Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Павлодар облысында қар суы ауыл шаруашылығында пайдаланылады

Павлодар облысында қар суы ауыл шаруашылығында пайдаланылады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Павлодар облысында көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған бірегей жоба жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Жыл сайын елді мекендерге қауіп төндіретін еріген қар суы бұдан былай егіншілік жерлер мен шабындықтарды суару үшін лимандарға бағытталмақ. Мамандардың айтуынша, бұл тіршілік нәрін үнемдеуге және су қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Көктемгі су тасқынына қарсы дайындық биыл ерте басталды. Қазірге дейін шамамен 30 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылып, 30-ға жуық су өткізу құбыры жөнделген. Арықтар тазартылды. Бұл жұмыстар су басу қаупі жоғары ауылдарда жүргізілді. Баянауыл ауданында атқарылып жатқан ауқымды жоба әуеден қарағанда айқын көрінеді. Оған бюджеттен үш миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Баянауыл ауданында лиманды суландыруға арналған гидромелиорациялық жүйені қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Көктемде жүйе еріген қар суын қажетті арнаға бағыттайды. Өңірдегі су басу қаупі ең жоғары аймақ — Баянауыл. Мамандардың есептеуінше, жаңа жүйе 17 елді мекенде тасқын зардабын азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шәкір Ахметов, Павлодар облысы ТЖД басқарма басшысы:

- Қарағанды облысы аумағында Ақжар мен Қаратоқа бөгеттері орналасқан. Көктемде бұл бөгеттерден асқан су біздің облысымызға жетіп, Ашысу мен Қарасу өзендерін толтырады. Өзендер арнасынан асқанда елді мекендерге тасқын судан қауіп төнеді.

Су тасқынының алдын алудан бөлек, бұл жүйенің тағы бір маңызды қызметі бар. Үш мың гектардан астам лиманды суландыру жүйесі қалпына келтіріледі. Демек еріген қар суын ауыл шаруашылығында тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

Дияр Қайыркенов, облыстық Қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:

- Павлодар облысы аумағындағы барлық лиманды суландыру нысандары бір жүйеге келтіріліп жатыр. Бірінші болып бұл жұмыс Баянауыл ауданында, одан кейін Май ауданында жүзеге асты. Өзге аудандар да кезекпен жалғастырады. Жоспарға сай тапсыру мерзімі желтоқсан айына белгіленген болатын. Қазір біз барлық жұмысты аяқтадық. Нысандарды пайдалануға беру дайындық сатысында тұр.

Көлтабандарды суға толтыру арқылы шабындық жерлерді суландыру – ежелден келе жатқан қарапайым тәсіл. Облыста су тасқынынан қауіп төнетін 58 ауыл гидромелиорациялық жүйемен қамтылады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Даулет Қошқарбаев, Марат Игіліков

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 14:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары