Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Дәрия Қуатжан, Қазақ аруы байқауының жеңімпазы: Арманына сенгендер жетістікке жетеді

Дәрия Қуатжан, Қазақ аруы байқауының жеңімпазы: Арманына сенгендер жетістікке жетеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әжесінің сандығынан шыққан дүниеге тамсанып өскен қыздың мамандығы – дизайнер. Ол елге белгілі Darideya брендінің негізін қалаған. Өнерлі қызбен аталған байқау мен этностиль төңірегінде әңгіме өрбіттік. 

– Дәрия, Қазақ аруы атанға­ныңыз құтты болсын! Бұл жобаға қалай келдіңіз? 

– Көп рақмет! Қазақ аруы атану – мен үшін үлкен жауап­кершілік. Титулды алғаннан ке­йін оны екі есе сезіндім. Негізі, жо­баға келуім ең сәтті, өз уа­қы­тымен болған оқиға деп айта ала­мын. Бұрыннан ұлттық мә­дениетке, қазақ қыздарының бол­мысын ашуға ден қойып жүргенмін. Істеп жатқан ісім мен дәріптейтін мис­сиям да соны нұсқайды. Сон­дықтан бұл байқау ішкі құнды­лығыммен сәйкес келді. Былтыр байқауға қатысу туралы ой келді. Оқырмандарым да, жан-жағым­дағы жандар да «сізге дәл келетін байқау» деп айтты. Сонымен, биыл алдыма нақты мақсат қо­йып, байқауда бақ сынадым. Да­йындық кезінде де айналам­дағы­лардың қолдауы үлкен әсер етті. Қолдаумен қатар хейт жүрді. Десе де, өзіме үлкен мектеп болды. Әсіресе, өнер көр­сету турасында жоба маман­дарының жұмысын атап өтсем деймін. Бастапқыда кастингте дизайн ұсындым, бірақ қазылар алқасы оның концепция­сын түсінбеді. Басқа қандай өнерім­нің барын сұраған соң, мүмкін монолог оқып, актерлік шебер­лікті көрсететін болармын деп ойладым. Десе де кастингтен сәт­ті өткен соң, маған балалар коллекциясын жасауға тапсырма берді. Динайзер ретінде өзімді көр­сетуге мүмкіндік бергеніне қат­ты қобалжыдым. Оның үсті­не, көбіне ересектерге, қыздарға арналған коллекция тігемін. Ал бұл топтамада балаларға, ұл-қыз деп бөлмей жасауым керек бол­ды. «Көшпенді дала ұрпағы за­ма­науи образда қалай киінер еді?» деп ойналып отырып сыздым. Жұмыс барысында көшпенді ұрпақтың рухын көрсететін қа­нық түстерді таңдадым. Әр дета­лында мағына бар. Жүннен жа­салған бөліктер, зығыр және джин­са матасын қосып, сырып тігілді. Сөйтіп, «Көшпенді дала ұрпақтары» топтамасы дүниеге келді. Халық жылы қабылдап, көрермен көзайымына айналды. Топтама ішінде Balapan, Ai Bibi, Lashyn, Sadaq, Aisha, Shuga, Tumar, Torqyn, Aqyl, Alau атауымен этно-стильде тігілген балалар киімі бар. Ұлттық мұраны, киімді дәріптеудің бір үлгісі – оны күн­делікті киіп жүру. Осы топтама арқылы азат, өзіне сенімді, ішкі дүниесі ұлттық құндылықпен астасатын ұрпақтың киім үлгісін құрастырдым. 

– Жоба сізге не үйретті? Кәсібіңіз карьерамен ұштаса ма, әлде сізді жаңа қырыңыздан ашатын жобалар күтіп тұр ма? 

– Жоба маған,ең алдымен, тәртіпті, уақытты жоспарлауды және қазақ қызының миссиясы қандай болуы керек деген ойды терең түсіндірді. Менің негізгі кә­сібім де, шығармашылық жо­баларым да ұлттық стильді жа­ңаша танытуға қызмет етеді. Бо­лашақта бұл тәжірибе мені жа­ңа медиажобаларға, мәдени бас­тамаларға алып келеді деп ой­лаймын. Ал бұдан бөлек өзім шы­­ғармашылық жолдың қанша­лықты жауапты әрі ауыр екенін ұғына түстім. 17 сағатқа созыла­тын түсірілім жұмысы, 5-6 сағат­тық би дайындығы бізді жан-жақты шыңдады. Жалпы, қазақ мәдениетін әлемге танытқым келеді. «Қазақ аруы» осы мис­сиям­ды әрі қарай жаңа деңгейде жалғастыруға мүмкіндік береді. 

– Darideya бренді жайына тоқталсақ. Бұл жоба алғашында сіздің диплом жұмысыңыз болған екен. 

– Иә, 9-сыныпты бітірген соң Орал Таңсықбаев атындағы Ал­маты сән және қолданбалы өнер колледжіне оқуға түстім. Аталған колледж менің қалыптасуыма көп көмек берді. Кейіннен Абай атындағы ұлттық университетте білімімді жалғастырдым. Дұрыс айтасыз, Darideya – менің кол­ледждегі диплом жұмысым. Алға­шында тек қазақтың этно-эле­менттерін заманауи стильге бе­­йімдеу туралы идеядан туын­даған жоба. Кейін сүйікті ісімді дамыта келе тәжірибе жинақтап, жоба толыққанды брендке ай­налды. Жалпы, кішкентайымнан қуыршаққа киім тіккенді жақсы көрдім. Анамның кесте тігіп, қол­өнермен айналысқаны да әсер етті. Өзім сәнге жақын бол­дым. Мектеп қабырғасынан өнер­ді, шығармашылықты таң­дап, дизайнер болғым келді. Айта кетерлігі, арманына берік болған жан жетістікке жетеді. Сон­дық­тан тұрақтылық пен мойымаудың арқасында біразға жеттік. Қазір тұтұнушыларым әлемнің әр түк­пірінен тапсырыс береді. Бүгінде Darideya – тек киім емес, қазақ мә­дениетін күнделікті өмірде әдемі, ыңғайлы тілмен көрсету философиясы. Менің киімдерім тек жіп пен шүберектен тұр­майды. Оның ішінде тарих бар. Мысалы, жақында ғана DIOR-дың музасына айналған Алла Елшіннің құрметіне ELSHIN екеулігін тіктік. 

– Жалдамалы пәтерде бастал­ған іс қазір жаңа масштабқа шық­қан екен. Осы брендтің ел ара­сында танымал болуының сыры неде деп ойлайсыз? 

– Танымалдықтың сыры – шы­найылық және еңбек. Соны­мен қатар тұтынушылармен жақ­сы байланыс орнату, әлеу­меттік желіде ісің, бастамаң ту­ралы ашық айтып беру. Әрине, сапа үшін жұмыс істеу – бірінші кезектегі іс. Мұның бәрі брендтің өсуіне әсер етті деп ойлаймын. Же­тістікке жетудің сыры қара­пайым: күнделікті ізденіс, төзім мен батылдық. Адамдардың ба­сым бөлігі «қалай жетістікке жетемін?» деген сұраққа жауап іздеп уақыт өткізеді. Ал, шын мәнінде, алғашқы қадам жасап қана алға жылжи аласың. Егер 20 жасыңда қорқақ болсаң, 40 жа­сыңда да дәл сол үреймен жүре­сің. Ішкі өзіңді көрсетуден қо­рықпа, алға жылжудан қорықпа. Бәрі сол кішкентай қадамнан басталады. 

– Қазір қанша адамды жұ­мыспен қамтып отырсыз? 

– Бағана айтқанымдай, ал­ғашқы ісімді нөлден бастадым. Қолымда капитал да, таныс-та­мыр да болмады. Тек өсуге деген үлкен ықылас пен талпыныс серік болды. 2024 жылы тігінші бар, құрбым бар, үшеуміз кәсіп бастауға шешім қабылдадық. Жал­дамалы пәтердің бір бұры­шында киім тігіп, оны әлеуметтік желіге жариялап, артынша тұ­тынушыға қызмет көрсеттік. Қазір қоластымда 50-ден астам адам жұмыс істейді. Соның ішін­де менеджментке жауапты 12 адам, 30 шақты тігінші, конструк­тор, 10 шақты қолөнер маманы бар. Тігу процесінің негізгі бөлі­гін өзіміз тігеміз. Уақыт өте келе өндірісті кеңейту жоспарда бар. Алматының ортасынан сән үйіміз ашылды. Ал тапсырыстар әлемнің түкпір-түкпірінен түсіп жатыр. Мұны не үшін айтып отыр­мын? Өйткені әр қыз өзі ой­лағаннан әлдеқайда мықты еке­нін білсе екен деймін. Ең басты­сы – өзіңе, арманыңа сену. 

– Наурызды жаңаша тойлау заманауи ұлттық киім секторы­ның тынысын ашқандай. Сіз де солай ойлайсыз ба? 

– Әрине, кейінгі жылдары жастардың ұлттық болмысқа де­ген қызығушылығы артып жа­тыр. Наурыз тек дәстүрлі мейрам емес, ұлттық стильдің жаңа ты­нысын ашатын мэйнстримге айналды. Бұл біз үшін үлкен мүм­кіндік: ұлттық киімнің тек ме­рекелік емес, күнделікті стильдің бір бөлігі бола алатынын дәлел­деу. Бірақ осы секторда жүрген кәсіпкердің кей қиындықпен бетпе-бет келетінін де ұмытпаған жөн. Өйткені баға бәріне әсер етеді. Мата, фурнитура, жұмыс күші үлкен еңбекті талап етеді. Сызып-пішу, логистикадан бас­тап, әлеуметтік желідегі стори­теллингтің өзі қыруар шаруа. Осы тұста қол еңбегінің құнын түсірмесе екен деймін. Өйткені шағын өндірісте бәрі қолмен жасалады. Ұлттық киім – бұл жай өнім емес, мәдениетті сақтаудың формасы. 

– Ал өзіңіз отандық не әлемдік қай брендтен шабыт аласыз? Darideya туралы болашақ жоспары­ңыз қандай? 

– Көбіне қазақ мәдениетінен, ою-өрнектерден, тұрмыстан, әжем­нің сандығынан табылатын заттардан шабыт аламын. Әлем­дік деңгейде PRADA, MIUMIU секілді брендтердің табиғилығы мен еркін формасын жақсы кө­ремін. Darideya-ның болашағына құрған жоспарым жетерлік. Әри­не, барлығымен бөлісе алмай­мын, бірақ ең жақсы жаңалығы­мыз Darideiya сән үйі Абай даңғылына көшіп, шаршы метрі үлкен дүкенде жұмысын жалғас­тырады. Әрине, басты мақсаттан ауытқымай, қазақ этностилін күн­делікті өмірге бейімдеп, сән­ді, заманауи, ыңғайлы етіп ті­геміз. Әлемдік масштабқа шы­ғып, үлкен подиумдарды ба­ғындыруды қалаймын. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары