Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

“Бюджеттен басқа жол жоқ”: Жалақыны көтеру кімге ең қиын соғады: вице министрдің жауабы

“Бюджеттен басқа жол жоқ”: Жалақыны көтеру кімге ең қиын соғады: вице министрдің жауабы

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстанда бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдауды жұмысшылардың жалақысын өсірумен байланыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әмриннің айтуынша, бүгінде мемлекет бизнеске тікелей субсидиялаудан бастап кредит беру, кепілдік беру және келісімдер аясындағы жұмыстарға дейін түрлі қолдау шараларын көрсетіп келеді. Ол кәсіпкерлер тарапынан бұған жауап ретінде қарсы міндеттемелер болуы тиіс екенін атап өтті.

"Егер мемлекет субсидиялауға, кредит беруге немесе кепілдік беруге қаражат бөлсе, жаңа талаптар пайда болады. Оның ішінде еңбекақыны одан әрі өсіру мәселесі де бар", - деді вице-министр.

Ол мемлекеттік қолдаудың бір бөлігі жалақыны көтеруге бағытталуы тиіс екенін түсіндірді. Бұл ретте, егер қолдау өнімділікті арттыруға бағытталса, онда еңбек өнімділігі де өсуі тиіс.

"Еңбек өнімділігі өспейінше, жалақыны көтеруге болмайды. Сондықтан (бизнеске - ред. ескерт.) мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезіндегі қарсы міндеттемелердің бірі - еңбекақыны көтеру болады", - деп атап өтті Әмрин.

Вице-министр азаматтық қызметшілердің жалақысына жеке тоқталды. Оның мәліметінше, Қазақстанда 9,32 миллион жалдамалы жұмысшы бар. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жалақы шамамен 431 мың теңгені, ал медианалық жалақы шамамен 345 мың теңгені құрады.

Әмрин қазіргі уақытта ең жоғары жалақы тау-кен секторында - орта есеппен 800–900 мың теңге екенін айтты. Сондай-ақ қаржы секторында, өңдеу өнеркәсібінде, көлік және қоймалау салаларында да жоғары жалақы төленеді.

Бұл ретте, вице-министрдің сөзінше, бұл салаларда салыстырмалы түрде аз адам жұмыс істейді. Ал төмен жалақы, керісінше, жұмысшы саны көп салаларда: білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметте шоғырланған.

"Мысалы, білім беру саласында 1,2 миллионнан астам жалдамалы жұмысшы еңбек етеді. Яғни жалақысы төмен салаларда халықтың едәуір бөлігі жұмыс істеп жатыр. Бірақ олардың жалақысын бюджеттен басқа ешқандай көзден көтеру мүмкіндігіміз жоқ", - деді Әмрин.

Оның айтуынша, жалпы жалақы өсімін қамтамасыз ету үшін дәл осы санаттағы жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мәселесін қарастыру қажет.

Сонымен қатар Әмрин табиғи монополиялар субъектілерінің қызметкерлеріне де жалақыны көтеру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның сөзінше, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында тарифтерді көтерудің бір шарты - өндірістік қызметкерлердің жалақысын өсіру .

"Басшылық құрамның емес, дәл өндірістік қызметкерлердің", - деп нақтылады вице-министр.

Бұдан бөлек, әлеуметтік серіктестік және еңбекақы төлеудегі салааралық алшақтықты азайту шаралары қарастырылған. Әмриннің айтуынша, әкімдіктер қазірдің өзінде бизнеспен және кәсіподақтармен жұмыс жүргізіп жатыр, ал әлеуметтік келісімшарттардың бір талабы - жалақыны көтеру болып бекітілген.

Мән-жайы

Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) қазіргі 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі талқылана бастаған болатын. Сәуір айында Азамат Әмрин мұндай нұсқаның қарастырылып жатқанын, алайда түпкілікті шешім есептеулер мен бюджеттің мүмкіндігіне байланысты болатынын хабарлаған еді.

Кейінірек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ЕТЖ-ны 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі жыл соңына дейін талқыланатынын мәлімдеді.

Вице-премьер Серік Жұманғарин де үкіметтің "халықты қуантқысы келетінін", бірақ мәселені шешу кезінде бюджет мүмкіндіктері мен мұндай қадамның экономикаға әсерін ескеру қажеттігін айтты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары