясат Нұрбек баспана іздеу мәселесі толығымен студент пен оның отбасының мойнына жүктелмеуі керек екенін атап өтті.

"Оқуға түскен студент неліктен қайда тұратынын ойлауы керек? Бұл баланың мәселесі емес, бұл отбасының мәселесі емес", – деді Нұрбек.

Ескі қонақ үйлерді жатақханаға айналдыру ұсынылып отыр

Студенттерге арналған орын санын жылдам көбейтудің бір жолы – қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңғыртып, жатақханаға бейімдеу.

Министрдің міндетін атқарушының айтуынша, бұрынғы қызметі тиімсіз болып қалған ескі қонақүйлер мен бизнес-орталықтарды осы мақсатқа пайдалануға болады. Мұндай нысандардың иелеріне субсидиялау тетігі арқылы ғимараттарды студенттік жатақханаға айналдыру ұсынылады.

Нұрбек жаңа жатақхана салуға едәуір уақыт пен қаражат қажет екенін айтты.

"Жатақхана салу – бұл жер телімі, үш-төрт жыл уақыт және қомақты қаражат, ал мұнда бір жыл ішінде осындай көптеген нысандарды табуға болады", – деді ол.

Оның сөзінше, мұндай тәсіл Астанада өз тиімділігін көрсеткен. Алматыда да қайта жаңғыртылып, студенттік жатақханаға айналған нысандар бар.

Министрдің міндетін атқарушы бұл форматтың жылжымайтын мүлік иелеріне де тиімді екенін атап өтті. Өйткені жатақханаларға оқу жылы бойы тұрақты сұраныс бар, ал университеттер студенттерді орналастыру бойынша келісімшарт жасай алады.

Студенттер саны артып келеді

Жатақханадағы жаңа орындарға сұраныстың артуына студенттер санының көбеюі де әсер етіп отыр. Нұрбектің айтуынша, биыл Қазақстандағы студенттер саны шамамен 740 мыңға жетеді.

Төрт жылдан астам уақыт бұрын, министрлік құрылған кезде бұл көрсеткіш шамамен 620 мың болған. Яғни бірнеше жылдың ішінде студенттер саны 120 мыңға жуық өскен.

"Демография қарқынды дамып келеді", – деді министрдің міндетін атқарушы.

Министрің міндетін атқарушы бұл өсім алдағы уақытта да жалғасады деп болжап отыр. 2030 жылға қарай Қазақстандағы студенттер саны миллионға жуықтауы мүмкін.

"Шынын айтсақ, әзірге бұл салаға қаржы жеткіліксіз бөлініп жатыр"

Нұрбектің айтуынша, Қазақстан жоғары білім беру саласына жылына орта есеппен 400 миллиард теңге жұмсайды. Бұл қаражатқа гранттар, жатақхана құрылысы, инфрақұрылым және жалақы шығындары кіреді.

Алайда оның пікірінше, қазіргі қаржыландыру көлемі жеткіліксіз.

"Шынын айтсақ, әзірге жоғары білім беру саласы тиісті деңгейде қаржыландырылмай отыр", – деді Нұрбек.

Оның айтуынша, университеттерге инфрақұрылымды, ғылымды және зертханаларды дамыту үшін қосымша қаржы қажет.

Қосымша табыс көздерінің бірі ретінде шетелдік студенттерді тарту қарастырылып отыр. Мысал ретінде Нұрбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін атады. Оның сөзінше, биылғы оқу жылында университетте 7 мың шетелдік студент білім алады. Олардың оқу ақысы үлкен кампусты күтіп ұстауға және дамытуға қосымша мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін жоғары оқу орындарының бірыңғай рейтингі іске қосылмақ

аясат Нұрбек айтқан тағы бір жаңалық – Қазақстан жоғары оқу орындарының бірыңғай ұлттық рейтингі. Оны алғаш рет 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Нұрбектің айтуынша, рейтинг әдістемесі үш жыл бойы Times Higher Education және QS халықаралық рейтинг ұйымдарының сарапшыларымен бірлесіп әзірленген.

"Біз ең ірі екі халықаралық рейтинг агенттігін – Times Higher Education мен QS-ті тарттық. Олардың сарапшылары бізге әдістемені толығымен жасап шығуға көмектесті", – деді министрдің міндетін атқарушы.

Жоғары оқу орындары 15 көрсеткіш бойынша бағаланады. Олардың қатарында білім беру сапасы, инфрақұрылым, ғылыми зерттеулер, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі және басқа да көрсеткіштер бар.

"Бұл шын мәнінде сапа үшін күрестің ең басты құралы болады", – деді Нұрбек.

Рейтингті жыл сайын жариялау жоспарланып отыр. Министрлік оның талапкерлер мен ата-аналарға университет таңдауда бағыт-бағдар беретін құралға айналатынын күтеді.

"Қазір, негізінен, балалар да, ата-аналар да сапалы білім алатынын немесе алмайтынын білмей, беймәлім күйде оқуға түсіп жатыр", – деді министрдің міндетін атқарушы.

Алғашқы екі жыл — жүйені ретке келтіруге арналады

Нұрбек рейтинг іске қосылғаннан кейін алғашқы жылдары жүйені жетілдіру жұмыстары жалғасатынын айтты. Бағалаудың едәуір бөлігі жоғары оқу орындары, түлектердің жұмысқа орналасуы және ғылыми қызмет туралы нақты деректерге негізделеді.

"Алғашқы екі жылда оның кейбір тұстары калибрлеуден өтетіні анық, өйткені деректер өте көп және ол нақты мәліметтерге негізделген", – деді ол.

Оның айтуынша, басты мәселелердің бірі – ақпараттың шынайылығы. Қазір деректердің едәуір бөлігі жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы жинақталып жатыр.

Министрдің міндетін атқарушы жаңа рейтинг университеттерді тек атағы мен жарнамасына қарап емес, нақты көрсеткіштері бойынша салыстыруға мүмкіндік беретін құрал болуы тиіс екенін атап өтті.

Жүйені 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланған. Осылайша, 2027 жылы оқуға түсетін талапкерлер жоғары оқу орнын таңдағанда жаңа рейтингті пайдалана алады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 16:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары