Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Демографиялық үдерістерді талдау орталығының маңызы

Демографиялық үдерістерді талдау орталығының маңызы

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында демографиялық үдерістерді талдап, болжайтын орталық құруды тапсырған еді. Бүгінде мұндай орталық жеделғабыл ашылып, мамандар жұмысқа кірісіп те кетті.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жыл өткен сайын ауылдан қалаға көшкен ағайынның қатары артып келеді. Қаламен қатар аудан орталығына жақын ірі ауылдар көркейіп, дамып жатыр. Тек шалғайда түтінін түтетіп отырған малшылардың қонысы жылдан-жылға сиреп, ауылдар кішірейіп, азайып барады. Оның бірден-бір себебі қараусыз қалған ауылдарда инфрақұрылым, мектеп, балабақша, жарық, жылу, жол немесе интернеттің жоқтығы. Ғылым-білім, технология да­мыған заманда өркениеттен алыстап, жалғыздан-жалғыз күн кешуге екінің-бірінің жүрегі дауалай бермейді.

Демографтардың айтуынша, урбанизация дамушы елдерде қалыпты құбылыс саналады. Сондықтан қалалар, мегаполистер урбанизация үрдісіне дайын болуға тиіс. Ал жойылудың алдындағы ауылдарды сақтап қаламыз десек, инфрақұрылымды реттеп, ондағы ағайынға қолдау көрсетпесе болмайды. 1930 жылдары әлемде урбанизация 30% шамасында болса, қазір 57%-дан асып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына назар салсақ, 2050 жылға қарай урбанизация 70%-ды шамалайды. Сол қарқынмен бізде де урбанизация жеделдеп барады. Салдарынан кейбір қала мен ауыл халқының тұрғындары тұйыққа тірелген сәттер көп. Айталық, жастар жағы қалаға көшкен ауылдарда маман тапшылығы байқалады. Қалаларда сұраныстың көптігінен тұрғын үй бағасы өсіп барады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Елдегі демографиялық үрдістерді егжей-тегжейлі зерделеп, ұзақ жылға арналған шешімдер қабылдау айрықша маңызды. Алайда осы салада мәліметтерді тиісті деңгейде есепке алып, талдау жасау жолға қойылмаған. Бұл жағдай еңбек нары­ғының сұранысын болжау, инфрақұры­лым­ды дамыту жұмысын жоспарлау, басқа да міндеттерді орындау жолында қиын­дық туғызады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің база­сында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілген Демогра­фиялық үдерістерді талдау және бол­жау орталығын құру керек», деп атап өтті.

Мақаланың басында сөз еткен орталық Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан ашылды. Орталық қазір болып жатқан демографиялық сын-қатерлерге дер кезінде қамдануға мүмкіндік береді. Әрі елдің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары динамикамен өзгеріп жатқан қазіргі жағдайда орта­лық демографиялық үрдістерді терең зерттеп, мемлекеттік саясатты ғылыми тұрғыдан негіздеуге ықпал ететін басты талдау алаңына айналады. Орталықтың мақсат-мұраты туралы ақпаратты агенттік жанынан құрылған Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығының басшысы Аяулым Сағынбаевадан сұрап білдік.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

– Орталық ашудағы басты міндет­тердің бірі – демографиялық, көші-қон, әлеуметтік-экономикалық көрсет­кіштерді біріктіретін бірыңғай деректер базасын қалыптастыру және қолдау. Сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарына арналған талдамалық материалдар мен ұсынымдар дайындауда осындай жедел орталықтың деректері аса маңызды. Сонымен қатар орталық еліміздегі демографиялық ахуал туралы ұлттық баян­дамалар шығаратын болады. Қазір біз өз қызметімізде демография, оған жақын салаларда жұмыс істейтін отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтастық орната бастадық, – дейді А.Сағынбаева.

 Орталықта талдауға қажетті деректер түрлі көздерден жиналады. Оның ішінде ресми статистикалар, мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері, балама ақпарат көздері қаперге алынады. Әлбетте, басты назарда Ұлттық статис­тика бюросының деректері тұрады. А.Сағынбаева орталықта талдау сапасын арттыру мақсатында халықаралық статистика, зерттеу базаларымен тығыз жұмыс істеуге ниет етіп отырғанын айтты. Өңделетін ақпарат көлемін ескере отырып, орталық Big Data технологияларын, жасанды интеллектіні қолданады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауда халықаралық тәжірибеде сыналған ше­шімдерге басымдық беріледі. Бұл тәсіл бюджеттің шығындарын азайтуға немесе мүлде шығын шығармауға мүмкіндік тудырады.

– Орталыққа демография, әлеу­меттану, экономика, урбанистика салаларындағы үздік отандық мамандар, сондай-ақ деректерді талдаушылар тартылады. Қазірдің өзінде орталықтың мамандары демографиялық үдерістерді болжаудың көпдеңгейлі жүйесінің әдістемесін әзірлеуге кірісті. Алғашқы талдау бағыттары бойынша жұмыс басталып кетті. Алайда нақты нәтиже алуға біраз уақыт қажет. Демографиялық болжам жасау – күрделі әрі көп еңбекті талап ететін жұмыс. Ол түрлі модельдерді сынақтан өткізуді қажет етеді. Орталықтағы тіршілік енді басталғандықтан, алғашқы қорытындылар барлық ұйымдастыру кезеңдері толық аяқталғаннан кейін ғана ұсынылады, – дейді А.Сағынбаева.

Жалпы, орталық базасында жиналған деректер кейін мемлекеттік органдарға ұсынылады. Яғни министрлік, жергілікті әкімдіктер, басқа да құрылымдар демо­графиялық ахуалды бақылауға орта­лық мәліметтерін пайдаланады. Ең бас­тысы, сенімді талдамалық база қалып­тастыру. Жоспарға сәйкес, орталық демо­графиялық болжамдарды тұрақты түрде әзірлеп, қажет болған жағдайда жаңартып отырады.

Экономикалық зерттеулер институты Сараптама орталығы директорының орынбасары Айдана Байқанованың айтуынша, қазір еліміздің өңірлері мен қалаларындағы инфрақұрылым, урбанизация, жұмыссыздық деңгейі өзара тығыз байланысты мәселелер. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы еліміздегі халық саны 20,2 млн адамға жетті, оның 63%-ы қалаларда, 37%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Демек, Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығы құрылуы уақыт талабынан туған қажеттілік болып отыр.

– Демография – мемлекеттің эконо­микалық, әлеуметтік, аумақтық даму саясатының негізі. Елде халық саны өсіп жатыр. Бірақ оның өсу қарқыны өңірлерде бірдей емес. Урбанизация жедел жүріп жатыр. Ішкі, сыртқы көші-қон үрдістері еңбек нарығына, инфра­құры­лымға, әлеуметтік теңгерімге әсер етіп отыр. Бүгінге дейін демографиялық жоспарлау көбіне өткен статистикаға сүйеніп жүргізілді. Қазіргі жағдайда бұл жет­кіліксіз. Болжам жасау, алдын ала шешім қабылдау үшін үлкен деректерді, цифрлық талдауды, жасанды интеллектіні қолдану қажет болды. Сондықтан арнайы құрылған Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығы ұзақмерзімді ұлт­тық дамуды жоспарлауға, өңірлік сая­сатты жетілдіруге, әлеуметтік-эконо­ми­калық теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Деректерді бас­шылыққа алып, дұрыс шешім қабыл­дасақ, урбанизацияның кері әсерін азайтуға болады, – дейді А.Байқанова.

 Орталықтың миссиясы тек болжам жасаумен шектелмейді. Ол сондай-ақ демографиялық өзгерістердің себеп-салдарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл – сараптаманы нақты саясатқа айналдыратын алаң. Яғни зерттеулердің нәтижесі зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, өңірлік даму сияқты бағыттарда тиімді саясат қалыптастыруға себепші болады. Сонымен қатар орталық басшы­лығы БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры, Халықаралық көші-қон ұйымы, Балалар қоры, Әйелдер қоры, Даму бағдарламасы, демография мен көші-қон саласындағы жетекші шетелдік ғылыми институттармен байланыс орнату арқылы халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуді көздеп отыр. Сайып келгенде, мұның барлығы демографиялық үдерістерді талдап, болжау арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған қадам.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары