Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Драматургиядағы дара даңғыл

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Ақ халаттыға адалдық жарасады

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

Диеталар салмақ тастауға көмектеспейді: рационда нені өзгерту керектігін дәрігер айтты

Диеталар салмақ тастауға көмектеспейді: рационда нені өзгерту керектігін дәрігер айтты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Инсулинге төзімділігі төмендеген адамдар диета ұстаса да, жылдар бойы артық салмақтан арыла алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда ағза жасушалары инсулинге дұрыс жауап бермей, қандағы глюкозаны тиімді пайдалана алмайды. Бұл салмақ тастауды да қиындатуы мүмкін. Дегенмен дұрыс тамақтану арқылы жағдайды жақсартуға болады, - деп хабарлайды Tengri Life "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Көпшілік қандай қателік жібереді?

Эндокринолог, диетолог әрі нутрициолог Анастасия Самойлованың айтуынша, инсулинге төзімділік төмендегенде ашығу немесе көмірсулардан толық бас тарту дұрыс шешім емес.

Мұндай қатаң шектеулер ағзаға қосымша салмақ түсіріп, күйзеліс гормоны – кортизолдың көбеюіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан маман ашығудан гөрі күнделікті ас мәзірінің құрамына мән беруге кеңес береді.

Күнделікті ас мәзірінде не болуы керек?

Дәрігер тәрелкенің жартысын крахмалы аз көкөністер мен көк шөптерге бөлуді ұсынады.

Олардың құрамындағы жасұнық (тағамдық талшық) көмірсулардың қорытылуын баяулатып, глюкозаның қанға бірден көп мөлшерде түсуін тежейді. Сонымен қатар, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды.

Маман әсіресе брокколи жеуге кеңес береді. Оның құрамында қабынуға қарсы қасиеті зерттелген сульфорафан заты бар.

Сондай-ақ, ас мәзіріне кәді, баялды, үрмебұршақтың жасыл бұршағы мен саңырауқұлақтарды қосқан жөн. Бұл өнімдер тойымды болғанымен, калориясы салыстырмалы түрде төмен.

Ақуыз да маңызды

Тәрелкенің тағы төрттен бір бөлігін ақуызға бай тағамдар құрауы керек.

Ақуыз жеткіліксіз болса, ағза бұлшықет тіндерін жоғалта бастайды. Ал бұл зат алмасуға кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, ақуыз тоқтық сезімін ұзақ сақтауға көмектеседі.

Дәрігер ақуыз көзі ретінде албырт, скумбрия және майшабақ сияқты майлы балықтарды ұсынады.

Жұмыртқа да пайдалы. Оның құрамындағы холин жасушалардың, жүйке жүйесінің, ми мен бауырдың қалыпты жұмыс істеуіне қажет.

Ал құс еті мен ішкі ағзалардан дайындалатын тағамдар ағзаны ақуызбен қамтамасыз етеді.

Қандай майлар пайдалы, қайсысынан бас тартқан жөн?

Инсулинге төзімділік төмендегенде майлы тағамдардың бәрінен бірдей бас тартудың қажеті жоқ. Ең бастысы – пайдалы майларды таңдау.

Маман зәйтүн майы, зәйтүн және авокадоға басымдық беруге кеңес береді. Олардың құрамында бір қанықпаған май қышқылдары бар.

Сондай-ақ, грек жаңғағы, зығыр және чиа тұқымдары көп қанықпаған май қышқылдарының көзі саналады.

Ал өнеркәсіптік кондитерлік өнімдер мен кейбір маргариндерде кездесетін трансмайлардан барынша бас тартқан дұрыс.

Көмірсуларды қалай таңдаған жөн?

Инсулинге төзімділік төмендеген адамдарға қандағы қант деңгейін күрт көтермейтін, жасұныққа бай көмірсуларды таңдаған пайдалы.

Мысалы, қарақұмықтың құрамында D-хироинозитол бар. Бұл заттың инсулинге сезімталдыққа ықпалы зерттеліп жатыр.

Жасымық пен ноқат та пайдалы. Олардың құрамындағы төзімді крахмал ішектегі пайдалы бактерияларға қорек болады. Ал бактериялар бөлетін бутират ішек саулығы мен зат алмасу үдерістеріне оң әсер етуі мүмкін.

Жидектерден таңқурай мен көкжидекке мән берген жөн. Олардың құрамында жасұнық пен қан тамырларының саулығына пайдалы антоциандар бар.

Дәрігер тамақты қандай ретпен жейтініңіз де маңызды екенін айтады.

"Алдымен көкөністерді, содан кейін ақуыз бен майға бай тағамдарды, ең соңында көмірсуларды жеген дұрыс. Егер тамақты қарақұмықтан бастасаңыз, қандағы қант деңгейі тезірек көтерілуі мүмкін. Ал оны соңында жесеңіз, жасұнық пен майлар глюкозаның сіңуін баяулатады", – деп түсіндірді маман.

Тамақтану тәртібі және байқала бермейтін қателіктер

Анастасия Самойлова күніне үш рет тамақтанып, арасында 4–5 сағат үзіліс жасауды ұсынады. Оның кеңесінше, кешкі асты ұйықтардан 3–4 сағат бұрын ішкен дұрыс.

Сонымен қатар, маман құрамында қанты көп сусындарды шектеуге шақырады. Олардың қатарында жеміс шырындары, тәтті смузилер мен шәрбат қосылған латте бар.

Мұндай сусындар адамды қатты тойдырмайды, есесіне ағзаға көп мөлшерде қант түсіруі мүмкін. Қантты шамадан тыс тұтыну бауырда май жиналуына да ықпал етеді.

Дәрігер майсыздандырылған сүт өнімдерін таңдағанда да құрамына назар аударуға кеңес береді. Өйткені кейбір өндірушілер дәмін жақсарту үшін оларға қант пен крахмал қосады.

Ал өңделген ет өнімдерінің кейбір түрлерінде қант, тұз және нитриттер көп болуы мүмкін.

"Тәрелкеңіздегі тағамның құрамын өзгертіңіз. Ағзаңызды пайдалы майлармен және ақуызбен қамтамасыз етіңіз, тамақ арасындағы тіскебасарларды азайтыңыз. Үш аптадан кейін-ақ өзгерістерді байқауыңыз мүмкін. Мәселен, түскі астан кейін тәттіге құмарлық азайып, көңіл күйіңіз жақсарып, бел тұсындағы киіміңіз кеңірек бола бастауы ықтимал", – дейді маман.

Дегенмен инсулинге төзімділікті жақсарту үшін бәріне бірдей үш мезгіл тамақтану немесе тіскебасардан толық бас тарту міндетті емес. Тамақтану тәртібі адамның денсаулығына, қабылдайтын дәрілеріне және күнделікті белсенділігіне қарай таңдалуы керек.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2026 17:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see147

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see140

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see138

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see137

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see132

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see130

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see130

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see129

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see128

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see126

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see124

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see120

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see119

Ақ халаттыға адалдық жарасады

17 Қазан 2026 07:47see117

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see115

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see113

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see112

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see112

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see110

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

17 Қазан 2026 10:38see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары