Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Толысқан масаққа орақ түсті

Толысқан масаққа орақ түсті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Жетісу жеріне шілденің аптап ыстығы ерте түсті. Күннің қызуы кей күндері 40 градусқа жуықтап, дала төсін күйдір­генімен, диқанның маңдай терімен көктеген алтын масақ өз уақытында пісіп жетілді. Жер-ананың бауырын жарып шыққан әрбір дән – көктемгі еңбек пен жаз бойғы тынымсыз күтімнің жемісі. Сондықтан ауылдағы ағайын үшін егін орағы – жай ғана науқан емес, біржылдық маңдай тердің таразыға түсетін жауапты кезеңі. Алғашқылардың бірі болып ораққа кіріскен «Архарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кейінгі жылдары өңірдегі іргелі шаруашылықтардың біріне айналған. Серіктестік басшысы Төлеген Есембековтің айтуынша, шаруашылық 850 гектарға күздік бидай еккен. Соның үш жүз гектары орылып, орташа өнім гектарына шамамен 15 центнерден айналып отыр.

«Биыл табиғаттың мінезі оңай болған жоқ. Жаздың ыстығы ерте басталып, жаңбыр сирек жауды. Соған қарамастан агротехникалық талаптарды сақтап, егісті дер кезінде күтіп-баптаудың арқасында өнімімізді аман сақтап қалдық. Ендігі мақсат – піскен астықты дер кезінде жинап алу. Әр күніміз есептеулі. Себебі бір күн кешіксең, шығынға ұшырайсың. Сондықтан комбайндар таңнан кешке дейін тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған субсидия мен жанар-жағармайға берілетін қолдау жұмыстарымызды жүйелі жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Жиналған астықты Алматыдағы диірмен кешеніне жөнелтеміз. Сол жерде ұн тартылып, кейін өзіміздің наубайханаларымызда нан болып халық дастарқанына жетеді. Бұл – егістіктен дастарқанға дейінгі тұтас еңбек тізбегі», дейді шаруашылық басшысы.

Егін даласында қызу еңбек қайнап жатыр. Таң шапағы білінбей жатып комбайндар қозғалысқа түседі. Дала төсінде тізілген техникалардың гуілі еңбек мерекесінің басталғанын аңғартады. Биылғы жаздың қалың ыстығы мен жауын-шашынның аздығы өнім көлеміне өз әсерін тигізбей қоймайды. Алайда шаруалар уақытпен санаспай, әрбір масақты ысырапсыз жинауға күш салуда. Әсіресе дала төсіндегі механизаторлардың еңбегі де ерекше. Күнге қарамай таңнан кешке дейін темір тұлпар тізгіндеген еңбек адамдары әрбір гектардың тағдырына жауап береді.

«Диқан үшін ең үлкен қуаныш – толысқан масақты комбайнның бункеріне құйылған күйінде көру. Биылғы ыстық оңай болған жоқ. Бірақ жердің бабын тауып, уақытында суарып, күтіп-баптаған алқаптар өнім беріп жатыр. Біз үшін әрбір дән қымбат. Себебі оның артында біржылдық еңбек жатыр», дейді механизаторлар Айдос Жанасылов.

Кербұлақ ауданында биыл 95,2 мың гектарға дәнді дақыл егілген. Оның 27 мың гектардан астамы – күздік, ал 68 мың гектары жаздық бидай. Бұдан бөлек, 7,1 мың гектарға майлы дақылдар орналастырылған. Қазіргі таңда Жоламан, Сарыбастау, Қарашоқы және Шанханай ауылдық округтерінде орақ науқаны қарқын алды. Аудан әкімінің орынбасары Бақыткелді Қабидолданың айтуынша, бүгінге дейін 1,9 мың гектар алқап орылып, 2,8 мың тонна астық қамбаға құйылған. Науқанға 404 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Оның ішінде 242 комбайн, ондаған астық тиегіштер мен тасымалдау техникалары жұмыс істеуде.

«Егін орағының сапалы әрі уақтылы өтуі – басты міндетіміз. Сол үшін аудан бойынша барлық техника толық дайындалды. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектерді жеткізу, астық қабылдау орындарының жұмысын үйлестіру мәселелері алдын ала пысықталды. Қазір науқан жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Ең бастысы – ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, өнімді ысырапсыз жинап алу», дейді Б.Қабидолда.

Жалпы, биыл өңір көлемінде ауыл шаруашылығы дақылдары 511,8 мың гектар алқапқа егілді. Бүгінде егін орағы­мен қатар алқаптарды күтіп-баптау жұмысы да жалғасуда. Қант қызыл­шасы, соя, жүгері алқаптарында арам­шөптер мен зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп, минералды тыңайт­қыштар енгізілуде. Басым дақыл­дардың 127 мың гектардан астамы гербицидтермен өңделсе, 107 мың гектардан астам жерге минералды тыңайтқыш себілген.

Қазақ үшін астық – ырыс пен берекенің символы. Сондықтан егін даласындағы әрбір еңбеккердің маңдай тері елдің азық-түлік қауіпсіздігімен тікелей сабақтас. Биылғы аптап ыстық табиғаттың сынағы болғанымен, Жетісу диқандары бұл сы­нақты еңбекпен еңсеруге бел буып отыр.

 

Жетісу облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары