Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Цифрлық елге айналу міндеттері байыпталған жиын

Цифрлық елге айналу міндеттері байыпталған жиын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еліміз орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект арқылы қол жеткізуі керек. Өйткені Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, цифрландыру ОДМ мақсаттарының негізгі индикаторларының 70 па­йызына дейін қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл мәселе Сенатта өткен Орнықты даму саласындағы Ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның кезекті отырысында көтерілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазір IT-экожүйені дамыту үшін жұмыс жүргізіліп келеді. Сенат төрағасы «Digital Qazaqstan» біртұтас стратегиясын іске асыру құқықтық реттеудің оңтайлы тетіктерін қалыптастыруды және барлық мүдделі тараптың күш-жігерін жұмылдыруды талап ететінін айтты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жыл ішінде елімізді жаппай цифрлық елге айналдыруды міндет етіп жүктеді. Цифрлық өзгеріс Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге өзінің тікелей және сомды үлесін іс жүзінде қосуы керек. Сондықтан цифрлық шешімдерді олар нәтиже беретін, тиімділікті, ашықтықты және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыратын жерлерде пайдалану айрықша маңызға ие, – деді М.Әшімбаев.

Сенат спикері бұл салада тиімді құқықтық база қажет екенін алға тартты. Осыған орай депутаттар қазір «Жасанды интеллект туралы» заңды қарап, Цифрлық кодекстің жобасын талқылап жатыр. Бұл құжат – цифрлық құқықтық қатынастардың негізгі ережелерін белгілейтін алғашқы кешенді заңнамалық акт болмақ. М.Әшімбаев депутаттық корпус елімізде ОДМ және цифрлық күн тәртібін ілгерілету жолында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Отырыста цифрландыру бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру барысы да талқыланып, нақ­ты ұсыныс айтылды. Бұл ретте жаңа тех­ноло­гияларды басқарудың және дамытудың заң­на­малық базасын қалыптас­тыруға арналған «Жа­сан­ды интеллект туралы» заңға және Цифрлық кодекс жобасына баса мән беріліп отыр.

Сондай-ақ жиында мамандар инклюзивті білім беру ісі мен сапалы денсаулық сақтау саласын жетілдіру, гендерлік теңдікті, теңгерімді экономикалық өсуді және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялар айқын артықшылыққа ие екенін айтты.

Отырыста әр саладағы өзекті проблемалар да сөз болды. Бұл ретте сарапшылар цифр­ландыру мен жасанды интеллектіні дамыту шаралары айтарлықтай көлемде энергияны қажет ететініне алаңдап отыр. Осыған орай М.Әшімбаев Энергетика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің елдің энергетикалық қуатын дамытудағы үйлесімді жұмысы айрықша маңызды екенін айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Digital Qazaqstan бағдарламасында өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру қажет. Жалпы, бүгінде өндірістік және басқару үдерістерінің тиімділігін, ашықтығын, экологиялық тазалығын арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдануға ерекше орын беріліп отыр. Жаңа цифрлық парадигмада технология әлеуметтік әділет пен ресурстарды тиімді пайдалану үшін тиісті жағдай жасауы керек. Ең бастысы, жаңа технологиялар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тиіс, – деп Сенат төрағасы отырыста айтылған ұсыныстар мен бастамалар алдағы бірлескен жұмыс барысында ескерілетінін атап өтті.

Елді жаппай цифрландырып, жасанды интеллектіні енгізу үшін де дайындық қажет. Әсіресе жетекші технологияның тілін білетін мамандар қажет.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Евгений Больгерт әрбір азаматтың мүддесі үшін қаржылық және құқықтық сауатпен қатар бастауыш сыныптардан бастап мектеп бағдарламасына цифрлық сауаттылықты енгізу, өскелең ұрпақты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен айқындалған цифрлық ортада өмір сүруге дайындау және цифрлық гигиенаны қалыптастыру қажет екенін айтты.

– Сондай-ақ қарт адамдар мен мүгедектер үшін цифрлық инклюзия бағдарламаларын жүзеге асырған жөн. Цифрландыру бойынша тиісті білімі мен құзыреттілігі бар мұғалімдерді дайындау қазірдің өзінде өзекті болып отыр. Жоғары оқу орындарымен, техникалық және кәсіптік білім беру секторларымен жұмыс істеу қажет, – деді сенатор.

Ал «Alem.Ai Foundation» Корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Баян Қоңырбаев білім беруде адам капиталын дамыту деңгейінде жасанды интеллектіні енгізу өте маңызды проблема тудыратынын атап өтті. Мәселен, бұрын жастар кітапханаларда көп уақыт өткізіп, ізденіп, қажетті деректерді өздері жинаса, қазір ChatGPT немесе басқа да платформалар арқылы керек ақпараттарына қол жеткізе алады. Б.Қоңырбаевтың пікірінше, бұл өз кезегінде оқушының даму үдерісін түбегейлі өзгертеді. Соның ішінде аналитикалық дағдылардың дамуын айтарлықтай шектейді.

– Бұл мәселеге министрлік назар аударып, бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. «Alem.Ai Foundation» қоры да тек оқытумен емес, сонымен қатар қоғамдастықтың және қоғамның өзі бір-бірімен үздіксіз дамып, салалық секторларды дамытудың жаңа бағыттарын құруы үшін тең мүмкіндіктерді құруға баса назар аударып отыр, – деді Б.Қоңырбаев.

Ұлттық экономика министрлігінің дерек­теріне сүйенсек, еліміздегі Орнықты даму мақсаттарының 93 пайызы электрондық платформалар арқылы бақыланады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары