Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дала күні 2026 : Сыр өңірінде күрішке орақ түсті

Дала күні 2026 : Сыр өңірінде күрішке орақ түсті

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Аталған рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, министрлік өкілдері, еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, су шаруашылығы мекемелері мен шаруа қожалықтарының төрағалары, қаржы институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы еңбеккерлерді құттықтап, биылғы жауапты науқанға дайындық барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

"Сыр елі – ежелден диқаншылық дәстүрі орныққан берекелі өңір. Ақ күрішімен аты шыққан аймақ бүгінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаһандық азық-түлік нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ғылымды дамытуды, соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыруды атап өткен болатын. Басты міндет – дәстүрлі саланың әлеуетін заманауи технология, ғылым және инновациямен сабақтастырып, су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізу. Бұл ретте мемлекеттік қолдау мен ғылым мүмкіндігін шаруалардың тәжірибесімен ұштастыру маңызды. Барша диқан қауымын күрішке орақ түсуімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз берекелі болып, ақ күріштен мол өнім жиналсын. Сыр өңірінің ырысы арта берсін!", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқосуда ала жаздай аптап ыстықта маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.

Жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи техникалармен және олардың мүмкіндіктерімен танысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – күріш селекциясымен және тұқым шаруашылығымен айналысатын бірегей аграрлық ұйым. Биыл институттың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлініп, заманауи селекциялық техникалар мен тұқым зауыттары алынды. Бұл тұқым шаруашылығының дамуына, оның ішінде отандық күріш сорттарының сапасы мен егіс көлемінің артуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде вегетациялық кезең тұрақты өтіп, егіс алқаптары жоспарға сәйкес сумен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, су үнемдеу технологияларын қолдауға 2026-2028 жылдарға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл күріш алқабы қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Су үнемдеу технологияларын енгізу және әртараптандыру бағытында ірі инвестициялық жобалар қолға алынды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 17:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары