Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бұл қауіпті нарратив : белгілі баспагер даулы жазбаның Тәуелсіздікке қатысты айтылған жеріне жауап берді

Бұл қауіпті нарратив : белгілі баспагер даулы жазбаның Тәуелсіздікке қатысты айтылған жеріне жауап берді

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Әлеуметтік желілерде ақын әрі аудармашы Танагөз Толқынқызының қазақ қоғамы туралы жазған сыни пікірі кеңінен талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақын өз жазбасында қазіргі қоғамды қатты сынап, қазақ халқының болашағына қатысты пессимистік көзқарас білдірген.

Ол жазбасында қазақ қоғамында принципсіздік, немқұрайдылық, тіл мәселесіне салғырт қарау, бір-біріне жанашырлықтың азаюы сияқты құбылыстар көбейіп кеткенін айтып, мұндай жағдай жалғаса берсе, ұлттың тәуелсіздігін сақтап қалу қиын болуы мүмкін деген пікір айтқан. Ақын қазіргі қоғамда құндылықтар әлсіреп, материалдық мүдде алдыңғы орынға шығып кеткенін де сынға алған.

"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды. Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған. Принципі жоқ, надан қоғам қалыптасты. Жағымпаз, өтірікші, екіжүзді, сатқын, намыссыз, фейк, псевдо ұлтқа айналдық. Өз тілінде сөйлемейді, құлдық сана етінен өтіп, сүйегіне жеткен. Ешкімге ештеңе керек емес, ешкім ешкімге араша түспейді.

Қорқақ, можантопай, дарақы, мақтаншақ қоғам пайда болды. Критикалық ойлау санасы қалыптаспаған. Бейғам, жайбарақат. Басына кім көрінген аяғын сүртіп кете береді — әлсіз, қауқарсыз, дәрменсіз күйде. Халық емес, құл-құтандар легі ме дерсің.

Бір-біріне қайырымсыз, тасбауыр. Бір-бірін иттің етінен жек көреді. Өзін-өзі тонаған, өзін-өзі тоздырған, өз тамырынан ажыраған тобырға айналғандаймыз. Ұры ұлтқа айналдық. Бұл қасиет – қазіргі біздің басты қасиетіміз болып барады. Жеу үшін жаратылғандаймыз: қай жерден нені жымқырып жеп қалсақ екен деп ойлап тұрамыз.

Құндылық жоқ. Ар құдай болған заман келмеске кеткендей. Қарны тойса болды, бәрін сатуға дайын. Адам емес, құлқын ғана көрінетіндей.

Мына сөзге талағың тарс айрылса да айтайын: сендер ертең шүршіттің тілінде сөйлеп, жоқ боласыңдар. Астананы басып алған қара құмырсқалар бұл елді енді өлсе де тастап, өз отанына қайтпайды. Келген жерін отан қылады. Олар қатты сөйлейді, дарақы күледі, келмей жатып осы жердің қожайыны сезінеді.

Себебі олар принципі жоқ ұлттың жерін де, тілін де, туын да, тәуелсіздігін де ақшаға сатып жіберетінін біледі.

Сендер енді өзгермейсіңдер. Осы кеткендерің кеткен!"-деп жазды ол.

Бұл пікір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі көзқарастар айтылды. Бірқатар қолданушылар ақынның сөзін тым қатал және пессимистік деп бағаласа, енді біреулері қоғамдағы мәселелерді ашық айтудың маңызы бар екенін алға тартты.

Ал бұл пікірге қатысты баспагер Бақытжан Бұқарбай өз көзқарасын білдіріп, мұндай тұжырымдардың қауіпті екенін айтты. Оның пікірінше, қоғамда сын айтылуы керек, биліктің қателіктерін көрсету де маңызды. Алайда «қазақтар өз тәуелсіздігін сақтай алмайды» деген ойды тарату халықтың санасында күмән тудыруы мүмкін.

Баспагер әлеуметтік психологиядағы «өзін-өзі ақтайтын болжам» ұғымын мысалға келтіріп, қоғамға үнемі жағымсыз сценарийлер айтылса, адамдар соған сеніп, сол жағдайдың жүзеге асуына өзі де ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан ел және басты міндет – бұл тәуелсіздікті әлсірету емес, керісінше нығайту.

«Әлеуметтік психологияда «өзін-өзі ақтайтын болжам» деген ұғым бар. Егер қоғамға: «бұл мүмкін емес» немесе «бәрібір күйрейді» деген ой қайта-қайта айтылып, саналарға сіңіріле берсе, уақыт өте келе адамдардың бір бөлігі соған сеніп қалады. Ал сенім адамның әрекетіне әсер етеді. Сөйтіп, адамдар өз әрекетімен немесе әрекетсіздігімен сол жағымсыз сценарийдің жүзеге асуына өздері жағдай жасайды.

Сондықтан мұндай сөздер өте қауіпті. Қоғам санасына «біз тәуелсіздігімізді сақтай алмаймыз» деген ой тасталған сәттен бастап, бұл жай пікір болудан қалып, күмәннің вирусына айналады. Әлгі ақынды қолдап жатқандар, шын жауап беріңдерші: Тәуелсіздігімізді көп көріп жүрсіңдер ме? Тілді қысқартып, артық сөзді тыйып, аңдап сөйлеңдер.

Біз мұндай нарративтердің таралуына жол бермеуіміз керек. Үкіметті жақтырма, халықтан түңіл, бірақ Тәуелсіздігімізге деген сенім мызғымас болуға тиіс.

Біздің тәуелсіздігіміз – қайдағы бір ақынның, сенің де, менің де меншігіміз емес, бізге аспаннан топ етіп түскен сый да емес. Бұл – бізге дейін өмір сүрген талай ұрпақтың күресі мен еңбегінің, қан мен тердің, зор жауапкершіліктің нәтижесі.

Мұндай жексұрын сөздерді тек қазақ халқын жауға жығып бергісі келетін іштен шыққан жау ғана айта алады. Ешкім өзін Тәуелсіздіктен биік қоймасын!», – деді ол.

Қазіргі уақытта бұл тақырып әлеуметтік желілерде қызу пікірталасқа айналып, қоғамда ұлттық құндылықтар, тіл, тәуелсіздік және азаматтық жауапкершілік туралы кең талқылауға жол ашты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Наурыз 2026 10:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see140

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see138

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see138

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see137

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see136

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see135

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see135

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see129

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see128

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see121

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see118

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see117

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары