Бұл бізді қуантады Талғат Байсуфинов жолдастық ойыннан кейін өз ойын айтты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Армениямен жолдастық матч кейін баспасөз мәслихатын өткізді.
- Бұған дейін де айтып жүргеніміздей, жас ойыншылар Қазақстан чемпионатында жақсы ойын көрсетіп жүр. Маусым айындағы екі жолдастық матчқа қатысты біздің жоспарымыз болған. Сол жігіттер өз ойындарымен көзге түсіп, ұлттық құрамаға шақырту алды.
Бүгін де Әмірді негізгі құрамда алғашқы минуттардан алаңға шығардық. Өздеріңіз көрдіңіздер, оған әлі уақыт керек болуы мүмкін. Бірақ алғашқы ойыны үшін өте жақсы өнер көрсетті. Потенциалы жоғары екенін бәріміз көріп отырмыз.
Сондай-ақ Әбінұр Нұрымбет пен Мақсат Абраев та алаңға шығып, жақсы ойын көрсетті. Олардан қобалжу немесе абдырау байқамадық. Бұл бізді қуантады.
Алғашқы ойындарына қарамастан, жақсы деңгей көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дәлелдей алды. Жастарымыздың осындай ойын көрсетуі бізге де қосымша мүмкіндік беріп отыр. Сол үшін жігіттерге рахмет айтамыз, - деді бас бапкер.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 19:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















