Ресей Каспий теңізіндегі аралынан айырылуы мүмкін
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Каспий теңізінің тартылуы салдарынан Ресей аумағындағы Нордовый аралы біртіндеп құрлықпен бірігіп жатыр. Көлемі 88 футбол алаңына, яғни FIFA стандарттары бойынша шамамен 63 гектарға тең арал алдағы уақытта түбегейлі құрлықтың бір бөлігіне айналуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz SHOT Telegram арнасына сілтеме жасап.
Telegram-арнаның мәліметінше, Кизляр шығанағындағы Нордовый аралы кейінгі жылдары құрлыққа барған сайын жақындап келеді. Су тартылып, таяз бұғаздар кеуіп, ал арал мен жағалау арасында жаңа жер телімдері пайда болып жатыр. Бес жыл ішінде Каспий деңгейі бір жарым метрге төмендеді.
"Егер теңіз осындай қарқынмен тартыла берсе, алдағы 20 жылда су деңгейі тағы 4–5 метрге төмендеуі мүмкін. Онда Нордовый біржола материктің бір бөлігіне айналады. Сонымен қатар, басқа аралдар да жойылып, олардың орнында жаңа түбектер мен құрлық бөліктері пайда болуы ықтимал", - дейді жарияланым авторлары.
Бұған дейін Tengrinews.kz Каспий теңізінің деңгейі төмендеуіне байланысты жаңа арал пайда болғанын хабарлаған еді. Жаңа арал Каспийдің солтүстік бөлігінде, Святой аралынан шығысқа қарай шамамен 500 метр жерде және Маңғыстау облысындағы Баутино ауылынан 30 шақырым қашықта орналасқан.
Мамандардың айтуынша, кейінгі 4–5 жылда Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз суының тартылуынан жаңа құрлық аумақтары пайда бола бастаған.
Атап айтқанда, мұндай өзгерістер Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал, Маякшыққан және Долгий аралдарының маңында байқалып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2026 14:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















