Dodo Pizza ға жасалған кибершабуыл: ІІМ қазақстандықтың ұсталғаны расталмағанын мәлімдеді
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
БАҚ өкілдері ІІМ-нен бұл ақпараттың рас-өтірігін және қазақстандықтың оқиғаға қандай қатысы болуы мүмкін екені анықталған-анықталмағанын сұрады.
"Бұл оқиға Ресей Федерациясының аумағында болған. Халықаралық келісімдерге сәйкес, осы мәселе бойынша Ресей тарапына жүгінген жөн. Алайда біздегі мәлімет бойынша, Қазақстан азаматының ұсталғаны расталмай отыр. Осыған байланысты азаматтарымызға қатысты ешқандай шара қолданылған жоқ", – деп жауап берді спикер.
Сондай-ақ ол Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне ел азаматының ұсталғаны туралы ресми хабарлама түспегенін атап өтті.
2026 жылғы 30 қыркүйекте "Додо Пицца" халықаралық пиццериялар желісіне жасалған кибершабуыл салдарынан миллиондаған адамның дербес деректері хакерлердің қолына түскені белгілі болды. Шабуыл жасағандардың мәлімдеуінше, олардың арасында қазақстандық клиенттердің де деректері болған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Dodo Pizza ісі: ІІМ түсініктеме берді
21 Қазан 2026 18:08
Jaguar Land Rover компаниясына жасалған кибершабуыл шығыны 2,5 млрд доллардан асты
23 Қазан 2025 04:03
Ливан Израильмен жасалған бітімгершіліктің бұзылғанын мәлімдеді
17 Сәуір 2026 14:44
Иран Әзербайжанға жасалған соққыға қатысы жоқ екенін мәлімдеді
06 Наурыз 2026 01:03
“Әріптестермен байланыстамыз“. ІІМ Стамбулда қазақстандықтың өлтірілуіне қатысты түсініктеме берді
08 Сәуір 2026 17:16
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 14:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















