Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дос Көшім: Bице президент қызметіне келетін адам болашақ президент сайлауындағы бірінші үміткер

Дос Көшім: Bице президент қызметіне келетін адам болашақ президент сайлауындағы бірінші үміткер

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда билік жүйесіне қатысты ауқымды өзгерістер ұсынылды: Парламентті «Құрылтай» деп атау, Халық кеңесін құру, вице-президент институтын қайта енгізу бастамалары референдум арқылы бекітілуі мүмкін. Бастама ел арасында "Қазақстан жаңа конституциялық модельге өте ме?» деген сауал туғызғаны рас. Бірақ саясаттанушы Дос Көшім бұл өзгерістерді «саяси реформа» деп атауға келмейді деп санайды.

– Дос аға, Президент ұсынған саяси реформа біздегі билік архитектурасын қалай өзгертеді?

– Менің ойымша, бұл саяси реформа емес. Бұл ең көп дегенде құрылымдық жүйенің атауларын өзгерту, не болмаса жаңа бір лауазым қосудың амалдары. Өз басым мұны «саяси реформа» деп атағым келмейді. Сол себепті түбегейлі ештеңе өзгермейді дер едім. Билік жүйесі де сол қалпында қалмақ.

– Парламентті "Құрылтайға" айналдырудың саяси мәні неде?

– Парламент атауын «Құрылтай» деп ауыстырудың саяси мәні жоқ. Себебі «құрылтай» сөзінің мағынасы – халықтың басы қосылып белгілі бір мәселені шешетін жиын. Ол бес немесе он жылда бір рет шақырылуы мүмкін. Ал жаңа атау берілгелі отырған мекемеде адамдар күн сайын жұмысқа барып, айлық алады. Бұл қазақтағы «құрылтай» сөзінің мағынасына сай келмейді.

Енді осындай жағдайда ертең бір қиындық туса, халық басына күн туған сәтте біз құрылтай өткізе аламыз ба деген сұрақ туады. Осы өзгеріс арқылы сөздің түп мағынасын өзгертіп жатырмыз. Сондықтан қазақ тағы бір сөзінен айырылды десем артық емес. Өйткені мағына жоғалса – сөз де жоғалады.

Демек, іс жүзінде тек Парламенттің атауы ауысты. Жұмыс істейтін адамдар саны да, қызметі де, ішкі құрылымы да сол қалпында қалды. Осының бәрін ескерсек, шынайы өзгеріс жоқ деуге толық негіз бар.

– Вице-президент институтын енгізу билік жүйесіндегі тепе-теңдікке қалай әсер етеді?

– Вице-президент – бұл қосымша лауазым және мен бұл бастаманы қолдаймын. Себебі президенттің жанында міндетті түрде оның жұмысын жалғастыра алатын адам болуы керек. Келеңсіз жағдай орын алса, мемлекет басқаруы үзілмей жалғасуы тиіс. Мысалы, Қырғызстанда Ақаев пен Бакиев қашып кеткен сәтте, халық не істерін білмей қалды. Ертең бізде де сондай жағдай болып қалса, оның орнына түсетін дайын адам болуы керек.

Дегенмен халықтың билікке деген көзқарасын ескерсек, ондай жағдайда екеуі де қашып кетуі мүмкін деген сарказм бар. Жалпы бұл бастаманы йөткенге оралу" деп те бағалауға болады. Өйткені 1990 жылдары бізде вице-президент лауазымы болған. Ресейде де үш жылдай болды, кейін алынып тасталды. Авторитарлы жүйеде мұндай лауазымның қажеті жоқ.

Ал бізде бұл қызметті қайта енгізудің себебі бар секілді. Менің болжамым, бұл алдағы президент сайлауына қатысты. Әдетте билік өз кандидатын ұсынады, бірақ процесті «шынайы» етіп көрсету үшін сол уақытта ұсынылатын адамның бірі вице-президент болып тағайындалған болуы ықтимал. Сонда ол қызмет барысында бедел жинайды, «президенттің орнын баса алады» деген қоғамдық пікір қалыптасады.

Сондықтан менің ойымша, вице-президент қызметіне келетін адам – болашақ президент сайлауындағы бірінші кезектегі үміткер. Яғни, бұл стратегиялық есеппен қайта ашылған лауазым деп ойлаймын.

– Халық Кеңесінің құрылуы қаншалықты қажет шешім болды және оның саяси салмағы қандай болмақ?

– Халық кеңесінің бір ғана жақсы жағы бар деп ойлаймын – бұл Қазақстан Халқы Ассамблеясының саяси аренадан кетуінің белгісі. Көптен бері айтылып жүрген мәселе: Ассамблея қазақ халқының мүддесін қорғай алмады, керісінше елдегі этностардың бөлінуіне әсер еткен сияқты. Көпшілік оны тек ән-бимен шектелетін ұйым ретінде қабылдады, бірақ оның саяси рөлі де болғаны рас. Өкінішке қарай, бұл рөл демократия тұрғысынан да, қазақ ұлтының мүддесі тұрғысынан да жағымсыз. Сондықтан Халық кеңесінің келуі – Ассамблеяның кетуіне себеп болған дұрыс шешімдердің бірі.

Алайда конституция бойынша Халық кеңесі – Президент жанындағы кеңесші орган және оның мүшелерін Президент тағайындайды. Бұл демократияға сай келмейді дер едім. Кешегі Құрылтайда айтылған бастамалардың көбісі халықтың билікке әсерін шектеу сияқты көрінді. Президентке қосымша құқықтар берілді. Соның бірі – Халық кеңесін тағайындау құқығы. Егер оны халық сайламаса, ол «Халық кеңесі» болмайды. Халық жер-жерден өз өкілдерін өзі таңдауы тиіс. Ал оның мүшелерін Президент тағайындап, оны халық кеңесіне деуі ешқандай шеңберге сыймайды.

Бұл кеңестің салмағы үлкен болғалы тұр. Меніңше, оның басына Сенат төрағасын қоюы әбден мүмкін. Бұл ұйым биліктің бағытын жақтайтын «халық дауысы» рөлін атқарады. Билік «біз халықпен кеңестік, халық осындай бастама көтерді» дегенді көрсету үшін пайдаланады. Өйткені Конституция бойынша бұл орган «заңды күші бар бастамалар көтере алатыны» жазылады. Бұрын мұндай бастамаларды әртүрлі ұйымдар көтеретін: біресе ардагерлер кеңесі, біресе Ассамблея. Енді бәрі бір орталықтан шығатын болады: бір бақылау, бір ұстаным. Оның үстіне “Халық кеңесі” деген атауы да өте тамаша. Бұл саяси тәсіл деп ойлаймын.

Бесінші Құрылтайда айтылған ұсыныстардың ішінде транзитке қатысы бар жалғызы – вице-президент институты. Қалғанының бәрі авторитарлы билікті одан сайын біріктіріп, халықты шешім қабылдау процесінен алыстата түсетін құралдар сияқты. Сондықтан бұл реформалар билік транзитіне арналған деп айта алмаймын. Билік жүйесі сол қалпында қалды.

Болашақта президент кім болса да, жүйе өзгермейді. Сондықтан оған арнайы үлкен реформа жасаудың қажеті жоқ, тек адамды дайындаса жеткілікті. Вице-президент лауазымының пайда болуы да осы бағыттағы қадам деп ойлаймын.

– Партиялық өту межесінің 5% болып қалуы саяси бәсекені күшейте ала ма?

– Бұл сұрағыңыз өте қызықты. Бірақ, біз, шын мәнінде, саяси бәсекені көріп отырмыз ба? Әрине, елімізде 5-6 партия бар, бірақ олардың арасында бәсекелестік байқалмайды. Сайлауға дейін «Аманаттан» басқа партиялардың өзін көрмейміз. Ал сайлаудан кейін Парламентке өткен соң шулы пікірталас, әр партияның заң жобаларын өткізуге талпынысы, бір-бірін жоққа шығару сияқты әрекеттер бар ма?! Негізінде, бізде ешқандай саяси бәсекелестік жоқ. Себебі бұл партиялардың барлығы да биліктің рұқсатымен тіркеліп, сайлауға қатысады. Бұл – талас тудырмайтын факт. Сондықтан олардың арасында бәсекелестік болуы мүмкін емес. Тіпті Парламентте қанша орын кімге берілетіні де жоғарыда алдын ала шешіліп қойылады деп ойлаймын. Бұл да таңғаларлық дүние емес.

Сондықтан 5 пайыз болсын, 7 пайыз болсын, тіпті 3 пайыз болса да айырмасы жоқ. Шынайы саяси бәсеке болуы үшін партиялар төменнен құрылуы қажет. Қоғамда белгілі бір идея, ұстаным, көзқарас қалыптасып барып, содан партиялар шығуы тиіс. Біз ол деңгейге жеткен жоқпыз. Бізде көппартиялы жүйенің тек сыртқы формасы ғана бар: заң жүзінде ресми түрде мойындалған, бірақ шын мәнісінде бір-бірімен бақталасып жатқан партиялар жоқ.

– Бұл өзгерістер референдум арқылы қабылданса, Қазақстан мүлдем жаңа конституциялық модельге өтеді дейміз. Сіздіңше, елдің саяси мәдениеті, элита және қоғам мұндай модельге дайын ба?

– Бұл өзгерістерді жаңа конституциялық модель деп атай алмаймын. Құрылымдық деңгейде атаулар өзгерді, жаңа лауазым қосылды, Парламенттің атауы ауысады – болды. Мұны саяси реформа деп атау қиын.

Біріншіден, біздің саяси мәдениетіміз төмен. Элитамыз жасқаншақ әрі жағымпаз, қоғам бейжай және бейтарап. Мұндай жағдайда ешқандай конституциялық өзгерістер болады деп күтудің қажеті жоқ.

Бұл Құрылтайдан өзгеше нәрсе күттік. Шын мәнінде, бұл жолы Құрылтайдағы Президенттің сөзін жасырын ұстап отырды. Мұндайды демократиялы елден күту қиын. Соңғы 2-3 жылда «жабық сот» дегенге де үйрене бастадық. Президент те «конституциялық реформа» деп құлағымызды елең еткізді. Бірақ ол мен атап өткен 5-6 бағыттағы өзгерістер ғана. Олар елдің конституциялық құрылымына әсер етпейді, сондықтан саяси реформа деу қиын.

– Сұқбатыңызға рақмет!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 16:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары