Сарапшы аптап ыстықта смартфонды қызып кетуден қалай қорғау керектігін айтты
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Аптап ыстықта смартфонды қорғау үшін оны күннің астында ұзақ қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, телефонды көліктің ішінде тастап кетпеу керек. Мүмкіндік болса, құрылғыны көлеңкеде пайдаланған дұрыс, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Аптап ыстықта смартфонды қорғау үшін оны күннің астында ұзақ қалдырмаған жөн. Сондай-ақ, телефонды көліктің ішінде тастап кетпеу керек. Мүмкіндік болса, құрылғыны көлеңкеде пайдаланған дұрыс, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Ыстық күндері смартфонды тікелей күн сәулесінің астында ұзақ ұстамауға кеңес береміз. Оны көліктің ішінде, тіпті аз уақытқа да қалдырмаған жөн. Мүмкіндік болса, телефонды көлеңкеде пайдаланып, ашық ауада көп қуат қажет ететін тапсырмаларды шектеген дұрыс", — деп кеңес берді маман Наталья Голицына.
Телефон қатты қызып кетсе, қалың тысқабын уақытша шешіп қойған дұрыс. Себебі мұндай қап құрылғының табиғи жолмен салқындауына кедергі келтіруі мүмкін.
Ал смартфон қызып кеткен жағдайда оны тоңазытқышқа, мұздатқышқа салып немесе суық сумен суытып әуре болмаған жөн. Температураның күрт өзгеруінен телефонның ішінде ылғал жиналып, электроникасын зақымдауы мүмкін.
Ең дұрысы — телефонды қуат көзінен ажыратып, салқындау әрі көлеңке жерге қою. Құрылғы өздігінен біртіндеп суығаны қауіпсіз.
Сарапшының айтуынша, ыстық ауа райы смартфон қолдануды қауіпті етпейді. Дегенмен мұндай кезде құрылғыға мұқият қараған жөн.
Қарапайым кеңестерді сақтау телефонның қалыпты жұмысын сақтап, аптап күндері де аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Маусым 2026 10:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















