Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Павлодар облысында Үлгілі ауыл байқауының жеңімпазы атанды

Павлодар облысында Үлгілі ауыл байқауының жеңімпазы атанды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Павлодар облысындағы Орлов ауылы «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды 24KZ. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған сайыста елді мекен жол жөндеу, абаттандыру және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Шарбақты ауданы 7 ауылдық округтен, 27 елді мекеннен тұрады. Соңғы екі жылда 80-нен астам жоба жүзеге асырылды. Әр ауылда жол жөнделіп, әлеуметтік нысандар толық жаңарды. 18 мыңға жуық тұрғыны бар ауданда ірі ауыл шаруашылық құрылымдары астық егіп, мал өсірумен айналысады. Үлгілі ауылдардың көшін бастаған Орлов елді мекенінің тарихы тереңде. Ең маңыздысы, ауыл халқы туған жерінде тұрақтап қалған.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі:

- Орловка ауылы осы республикалық экологиялық акция аясында өткізілген үлгілі ауылдар конкурсында жүлделі орынға ие болып отыр. Негізгі көрсеткішті айтып өтетін болсақ, бұл жерде ауыл тұрғындарының туған ауылына деген жанашырлығы. Бюджет тарапынан қолдау бар бұл ауылға. Былтырғы жылдың өзінде біз үш көшесіне жөндеу жұмыстарын жасадық. Келесі жылы, мысалы, абаттандыру жұмыстарын жасауды жоспарлап отырмыз.

Орлов ауылында жұмыссыздық мүлдем жоқ. Тұрғындардың 90%-і жергілікті фермерлік шаруашылықта еңбек етеді. Азық-түлікті өздері өндіреді. Наубайхана, жартылай фабрикаттар мен бұқтырылған ет шығаратын шағын кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр.

Юлия Зубарева, ет өңдеу цехының технологы:

- Біз табиғи өнімдерді пайдаланамыз. Етті өзіміздің фермадан аламыз. Химиялық қоспаларды қолданбаймыз. Ауыл адамдарының көбі қазір мал ұстамайды. Себебі шығыны көп. Сондықтан біз шығарып жатқан азық-түлік түрлеріне ауыл мен қала тұрғындары арасында сұраныс жоғары.

Ауылға келген жас мамандар баспанамен қамтылады. Хореограф-педагог Ольга Ковтун үш жыл бұрын қаладан қоныс аударған. Ауыл балаларын биге баулып жүр. Орловтық өнерпаздар жуырда республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды.

Ольга Ковтун, хореограф-педагог:

- Мен ауылға келгеніме ешқашан өкінген емеспін. Мұнда қатты ұнайды. Өмір сүруге қолайлы жағдайлардың бәрі бар. Балалардың дамуына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл өте маңызды, себебі балалар – біздің болашағымыз. Ауылдың таза ауасына ештеңе жетпейді.

Бір қызығы, бұл ауылдың қалыптасқан өз дәстүрі бар. Әр көшенің тазалығына жауапты арнайы адам бекітілген. Қаңғыбас ит, бос жүрген мал көрмейсіз.

Владимир Поляков, серіктестік директоры:

- Ауылды дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы зор қолдауға ие. Бұл біз сияқты ірі кәсіпорын иелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Менің ойымша, адамдар ауылда тұруы керек. Егін егіп, халықты асырауға шағын шаруашылықтар да үлес қосуы керек.

Мыңнан астам тұрғыны бар Орлов ауылы ел бойынша ең үздік 30 елді мекеннің қатарына кіреді. Бұл жергілікті билік, бизнес қауымдастығы және тұрғындардың өзара үйлесімді жұмысының нәтижесі болса керек.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 14:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары