Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Допинг даңққа апармайды

Допинг даңққа апармайды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мұндай деректер ірі жанжалға ұласып, спортшылардың дисквалификациялануына, ал елдердің спорттық беделіне нұқсан келтіріп отыр. Жақында ғана Qazaq Style лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлы да допингтің кесірінен «қара тізімге» ілінді.

Жалпы алғанда, допинг сөзін ағылшыннан аударсақ, «есірткі» деген мағынаны береді екен. Ол қарапайым тілмен адам организмнің физика­лық немесе психологиялық белсенділігін уақыт­ша күшейтетін заттар. Соған орай спорт­шылар жарыс кезінде не жарысқа дайындық барысында осы препараттарды қолданып, төзімділігін арттырады-мыс. Әрине, бұлардың рұқсат етілген түрімен қоса рұқсат етілмегені де бар. 

Спорт дәрігері Азамат Нұрматовтың айтуын­ша, тыйым салынған дәрілерді қолдану – спорт­шылар үшін өте зиян.

– Допинг – спортшының жарыстағы нәти­жесін жасанды түрде арттыру мақсатында қолданатын дәрі-дәрмек. Тыйым салынған препараттардың көпшілігі күнделікті медицинада да кездеседі. Қазір Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) тізіміне енген заттардың біразы Қазақстан медицинасында кеңінен қолданылады. Елімізде дәріханалар мен меди­цина­лық мекемелерде сатылатын мұндай препараттардың саны 10 мыңнан асады. Оның үстіне, бір ғана дәрінің бірнеше баламасы болуы мүмкін. Осы себепті спортшылардың қателесіп, тыйым салынған затты байқамай қабылдау жағдайлары жиі кездеседі, – дейді маман.

Сонымен қатар дәрігердің айтуынша, пре­парат­тарды қолданғанда сақ болу қажет.

– Арнайы спортта қолданылатын, гормонал­дық жүйеге әсер ететін препараттар бар. Мұндай дәрілер жүрек-қан тамыр жүйесіне ауыр салмақ түсіріп, инфаркт, инсульт немесе гормондық бұзылуларға алып келуі мүмкін. Әсіресе, тестос­терон мен анаболикалық стероидтар адам ағза­сына аса қауіпті саналады, – дейді Азамат Нұрматов.

Тыйым салынған препараттар

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы (KazNADC) 2025 жылы кәсіби спортта тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданғаны үшін ұсталған отандық спортшылардың тізімін тағы да толықтырды. Биыл еліміздің сегіз спортшысы допинг дауына ілінген.

Бір қызығы, допингке ең жиі ұшырайтын спорт түрі – ауыр атлетика. Бұл үрдіс былтыр да өзгермеген. Ауыр атлетиканың төрт өкілі KazNADC шешімімен уақытша жарыстардан шет­тетілді. Нұрхан Салаутов пен Азатжан Зинетов екі жылға дисквалификация алса, Ирина Ни­конороваға үш жылдық жаза қолданылды. Ал Андaс Самарқанов допингті екінші рет пайда­ланғаны үшін ең қатаң жазаға ілікті. Оның сы­намаларынан анаболикалық стероид, метан­диенон анықталып, нәтижесінде Жетісу өңірінің спортшысы сегіз жылға спорттан шеттетілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда допинг үшін дисквалификация мерзімін өтеп жатқан спорт­шы­лардың саны аз емес. KazNADC-тің «қара тізімінде» 25 спорт түрінен 93 қазақстандық спортшы бар. Бұл жақта да спортшылардың көп бөлігі ауыр атлеттер екен. Қазір 37 ауыр атлет ілінген, яғни жазаға іліккендердің  40 пайызы осы спорт түріне тиесілі. Қалған спорт түрлерінен: пауэрлифтингтен – 11, еркін күрестен – 5, грек-рим күресінен – 4, жеңіл атлетикадан – 4, каноэ есуден – 3, велоспорттан – 3, бокстан – 3, сам­бодан – 3, ММА-дан 3 адам дауға қалған.

Жалпы алғанда, 93 қазақстандық спортшы кәсіби спортта тыйым салынған 114 түрлі пре­паратты қолданғаны үшін жауапкершілікке тар­тыл­ған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш допингтің әлі де жүйелі проблема екенін көрсетеді.

Қазақстандық спортшылар көбіне бірнеше тыйым салынған препараттарды қолданамын деп жапа шегеді.  Оралтуринабол («турик») – 13 жағдай. Бұлшық ет күші мен төзімділікті арттыра­ды, бірақ жүрек-қан тамырлары мен бауырға ауыр зиян келтіреді. 

Дростанолон («Мастерон») – 11 жағдай. Көбіне «кептіру» кезеңінде қолданылады, ағзаға кері әсері бар.

Метандиенон – 11 жағдай. Бұлшық ет масса­сын арттырады, гормоналдық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

SARMs – 10 жағдай. Ұзақмерзімді салдары толық зерттелмеген, бауыр мен гормоналды жүйеге қауіпті.

Мельдоний («Милдронат») – 8 жағдай. Төзімділікті арттыру үшін қолданылғаны үшін тыйым салынған.

Метастерон (Superdrol) – 8 жағдай. Бауырға қатты уытты әсер етеді.

Фуросемид – 7 жағдай. Тыйым салынған заттарды жасыру үшін қолданылатын диуретик.

Экзогенді тестостерон – 5 жағдай. Гормо­налдық тепе-теңдікті бұзып, денсаулыққа қауіп төндіреді.

Мансабынан айырды

Иә, ағзасынан тыйым заттар табылып, біраз спортшының спорттық мансабы аяқталды. Спорт журналисі Аслан Қаженовтің айтуынша, отандық спортта допингке қатысты бұған дейін де түрлі дау болған. Қазір әлеуметтік желілердің дамыған заманы болғандықтан, мұндай ақ­параттар бірден ел аузына шығып отыр. Әсіресе, допинке кел­генде біз өзімізді өзіміз ұстап беріп жатырмыз.

– Бұған дейін допинг қолданғандарды шеттету дұрыс деп ойлап келдім. Яғни, тыйым салынған препаратты қолдануға болмайды және осындай жағдай анықталса, қатаң жазалау қажет деген пікірде болдым. Бірақ жуырда мәселеге тереңірек үңіліп қарасам, мұның астары басқада екен. Біздегі допингке қарсы орталық жыл сайын спортшылардан 3 мың сынама алып, шетелге тексеруге жібереді екен. Бұл – өте көп. Мәселен, көрші Қырғыз елі – 10, Өзбекстан – 100, ал Беларусь 300 ғана тапсырады, – дейді Аслан Қаженов.

Оның сөзінше, көптеген сынама өткізу спорт­шыларға кері әсерін тигізіп жатыр. 

– Үш жыл бұрыңғы спортқа жауапты минис­трліктің кеңейтілген отырысында 100-ге жуық спорт­шының ұсталғаны ауыз толтырып баян­далып еді. Былай қарап тұрсаңыз, 100 спортшы дегеніміз – 100 адам, 100 тағдыр ғой. Осы жерде бір сұрақ туындайды. Біз оларды неге өзіміз ұстап беріп жатырмыз? Олардың алдағы өмірі біреуді алаңдатпай ма? Әдетте, осыншама сынама өткерген спортшыдан қайтсе де бір препарат тауып алуы әбден мүмкін. Өйткені әртүрлі жағдай болады. Ауырады, дәрі ішеді, демалады, бірдеңе жейді. Тағысын тағы солай кете береді, – дейді сарапшы.

Жауапкершілік кімнің мойнында?

Бұқара халықтың арасында «спортшылар неліктен допинг дауына неге көп ілігіп кетті?» деген сұрақтар жиі қойылады. Спорт дәрігері Азамат Нұрматов «допингті қолдану – спорт­шының өзіне байланысты»  екенін баса айтқан болатын.

– Еліміздің антидопингтік кодексіне сәйкес, тыйым салынған зат анықталған жағдайда толық жауапкершілік спортшының өзіне жүктеледі. Яғни, заң жүзінде жаттықтырушының, ата-ананың немесе дәрігердің кінәсі қарастырыл­майды. Спортшы не жейтінін, қандай дәрі қабылдайтынын өзі шешеді, сондықтан салдары үшін де өзі жауап береді, – дейді дәрігер.

Маманның пікірінше, допинг дауларының негізгі себебі спортшының немқұрайлығында жа­тыр. Ал кәсіби деңгейде өнер көрсететін атлет­терге қатысты бұл жауапкершілік тек спортшыға ғана емес, бүкіл командаға қатысты болуға тиіс. Себебі жоғары деңгейдегі спортта әрбір маман допингтің алдын алуға жауапты.

– Спортшының деңгейі неғұрлым жоғарыла­ған сайын, бақылау мен тексеріс те соғұрлым күшейтілуі керек. Дүниежүзілік антидопинг агенттігі (WADA) тыйым салынған препараттар тізімін жыл сайын жаңартып отырады. Сол өзгерістерді қадағалап, талдап, спортшыға дер кезінде түсіндіріп отыруға тиіс. Мәселен, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап WADA бұған дейін еркін қолданылып келген кейбір витаминдер мен қоспаларды енді тыйым салынған заттар қатарына енгізді. Олардың қатарында фламодафинил мен фладрафинил ресми түрде енгізілді. Бұл – мода­финилге ұқсас, жүйке жүйесіне айтарлықтай әсер ететін күшті стимуляторлар. ТМД елдерінде олар көбіне «зейінді арттыратын қоспалар» ретінде еркін сатылып келді. Алайда енді бұл заттар допинг ретінде қатаң тыйым салынды, – дейді Азамат Нұрматов.

«Сақтансаң – сақтайды» деген бар. «Допинг дауына ілінбейміз» десек, жоғарыда дәрігер айтқан препараттардан сақтанған жөн секілді. Ол үшін спортшы да бақылауды күшейтіп, өз-өзіне немқұрайлы қарамағаны абзал. Әйтпесе, «жеңіске жеттім» деп желпініп жүргенде, бір бүйірден «допинг дауы» шыға келмесіне кім кепіл?!

Әсет ҚАЛИ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 07:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары