Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Драматургиядағы дара даңғыл

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Ақ халаттыға адалдық жарасады

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Депозит ашуда кенже қалған елдер

Депозит ашуда кенже қалған елдер

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қаржы саласы ел экономикасының күретамыры.

Алайда әлемнің кейбір елдерінде бұл сала, нақтырақ айтқанда депозит ашу мәселесі әлі де дамудың бастапқы кезеңінде. Бұл бағытта кенжелеп қалған елдер қандай? Ұлттық валютаның құнсыздануына не себеп? 

Конго Демократиялық Республикасы 

Қаржы саласында кенжелеп қалған елдің бірі Конго Демократиялық Республикасы. Онда 80 миллионнан астам халықтың көбі ресми банктік жүйеге қосылмаған. Кей аймақтарда тіпті ұлттық валютаға деген сенім төмен. Соның салдарынан депозиттер АҚШ долларымен ашылады. Ел ішінде конголық франктан гөрі шетел валютасы – доллар көбірек қолданылады. Дегенмен, жағдай біртіндеп өзгеріп келеді. Биыл қыркүйекте Киншасада Visa Pay атты мобильді қосымша іске қосылды. Ол арқылы пайдаланушылар ұлттық валюта Конголық франкпен де, доллармен де төлем жасап, ақша аудара алады. Виртуалды карталар мен басқа да мүмкіндіктер қарастырылған.

Венесуэла 

Депозит ашу жағынан әлі де тұралап тұрған елдің қатарына Венесуэланы  жатқызуға болады. Ел бірнеше жылдан бері гиперинфляциямен күресіп келеді. Ұлттық валюта – боливар күн санап құнсызданып жатыр. Мәселен, бүгін 1000 боливарға нан алуға болатын болса, келесі аптада ол ақша түкке де жарамай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда халық банкте ақша ұстауды қажет деп санамайды. Бұған қоса, мемлекет тарапынан банктік шоттарды бұғаттау, шектеу қою сияқты әрекеттер де сенімге селкеу түсірген. Бұрынғы дағдарыстар кезінде салымдарын жоғалтқан халық енді қаржы орталықтарына жолағысы жоқ. Көпшілік күнделікті өмірде АҚШ долларын қолдануға көшкен. Экономикалық қиындықтарға жұмыссыздық пен кедейшілік қосылып, жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.

Ауғанстан 

Ауғанстанда қаржы саласы тіптен қиын. Халықтың басым бөлігі  күнделікті табысын тек өмір сүруге жұмсайды, артық ақша жоқтың қасы. Ел экономикасы ауыл шаруашылығы мен сырттан келетін гуманитарлық көмектерге тәуелді. Банк саны аз, қызмет көрсету сапасы төмен. Тұрғындар банктік өнімдер мен оның пайдасы жайлы мардымды ақпарат біле бермейді. Жылдар бойғы соғыс пен тұрақсыздық банктерге деген сенімді мүлде азайтқан. Қауіпсіздік мәселесі де банктік қызметтердің қолжетімділігін шектеп отыр.

Бангладеш

Бангладеш те жинақ шоттарын ашуда артта қалған мемлекеттер тізімінде. Мұнда отбасылар тапқан табысын күнделікті қажеттілікке ғана жаратады. Ауылдық жерлерде банктер мүлде жоқ, ал қалалық аймақтарда банкке бару үшін ұзақ жол жүру керек. Халық көбіне ақшаны банкке емес, алтын, мал сияқты дәстүрлі активтерге салғанды жөн көреді. Әрі саяси тұрақсыздық пен қақтығыстар экономикалық өсімді тежейді.

Нұрбике Жігер

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 20:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see148

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see141

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see139

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see138

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see131

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see131

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see131

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see129

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see127

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see125

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see121

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see120

Ақ халаттыға адалдық жарасады

17 Қазан 2026 07:47see118

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see117

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see115

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see114

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see113

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see112

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

17 Қазан 2026 10:38see109

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары