Чилиде қолайсыз ауа райынан 13 адам қаза тапты
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Әлеуметтік желіден
Мәліметке сәйкес, тағы жеті адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Қазіргі уақытта 63 мыңнан астам адам сыртқы әлеммен байланыссыз қалып отыр. Олардың басым бөлігі Атакама мен Кокимбо өңірлерінде тұрады. Бұған дейін оқшауланған тұрғындар саны 104,5 мың болған. Табиғат апаты салдарынан 81 тұрғын үй қирады. Сонымен қатар 87 мың тұтынушы электр жарығынсыз қалса, 180 мыңнан астам адам ауыз сусыз отыр.
Елде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты Кокимбо өңірі мен Атакамадағы Уаско провинциясында төтенше жағдай жарияланған болатын. Табиғат апаты Чилидің солтүстігінен Араукания өңіріне дейінгі бірнеше аймақты қамтыды.
Еске салайық, Павлодар облысында қатты жел электр желілерін зақымдап, үйлердің шатырын жұлып кетті. Қоңырөзек ауылдық округіне қарасты Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында 10 кВ электр беру желісінің жеті тірегі бүлінген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:18
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 11:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















