Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Студенттік сот процесі байқауының жеңімпазы анықталды

Студенттік сот процесі байқауының жеңімпазы анықталды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Сотында жыл сайынғы «AIFC Court Moot» студенттік сот процесі байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«AIFC Court Moot» – ағылшынның жалпы құқық дәстүріне негізделген, студенттер арасында өтетін сот процесі үлгісіндегі байқау. Іс-шара ұйымдастырушылары жыл сайын Қазақстан мен Еуразия өңірінің дарынды студенттерін жинап, болашақ заңгерлердің АХҚО Соты судьяларының алдында өз білімдері мен дағдыларын көрсетуіне мүмкіндік туғызады. Яғни, байқау аясында студенттерден құралған топтар ойдан шығарылған іс бойынша өз дәлелдерін (жазбаша және ауызша) дайындап, болашақ заңгерлер заңды талдау, құқықтық ұстанымдарды қалыптастыру және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, АХҚО Сотының аға судьяларының алдында жұмыстарын қорғайды.

Биылғы байқаудың финалына алдыңғы кезеңдерде көрсеткен жақсы нәтижелері бойынша іріктелген Мақсұт Нәрікбаев Университеті (Астана, Қазақстан) мен Шығыс Қытай Саяси ғылымдар және құқық университетінің (Шанхай, Қытай)  студенттері өтті. Финалды АХҚО Сотының төрағасы Мэлдон Лорды Бернетт және АХҚО Сотының басқа да  аға судьялары бағалады.

АХҚО және ХТО сотының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт: «Біз АХҚО Соты студенттік сот процесі байқауы сегіз жыл қатарынан өткізіліп, қатысушы университеттердің оқу бағдарламасының ажырамас бөлігіне айналғанын мақтан тұтамыз. Осындай байқауларды өткізу арқылы біз заңгер студенттерге нақты сот істерінде клиенттердің мүдделерін қорғау үшін адвокаттардан талап етілетін жалпы сот жағдайында ауызша адвокатура машықтарын үйренуге және қолдануға бірегей мүмкіндік береміз. Студенттердің деңгейі жыл сайын жоғарылап келеді. Біз Еуразиядағы таңдаулы халықаралық коммерциялық сот ретінде негізгі серіктестерімізбен және заң қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыруды жалғастырып келе жатқандықтан, бұл студенттер үшін де, біздің сот үшін де маңызды жарыс», дейді.

Жеңімпаздар кубогы  Шығыс Қытай Саяси ғылымдар және құқық университетінің (Шанхай, Қытай) студенттеріне берілді, ал соңғы турға өткен барлық студенттер АХҚО және ХТО Сотында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

2018 жылдан бері АХҚО Сотының студенттік сот процесі байқауы Қазақстан мен Еуразия өңіріндегі құқық саласындағы дарынды жастарды қолдайтын маңызды алаңға айналды. АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тренинг орталығының білім беру бағдарламалары арқылы 4500-ден астам адам құқық үстемдігі мен халықаралық коммерциялық дауларды шешу қағидалары бойынша тегін білім алды. Сондай-ақ, 220-дан астам студент АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өтті.

Жыл сайын Қазақстан мен Еуразия өңірінен жүздеген студент АХҚО Соты мен ХТО ұйымдастыратын сот, арбитраж және медиация процестерінің байқауларына қатысады. Бұл байқаулар өңірдегі іскерлік және заң қауымдастығын дамуына үлес қосып, АХҚО Соты мен ХТО-ны халықаралық коммерциялық дауларды шешудегі жетекші институттар ретінде беделін арттырады. Сонымен қатар бұл байқаулар жас және тәжірибелі заңгерлерге инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғау үшін маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі. Мамандар аталған іс-шара  Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартуға және елдің сот жүйесінде құқықтық қауіпсіздік пен инвесторлардың сенімін қамтамасыз етуге ықпал ететінін де айтады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 15:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары