Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Асығыс салынған жол алысқа апармайды

Асығыс салынған жол алысқа апармайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтайда Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий халық­аралық көлік дәлі­зіне тө­телей шыға­тын авто­көлік жолын салуды тап­сыр­ған еді. Тұтас Торғай өңіріне тың серпін бере­­тін ауқымды жоба­ны іске асыруға кіріскен «ҚазАвтоЖол» ұлт­тық ком­­па­­ния­­сы­ның мәліме­тінше, бүгінде «Орталық – Батыс» көлік дәлізі өтетін жол­­­сыз жерлерде геодезия­лық жұ­мыс­ жүріп жатыр.

Жол құрылысында аса маңызды аталған геодезиялық зерттеу жұмысы аясында жаңа жол түсетін жердің ерекшелігі, жер астындағы топырақ қыр­тысы, оның құрамы зерттеледі. Сондай-ақ күре жолдың топографиялық сұлбасы сызылып, қай тұста нені ескеру керек, жол бойында неше сай бар, неше көпір салынуы керек, жолды тасқын су шайып кетуі мүмкін жерлерде нендей қауіпсіздік шаралары қарастырылуы қажет деген тәрізді маңызды мәселелер бүге-шігесіне дейін зерттеліп, пысықталады.

«Мұны жобалық-іздестіру жұмыс­тары деп атаймыз. Жол түсетін аумақта жер астында мол қазба байлық қоры жатуы да мүмкін. Қараша айының соңына де­йін жер қыртысындағы материалдар­ды алу жұмысы жүрді. Желтоқсан айын­да зерт­х­аналық-сынақ жұмыстары бас­тала­ды. Қай жерде не бар, жол қай маң­нан түсу керек, қай жерден айналып өте­ді деген мәселелерді анықтап аламыз. Одан кейін осы жобалық-іздестіру жұ­мы­сы қорытындысының негізінде жол­ды жоба­лау жұмысы басталады», дейді «Қазавтожол» ұлттық компаниясы облыс­тық фи­­лиа­лының директоры Серік Қарабеков.

Мамандардың айтуынша, келешекте «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің үсті­мен тәулігіне шамамен 3 мыңдай авто­көлік өтетін болады. Оның дені – сал­мағы ауыр жүк көліктері. Жол бойын­да жатқан 13 елді мекенде 70 мың халық тұрып жатыр. Ендеше, осы елді мекен­дердің өркендеуіне, тұйықта қалған өңір­дің транзиттік әлеуетінің артуына ерек­ше серпін беретін жаңа жолдың құрылысы да ерекше мұқият болуды қажет ететіні түсінікті. Мұндай ауқымды әрі күрделі инфрақұрылымдық жобаның атүсті, асығыс салына салмайтыны да белгілі.

Торғай өңірінің халқы тағатсыздана күткен күре жол­дың құрылысы алдымен Арқа­лық қаласының шығыс бөлігі­нен бас­талады. «ҚазАвтоЖол» филиалының мәлі­метінше, бұрыннан бар «Астана – Егін­дікөл», «Арқалық – Торғай» жолы қай­та жөндеуден өтеді. Бұл жолдар ке­ңей­тіліп, су өткізетін, жұрттың малы, жа­ба­йы жануарлар өтетін құбырлар, жаңа көпірлер, жол айырықтары, айналма жол­­дар салынады. Жалпы құрылыс 21 учас­­ке­ге бөлініп, әр аумақтың мердігері анық­­талып, бекітіліп қойған. Ал тыңнан тү­р­ен салатын тақыр далаға түсетін жол­дың ұзындығы 600 шақырым болады.

Көптің көзіне түсе қой­майтын кешенді дайындық жұмыс­тарының жүріп жатқанына қарамастан, біраз уақыт бұрын «Президент тапсырған «Орталық – Батыс» күре жолы Торғай емес, Ұлытау жақпен өтетін болыпты» деген жалған ақпарат шығып, ел ішін дүрбелеңге салғаны да рас. Қау еткен қауесет толастамаған соң, облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық, Торғай өңіріне арнайы барып, халықпен жүздесіп, мән-жайды түсіндірген.

«Әртүрлі әңгімені естіп отырмын. Бұл жол тек осы бағыт­пен салынатынын ресми түрде айтқым келеді. Сондықтан алаң­дамаңыздар. Президент­тің тап­сырмасын ешкім өзгерте ал­май­ды. Ол жағынан еш уайым бол­ма­сын. Үш апта бұрын мен Прези­дент қабылдауын­да бо­лып, атқарыл­ған жұ­мыс ту­ра­лы есеп бердім.

Қасым-Жомарт Кемелұлына сіздер­дің алғыстарыңызды жеткіздім. Мем­ле­кет басшысы: «Бұл тапсырманы Торғай халқының тұрмысы жақсы болу үшін беріп отырмын. Жол міндетті түрде салынуы керек. Сондықтан облыс басшылығы менің тапсырмамды жіті бақылауда ұстауы керек» деп сіздерге де арнайы сәлем жолдады. Бұрын Арқалықтан Астанаға дейін ескі жолмен баратын болсақ, титықтап 600 шақырым жүретін едік. Жаңа жолмен 374 шақырым ғана болады. Бұл жол ең алдымен осы өңірдің экономикасының өсуіне негіз қалайды. Қазір де біраз қаражат бөліп жатырмыз. Арқалықтың биылғы бюджеті 32 млрд теңгеге жетіп қалды. Мұны 2022 жылмен салыстырсақ, қала бюджеті 60% көбейіп отыр. Президент Жолдауында Үкіметке Торғайды дамы­туға айрықша назар бөлу туралы тапсырма бергені де баршаға аян. Өңір тынысы, дамып-жетілуі сапалы жолға тікелей байланысты. Облыста жол құры­лысы саласына қыруар қаржы бөлініп отыр. Оның қомақ­ты үлесі Торғай өңіріне бағытталды. Мәсе­лен, биыл Торғай өңіріне 102 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы – былтырғыдан 40% көп. Нәтижесінде, 1 300 шақырым автожол, 103 елді мекенде 400 көше жөндел­ді. Ай­­талық, Арқалықта 40, Жанкелдин ауда­­­нында 24 көше, Аманкелдіде 5 көше қа­­­лып­қа келтірілді. Бұл бағыттағы жұ­мыс­­­­тар үздіксіз жалғаса береді», деді әкім.

«Орталық – Батыс» көлік дәлізі жобасына белсенді атсалысқан экономика ғылымдарының докторы, профессор Аяпберген Таубаевтың айтуынша, жаңа магистраль өңірдің көлік-логис­тикалық әлеуетін арттырумен қатар, Торғай өңірін дамытуға негіз болады.

«Жолдар – экономиканың күре тамыры деп тегін айтылмаған, олар ел ішіндегі және халықара­лық экономикалық байланыстар­дың дамуына жоғары серпін береді. Әлемдік тәжірибеге, оның ішін­де көлік-логистикалық тұрғы­дан дамыған АҚШ тәжірибесіне сүйенсек, ел ішіндегі жолдардың дамуы экономикадағы еңбек өнімділігінің 25%-ға дейін өсуіне мүмкіндік береді. Қазақстанда кеңес дәуірінен бері негізгі көлік артериялары «Оңтүстік – Солтүстік» бағыттарында орналасқан. Бұл «Шығыс – Батыс», «Орталық – Батыс» бағыттарында жүк тасымалдаудың логистикалық шығынын едәуір арттырып отыр. Мұның сыртында, елімізде жолаушылар айналымы­ның 97%-дан астамы, жүк айналымының 2,5%-дан астамы автокөліктің үлесінде. Осы­ны ескерсек, «Орталық – Батыс» бағытын­да көлденең көлік магистралдарын салу жүктерді жеткізу, халықтың қатынас маршруттары мен уақытын айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сол тұрғыда Президент ұсынған жаңа магистраль осы мәселелерді түпкілікті шешуге жол ашады», дейді А.Таубаев.

 Ғалымның пайымынша, «Орта­лық – Батыс» автожолының тағы бір артықшылығы – еліміздің Орталық, Шығыс, Оңтүстік өңірлері арасындағы жүктерді екі бағытта да Ақтау қаласын­дағы теңіз порты арқылы неғұрлым үнемді тәсілмен тасымалдауға мүмкін­дік туады. Бұл, сонымен қатар, көлік шығындарын үнемдеуге, елдің транзиттік әлеуетін дамытуға қосымша серпін береді. Жаңа магистраль еліміздің орта­лық, батыс өңірлерінің, бірінші кезекте Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының өңіраралық байланысының нығаюына ықпал ететін болады. Сондай-ақ бүгінде логистикалық кедергілерге байланысты өнім өткізуде қиындыққа тап болып отырған жергілікті кәсіпкерлердің инвестициялық, іскерлік белсенділігі артады. Бұл жайт Орталық, Шығыс, Оңтүстік өңірлердің экономикасын дамытуға мультипликативті әсер етеді. Яғни аталған жобаға жұмсалған 1 тең­ге, бірнеше есе артық әлеуметтік-эконо­микалық пайда алып келуі мүмкін.

«Нақты айтсақ, аталған өңірлердің инвестициялық, іскерлік белсенділігі, салық төлемдері артады. Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады. Мәселен, тек Жангелдин ауданында ғана жол бойында қызмет көрсететін бизнес нысандарында 500-ден астам, жол-пайдалану бөлімдері мен осы салаға қатысты кәсіпорындарда 180 жұмыс орны ашылады. Сондықтан Мемлекет басшысының жаңа магистраль жобасы Торғай өңірінің дамуына жаңа леп әкелетін игі бастама екені даусыз», дейді экономист-ғалым.

Таяуда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Торғай өңірін дамытуға, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін келешегі зор жобаларды қарауға арналған жиын өт­­­кіз­­ді. Оған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сы төралқа төрағасы Райымбек Батталов, бірқатар вице-министр, мем­ле­кеттік органдардың, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Торғай өңірін дамыту­дың сан тарау жол­дары қа­рас­­тырылған алқалы жиы­н­­­­да жол инфрақұрылымын дамы­­ту мәсе­ле­сі де сөз болды. Атап айт­қанда, «Астана – Ырғыз» тас жолында жанармай құю стансаларын салу мәселесі пысық­талды. Қазір бұл учаскеде екі жанар­май бекеті жұмыс істеп тұр. Алайда жол­дың ұзақтығы ескеріліп, Егіндікөл мен Жангел­дин аудандарында қосымша кешен салу қажет екені айтылды. Аталған бағыт­та жұмыс істеп жатқан «PetroRetail» ком­па­ния­сы желіні дамыту, жанармай бекет­т­ерін көбейту жөнінде ұсыныс айтты. Соны­мен қатар компания басшы­сы Торғай өңірінде жол бойында қызмет көрсете­тін за­манауи қонақүй салуға ниетті екенін жеткізді.

Облыс әкімдігінің мәлі­метінше, «Орта­лық – Батыс» көлік дәлізінің құрылы­сы 4 жыл ішінде толық аяқталуға тиіс. Құрылыс жұмыстарына шамамен 6 мыңдай адам, 4 мыңнан астам техника жұмылдырылады.

Қостанай облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары