Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Цифрлы әлеуметтенудің салдары

Цифрлы әлеуметтенудің салдары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұл мәселеге алаңдаушылық білдірген Мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтай отырысын­да цифрлық кеңістіктегі бақы­лаусыздық ұлттың бола­ша­ғына қауіп төндіретінін ескер­тіп, «Бала­лардың санасы мен дүние­та­нымы әлеуметтік желілер мен интернет арқылы қалыптасып жатыр. Сондықтан оларды зиянды, жат идеологиядан, агрессия мен жалған құндылықтардан қорғау – мемлекеттің басты мін­деттерінің бірі», деп атап өткен еді. Осы мәселеге орай Үкі­мет­ке нақты әрі батыл шешім­дер қабылдауды тапсырды.

Бүгінде Үкімет тапсырмасына орай балалардың деректерін өңдейтін платформаларға талап күшейген. Мұндай талап балаларға төнетін қауіп-қатер­лерді ата-аналардың бақы­лауы­на, балалардың жас ерекше­лігіне сай қауіпсіз ортаны қа­лып­тас­тыруға жол ашады.

Психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­си­тетінің қауымдастырылған профессоры, практик-психолог Бақыт Жігітбекованың пікірінше, қоғам тарапынан жасөспірімдер мен жастарды қолдау шараларын әлі де болса күшейту қажет. Әсіресе үкіметтік деңгейдегі шараларға басымдық берген абзал.

«Қазіргі кезде цифрлы әлеу­меттену ерекше назар аудару­ды қажет етеді. «Үлкен­ге – құрмет, кішіге – ізет» көрсету сияқты ұлт­тық құн­ды­лықтарымыз, жауап­­кершілік, еңбекқорлық сынды қасиет­тер әлеуметтік желінің әсерінен өзгеріп барады. Бұрын әлеуметтену отбасы, мектеп, ­аулада, балабақшада қалыптасса, қазір цифрлы жүйе арқылы іске асып отыр. Яғни балалар мен жасөспірімдер әртүрлі платформалар арқылы әлеуметтеніп жатыр. Көпшілігінің дүниетанымын әлеуметтік платформалар қа­лып­тастырып, мінез-құлқына кері әсер етіп барады. Үйдегі ата мен әже, мектептегі мұғалім берген тәрбиелік мәні бар шаралардан гөрі оларға құрдастарының, әлеуметтік желі блогерлерінің пікірі құнды. Соған көбірек құлақ түреді, мән береді. Яғни әлеуметтік желінің балалар мен жасөспірімдердің өміріне кері ықпалы – біріншіден, әлеуметтік желіге тәуелділік, яғни шынайы өмірін виртуалды өмірмен алмастырып алуымен байланыс- ты. Екіншіден, кибербуллинг – интернеттегі қорлау, мазақтау, психологиялық қысымға тап болу. Өзін басқалармен салыс­тырудан өзін-өзі бағалауы төмендейді. Күйзеліс пайда болады. Сыни тұрғыдан ойлауы дұрыс болмағандықтан ақпараттың жетегінде кетіп, жалған құндылықтар мен стерео­тип­терді қабылдауы мүмкін. Көпшілігінде мазасыз­дық, деп­рессиялық белгілер сияқты эмо­ционалдық қиындықтар пайда болады. Әсіресе жалғыздық сезімдері өте көп кездеседі. Ол ұзақ уақыт мазаласа, яғни эмоционалдық қиындықтарды кешіріп жүруден өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Проблемасын шеше алмай, өз-өзімен қалып қояды. Қауіпті онлайн байланыстар, радикалды зиянды топтардың ықпалына түсіп кетуі де мүмкін», деп атап өтті ғалым.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіні үнемі қауіп ретінде қарас­тырудан аулақпыз. Әлеумет­тік желінің қаупі туралы ғы­лыми-зерттеу жұмыстары көп­теп іске асып жатыр. Алай­да көп жағдайда мұның бар­лы­ғы қоғамда әрі қарай қол­данылмай қалып жатады. Зерт­теу­лер көрсеткендей, әлеуметтік желі – құрал. Оны балалардың дұрыс пайдалануына бейімдеу ересек буынның міндеті. Білім алуға, үйренуге, дамуға пайдалану маңызды. Қазіргі кезде оны пайдаланудың шекарасынан асып, кері әсерінің куәсі болып отырмыз. Мұнымен қоса жаһанданудың ұлттық құн­дылықтарға әсері де бар. Олар әлеуметтік платфор­малар арқылы әртүрлі мәдениет­пен еркін таныса алады. Өмірлік құн­ды­лықтары мен ұста­ным­да­рына шетелдік ағымдар да әсер етуі мүмкін. Осы ретте отбасындағы тәрбиеге бас­ты назар аударған өзекті. Өйткені кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасы өзгерген. Бірқатары барынша еркіндік беріп, балаға көп ұрысу «травмаға» соқтырады десе, кішкентай кезінде «беті­нен қақпай, еркін өссін, ал жасөспірім кезінде өзі біледі, өзі шешедіні» місе тұтады. Ал оның салдары  ата-ана мен ба­ла­­ның ара-қатынасына кері әсер етеді. Осы орайда ғалым «Әлеуметтік же­лінің қазақ жасөспірімінің әлеуметтенуі мен психологиялық саулығына әсері» зерттеуі жүріп жатқан­ды­ғынан хабардар етті. Зерттеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы, эмоционалдық мінез-құлқына әсері сияқты бір­­қатар факторды қамтиды. Шетел­де мұндай зерттеулер көп жүргізіледі. Бірақ қазақ жас­­тарының ұлттық құнды­лық­тар, отбасы тәрбиесіне әлеу­мет­тік желінің ықпалын қатар қарастыратын зерттеулер аз. Ондай зерттеулер болашақта жасөспірімнің әлеуметтенуіне, ұлт­тық құндылықтарға қанығып өсуіне жағымды әсер етері анық.

Практик-психолог Әйгерім Сүлейменқызы атап өткендей, жасөспірімге ең үлкен қауіп әлеуметтік желінің өзі емес, оны бақылаусыз пайдалану. Уақытының көбін ойын мен әлеуметтік желіде отыруға жұм­саған баланың құлшынысы, оқуға деген ынтасы төмендейді. Салдарынан уақытын тиімді ұйымдастыра алмайды.

«Қоғамда орын алып отырған түйткілді мәселенің шешімін табу үшін баланың экран алдындағы уақытын шектеп, әлеуметтік желі­дегі қауіпсіз ережелерді үй­рету керек. Бос уақытын ерте жастан, яғни 3-4 жас­тан спорт­қа, шығармашылыққа, кітап оқуға баулитын пайдалы істермен толықтыру маңызды. Ата-ана бірге әлеуметтенетін болса, бала соған үйренеді, бейім­деледі, күн­де­лікті режімі, дағдысы қалып­тасады. Ата-анамен ара­да­ғы сенімді қарым-қатынас баланың болашағына зор ықпал етеді. Өкінішке қарай, кейін­­гі кезде балалар ата-ананың бақылауы­нан тыс қалып барады», дейді ол.

«Шам-шырақ» коррекциялық орталығының логопед-психологі Сәбина Сламжанның айтуын­­ша, гаджетті шамадан тыс қол­­дану баланың оқу үлге­рі­міне, психологиялық денсау­лы­ғы­на кері әсер етеді. Айтуын­ша, коррекциялық орталыққа келетін балаларды көп жағдайда когнитивті функциясының, сөйлеу тілінің кеш шығуы маза­лайды. Келушілердің қата­рында оқу үлгерімі төмен, пси­холо­гия­лық эмоциясын басқара алмайтын балалар да бар. Мұның салдары гаджетті шамадан тыс пайдаланумен байланысты. «Ата-аналар көп жағдайда баланы өз ыңғайына қарай бейімдеуге тырысады. Яғни балалар тәулігінің басым бөлігін теледидар, гаджетке қарап өткізетіндіктен, жанды ком­муникациядан алыс­тап барады. Жанды ортамен байланысы азайғандықтан олар цифрлы шуды шамадан тыс қабылдап жатыр. Салдарынан бала өз атын атаған дауысты мүлдем есті­­­мейді, қабылдамайды. Сон­дық­­тан баланың тағдырына бейжай қарамай, ата-аналар осы жағдайға қатысты салалық ведомст­во бекіткен арнайы ере­же­­лер­ді  қаперге алған абзал», дейді.

Мысалы, балаға 3 жасқа дейін гаджет мүлде беруге болмайды, ал  4-5 жаста – 15 минут, 6 жаста – 20 минут, 7-9 жаста – 30 минут, 10-12 жаста – 40 минут, 13-14 жаста – 50 минуттан аспауы қажет. Ал сабаққа дайын­дық кезінде мониторды ұзақ уақыт пайдаланғанда 10 минуттық үзіліс қажет. Даму іргетасы дұрыс қалыптаспаған бала кейіннен оқуда, дамуда қиналады. Ми жұмысының дамуы­на кері әсер етіп, балада агрессия, ұйқысыздық, шамадан тыс артық салмақ қосу, эмоциясын басқара алмау сияқты жағдайға тап болуы мүмкін. Тіптен ересек өміріне де кері әсері бар.

АЛМАТЫ 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары