Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Бұрын соңды болмаған жоғары деңгей : Тоқаев Қазақстан мен Қытай қарым қатынасын бағалады

Бұрын соңды болмаған жоғары деңгей : Тоқаев Қазақстан мен Қытай қарым қатынасын бағалады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Астана Бейжіңмен жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, оның мазмұнын байытып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Синьхуа" агенттігіне берген эксклюзивті жазбаша сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы екі елді тек ортақ шекара емес, сонымен бірге көпғасырлық тату көршілік тарихы байланыстыратынын атап өтті.

"Халықта "Жолы бірдің – жүгі бір" деген жақсы мәтел бар. Екі ел арасындағы дәл осындай қарым-қатынас халықтарымыздың түпкі мүдделеріне сай келеді әрі бүкіл Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды фактор саналады", - деді Тоқаев.

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстанға деген ілтипаты үшін алғыс айтты.

"Біздің тұрақты саяси диалогымыз қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің басты өзегіне айналды", - деп толықтырды ол.

Саудадан цифрландыруға дейін

Тоқаевтың айтуынша, екі елдің ынтымақтастығы жекелеген экономикалық бағыттар шеңберінен әлдеқашан шығып, іс жүзінде барлық негізгі саланы қамтып отыр.

"Біздің стратегиялық серіктестігіміз нағыз ауқымды сипатқа ие болды. Ол сауда, инвестиция, энергетика және көліктен бастап, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, медицина, ғылым, білім және мәдениетке дейінгі барлық негізгі салаларды қамтыды", - деп атап өтті Президент.

Қазақстан-Қытай саудасы рекордтарды жаңартуды жалғастырып жатыр. Тоқаевтың сөзінше, Қытай Қазақстанның сыртқы сауда серіктестері арасында бірінші орынды иеленеді.

Ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі – көлік және логистика. Қазақстан өзінің географиялық орналасуының арқасында Шығыс пен Батысты байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді.

"Қытайлық серіктестермен бірлесе отырып, біз бұл географиялық артықшылықты Еуразия ауқымындағы заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымға айналдырып жатырмыз. "Белдеу және жол" мегажобасын, Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту, жаңа теміржол желілерін салу, құрғақ порттар мен логистикалық терминалдарды кеңейту, шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланыстарының түбегейлі жаңа жүйесін қалыптастырып келеді", - деді Тоқаев.

Орта дәлізді бәсекеге қабілетті етпек

Көлік саласындағы ынтымақтастықта Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз ерекше орын алады. Президенттің айтуынша, ол Қытай мен Еуропа арасындағы маңызды буынға айналған.

"Біздің ортақ міндетіміз – бұл бағытты барынша бәсекеге қабілетті ету. Сондықтан біз "ақылды кеденді" енгізуге, құжат айналымын цифрландыруға, ақпараттық жүйелерді үндестіруге, шекаралық рәсімдерді автоматтандыруға айрықша мән береміз", - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы біртіндеп жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті. Экономиканың дәстүрлі салаларынан бөлек, елдер цифрлық экономика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтіп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Президенті Бішкектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты. Өз сөзінде Тоқаев ұйымның ортақ стратегиялық міндеті ретінде – күш қолдану мен текетірестің орнына өзара жауапкершілік, бірлескен даму және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнайтын әлемдік тәртіпті қалыптастыруды атады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see142

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see118

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see116

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see115

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see107

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары